6. Клиникаға 3 айлық бала мынадай шағымдармен түсті: мазасыздық, қозғыштық, селкілдек, жиі сулы дәрет, толастамайтын құсу. Қарап тексергенде: үлкен еңбегінің түсуі, тілінің және терінің шырышты қабаттарының құрғауы, бұлшық етінің гипотониясы және ішектің парезі. АҚ 70/40 мм сбб. Қан сараптамасында эритроцит, гемоглобин және лейкоциттердің жоғарылауы. Диурез 300 мл. Шөлдеу сезімі жоқ.
Балада су-электролит алмасуының бұзылыстарының қандай түрі дамыды?
- Гипоосмолялдық гипергидратация
Негізгі көріністердің патогенезі қандай?
- Айналымдағы қан көлемінің азаюы; гипоксия; жасуша ішінде және сыртындағы осмостық қысымның өзгеруі; судың көп мөлшерде шығуы – суды жасушадан тыс секторға ауыстыру – жасушадан тыс жоғары болуы – жасушалардың сусыздануы және мыжылуы – микроциркуляцияның бұзылуы – бүйрекишемиясы – гипоксия – олигурия – ОЖЖ функциясының бұзылуы.
Осы жағдайды патогенездік емін ұсыныңыз:
- Гипоосмолялдык гипергидратация. Оны жою үшін балаға жиі су бермеу қажет. (Тұзды су беруге болады)
№ 7. Ыстық цехта жұмыс кезінде өкпенің гипервентиляциясы және тер бөлінуінің жоғарылауы күшейді.
1. Бұл су-электролит алмасуының қандай бұзылысына әкеледі?
- Гипоосмолялдық гипогидратация
2. Су-электролит алмасуы бұзылысын қалпына келтіру ұстанымын негіздеңіз
- Сұйықтық азайып, жасуша бүріседі
3. Шөлдеуді басу үшін тұзсыз су қабылдауға бола ма?
- Гипоосмолялдык гипогидратация. Себебі ыстық цехта жұмыс жатқандықтан организм сусызданған, сол үшін тері құрғап бөлінулер болды. Шөлді басу үшін таза қоспасыз тұзсыз су ішу керек.
№ 8. Науқас айтарлықтай ұзақ уақыт тұщы сусыз жерде қалып қойған, жансақтау бөліміне ес-түссіз жеткізілді. Қарап тексергенде тері және шырышты қабаттары құрғақ, серпімділігі төмен. Зертханалық мәліметтер: гематокрит 0,48л/л (қалыпты0,35-0,45 л/л), натрий – 160 ммоль/л (қалыпты 135-150 ммоль/л), калий 6 ммоль/л (қалыпты 3,5-5, 5 ммоль/л), нормогликемия.
1. Дамыған жағдайларды патогенездік едеу әдісін ұсыныңыз
- Ағзаға су жетіспеген соң, ағзаға су түскеннен гиперосмолялдық гипогидротация дамыған. Сусыздану кезінде организде құрғақшылық болады, судың тапшылығының тіпті организмге кей бір витаминдер жетіспейді.
№
Достарыңызбен бөлісу: |