Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2010 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында атқарған жұмысы туралы АҚпарат



жүктеу 52.18 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі52.18 Kb.



Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің

2010 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында атқарған

жұмысы туралы

АҚПАРАТ
2008-2010 жылдарға арналған Өскемен қаласының халқын жұмыспен қамту жүйесін жетілдіру бойынша іс-шаралар жоспарымен 2010 жылы 9000 адам өтініш жасайтыны қарастырылды, соның ішінде еңбек делдалдығына – 6300, кеңес алуға – 2700. 2010 жыл ішінде 7020 адам өтініш жасады, ол 2009 жылдың сәйкес кезеңінде-гіден 2024 адамға артық.

2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еңбек нарығында тіркелген жұ-мыссыздар саны 1103 адамды құрайды, ол өткен жылдың сәйкес кезеңіндегіден 572 адамға аз. Халықтың экономикалық белсенді санынан тіркелген жұмыссыздар үлесі 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 0,7 %-ды құрады, 2010 жылғы 1 қаңтарға – 1,0 %-ды құрады.

2010 жылы 4900 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланды, соның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына 140 адамды. Есеп беру кезеңінде 11145 адам жұ-мысқа орналасты немесе өтініш жасағандар санынан 80 %.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 1998 адам жолданды, сонымен қатар жұмыс-пен қамту бағдарламасы бойынша жұмыссыздар санынан 141 адам немесе жоспарға 100 %, ЖК бойынша – 1857 (жоспарға 185 %). Қаржыландыру жоспары жұмыспен қамту Бағдарламасы бойынша 2440,0 мың теңгені құрайды, игерілді – 2440,0 мың теңге. ЖК бойынша қаржыны игеру 100 %-ды құрайды.

Кәсіптік оқытуға 2374 адамды жолданды, олардан 500 – жұмыспен қамту Бағ-дарламасы бойынша, 1874 – Жол картасы бойынша. Қаржыландыру жоспары жұ-мыспен қамту Бағдарламасы бойынша 15805,0 мың теңгені құрайды, игерілді – 15805,0 мың теңге.

Жастар іс-тәжірибесіне 1024 адам жолданды, сонымен қатар жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша – 121, ЖК бойынша – 903. Қаржыландыру жоспары жұмыс-пен қамту Бағдарламасы бойынша 5427,0 мың теңгені құрайды, игерілді – 100 %. ЖК бойынша қаржыландыру жоспары 100 %-ды құрайды.

Қоғамдық жұмыстарға ағымдағы жылы 1250 жұмыссызды жолдау жоспарла-нуда, жыл басынан 1363 жұмыссыз жолданды, оның ішінде 1074-і әйел адамдар, 24 жасқа дейінгі жастар – 557. Қоғамдық жұмыстарда жұмыс істейтіндер, жұмыс-сыздар қатысты:

- қала аумағын тазалауға ТҮКШ ұйымдарына көмек – 222 адам;

- өңірлік қоғамдық кампанияларды өткізуге – 453;

- жұмыстың басқа түрлеріне (ғимаратты, тұрғын үйлерде баспалдақ тор көз-дерін жинау, құқықтық тәртіпті қорғау, соның ішінде саяжайлық учаскелерде) – 152.

Қаржыландыру жоспары 100 %-ды құрайды.

2010 жылы 4800 жұмыс орнын құру қарастырылды. 2010 жылы – 5216 жұмыс орны құрылды, 2009 жылдың сәйкес кезеңінде 5047 жұмыс орны құрылды.

Есеп беру кезеңінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Өскемен қаласы әкімдігінің «Істер басқармасы» КМҚК филиалдарымен бірлесе оты-рып қайырымдылық көмекті қоса алғанда материалдық және табиғи көмек қаланың 59077 аз қамтылған азаматына жалпы сомасы 461,4 млн. теңгеге көрсетті, соның ішінде: 2340 адам санымен 1887 аз қамтылған отбасына жалпы сомасы 26,8 млн. теңге тұрғын үй көмегі (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда алушы отбасылардың саны 2,6 есеге азайды, төлем сомасы 1,4 есеге азайды); 435 адам санымен 177 кедей отбасына 8673,3 мың теңге мемлекеттік атаулы әлеу-меттік көмек (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда алушылардың саны 1,2 есеге азайды, төлем сомасы 1,1 есеге азайды); 633 бала санымен 376 отбасына жалпы сомасы 6279,3 мың теңге 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы төленді (өт-кен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда алушылардың саны 1,1 есеге азайды, төлем сомасы 1,1 есеге көбейді); 3740,0 мың теңге сомасында біржолғы материал-дық көмек 708 аз қамтылған қала тұрғынына бөлінді (өткен жылдың сәйкес кезеңі-мен салыстырғанда алушылар саны және төлем сомасы бұрынғы дәрежеде сақтал-ды); коммуналдық қызметтерді төлеуге материалдық көмек төленді: 612 ҰОС қаты-сушысы мен мүгедегіне 33,8 млн. теңге сомасында; ҰОС мүгедектері мен қатысу-шыларына теңестірілген 2973 азаматқа 115,0 млн. теңге сомасында; Ауғаныстанда қайтыс болған жауынгерлердің 10 отбасына 570,0 мың теңге сомасында, Қазақстан Республикасының және облыстың алдында еңбегі сіңген 296 дербес зейнеткерге 6,9 млн. теңге сомасында төленді; облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуын тө-леуге 44 студентке 11,5 млн. теңге сомасында әлеуметтік көмек көрсетілді.

Аз қамтылған қала тұрғындарын әлеуметтік қолдау бойынша қабылданған ша-ралар орташа күнкөріс кірісі кедейлік деңгейінен төмен азаматтар санын 1760 адамға дейін төмендетуге мүмкіндік берді.

«Қайырымдылық» айлығы аясында 25345 ардагерге 43,8 млн.теңге сомасына әлеуметтік көмектің және қолдаудың әр түрі көрсетілді.

Қала әкімі аппараты бөлімдерінің, қалалық мекемелер басшыларының 36 жалғыз басты зейнеткерді және мүгедекті қамқорлыққа алу тәжірибесі жалғас-тырылуда, 2008 жылдың мамырынан қалалық бөлімдер Ауғаныстанда қайтыс бол-ған жауынгерлердің 9 отбасына үнемі қамқоршы болу үшін бекітілді. Үнемі 336 адам санымен 93 оралман отбасымен жұмыс жүргізіліп отырады.

2010 жылдың басынан Ұлы Отан соғысы жылдарындағы еңбек өтілін анықтау бойынша арнайы комиссия 2865 өтінішті қарады, олардың 1665-і «тыл еңбеккері» мәртебесін алды, 35-інен растайтын құжаттардың жоқтығынан бас тартылды, 1165 өтініш бойынша жұмыс жалғасуда (сұрау салу, куәгерлер іздеу).

2010 жылға БМАӨ төлеу үшін Республикалық бюджеттен 465,0 млн. теңге бө-лінді. 2010 жылдың басынан жұмыс істейтін және жұмыссыз азаматтардан 3127 қалыптасқан экологиялық іс макеті қабылданды және Қалалық зейнетақы тө-леу жөніндегі орталыққа тапсырылды.

Жыл басынан ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен 2963 азамат есепке қойылды, 4642 адамға жеңілдіктерге құқығы туралы куәлік берілді, 548 – Қазақстанның шет аймақтарына шығатындарға анықтамалар.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен 3412 мүгедекке жалпы сомасы 99,7 млн. теңгеге атаулы көмек көрсетілді, соның ішінде: 761,0 мың теңге сомасына 149 мүгедекке біржолғы ақшалай көмек төленді, 137 мүгедек от-басына 2209,9 мың теңге сомасына тұрғын үй көмегі, 2 отбасына 153,8 мың теңге сомасында мемлекеттік атаулы көмек, мүгедек балалары бар 147 отбасына 26456,0 мың. теңге сомасында үйлерінде тәрбиелеу және оқыту үшін материалдық көмек төленді, 583 мүгедекке 13643,2 мың теңге сомасына міндетті гигиеналық құ-ралдар берілді. Естулері бойынша 40 мүгедек ымдау тілі мамандарының қызметін алады, қозғалуда қиындықтары бар 1 топтағы 42 мүгедек жеке көмекшілер қызметін алады, олардың еңбекақысына жыл басынан 9513,4 мың теңге жұмсалды.

Есеп беру кезеңінде «Уба», «Спутник», «Бура» шипажайларына санаторлық-курорттық емделуге 345 ардагерге және мүгедекке жолдамалар бөлінді және 390 – «Үлбі» халыққа әлеуметтік қызмет көрсету аймақтық орталығына.

«Үлбі» үйлерінде әлеуметтік көмек көрсету орталығының 2 балалар бөлімше-сінде 161 мүмкіндігі шектеулі мүгедек бала бар, олармен бөлімнің әлеуметтік жұ-мысшылары түзету жұмыстарын жүргізеді және әлеуметтік көмектің әр түрлерін көрсетеді. «Үлбі» үйлерінде қызмет көрсету орталығында 781 қарт зейнеткер мен мүгедек бар, олардың 33-і ҰОС қатысушы-мүгедегі, 199 – жалпы сырқат мүгедегі, 522 – тыл еңбеккері. «Дағдарыс» бөлімінің қызметкерлері 3014 азаматқа көмек көр-сетті, соның ішінде: 44-сы уақытша тұрақта, 823-і кеңес беру пунктінде, 2143 – се-нім телефоны арқылы.

2010 жылдың басынан жұмысқа, медициналық мекемелерге, қалалық орган-дарға және әлеуметтік-мәдени тұрғыдағы басқа мекемелерге жеткізу үшін «әлеу-меттік» таксимен мүгедектерден келіп түскен 865 шақыртуға қызмет көрсетілді.

Мүгедектерді кәсіптік оңалту бойынша жұмыс жүргізілуде. 2010 жылдың есеп беру кезеңінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 182 жұ-мыссыз мүгедек жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша өтініш жасады. 2011 жылғы 1 қаңтарға жұмыссыз мүгедектер саны 27 адамды құрайды. Есепте тұр-ған жұмыссыз мүгедектер санынан 3 адам оқытудан өтті, 99 адам жұмысқа орна-ласты, соның ішінде: 68 – ақылы қоғамдық жұмыстарға жолданды, 21-і әлеуметтік жұмыс орындарына орналасты.



Есеп беру кезеңінде белгілі тұрағы жоқ азаматтарды әлеуметтік бейімдеу орта-лығында 461 адам оңалтудан өтті, соның ішінде: 139-ы – жеке бас куәлігін алды, 123 – тұрақты немесе уақытша жұмыс орындарына орналастырылды, 36 – мүгедек-тік, жәрдемақылар мен зейнетақылар рәсімделді, 59 – салық төлеушінің нөмірі рәсімделді, 69 – әлеуметтік жеке код берілді, 32 – туыстарына немесе интернат үй-леріне жолданды.

Өскемен қаласының жұмыспен

қамту және әлеуметтік бағдарламалар

бөлімінің бастығы С. ЖҮНІСПЕКОВА



©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет