19. 70 жастағы науқастың дене қызымы 390С, тамыр соғысы минутына 110 рет, жүрек шекаралары оңға және солға кеңейген.
1. Осы науқасқа қызым түсіретін дәрі қолдануға бола ма?
- Қызым түсіретін дәріні қолдану қажет, себебі науқастың жасы үлкен, науқаста жүрек жеткіліксіздігі бар және басқа ауыр салдар дамымау үшін дене температурасын түсіру қажет.
№ 20. 18 жастағы қауырт аппендицитпен ауырған науқастың дене қызымы 380С, тамыр соғысы минутына 82 рет.
1. Осы науқасқа қызым түсіретін дәрі қолдануға бола ма?
- Қызым түсіретін дәріні қолданбау қажет.
№ 21. Төменгі жағының остеомиелиті бар науқасқа антибиотик енгізгеннен 20 мин соң мазасыздану, қорқыныш сезімі, қимылдық қозулар, басының солқылдап ауырғаны, терісінің қышуы, бетінің қызаруы, АҚ 180/90 мм с.б., тамыр соғуы 120 рет. 20 мин соң науқастың жағдайы нашарлай түсті: әлсіздік, бетінің бозаруы, дем шығарудың қиындауымен сипатталатын тұншығу ұстамасы, есінің кіресілі-шығасылы болуы, тырыспа-селкілдек ұстамасы; АҚ 75/55 мм с.б., тез төмендеуі пайда болды. Науқасқа жедел жәрдем көмегінің шаралары жасалынды.
1. науқаста антибиотик енгізгеннен кейін қандай дерттік жағдай пайда болды?
- Аллергиялық реакция, Анафилаксиялық бірінші түрі
2. бұл дерттік жағдайдың даму тетіктері қандай?
- Аллергеннің мастикалық жасушалардың немесе IgE-АТ базофилдерінің бетінде бекітілген өзара әрекеттесуі жасушалардың белсенділенуіне әкеледі, бұл сақталған және жаңадан пайда болған медиаторлардың шығарылуымен бірге жүреді.
3. осы жағдайдың патогенездік емдеу ұстанымы қандай?
- Аллергияға қарсы препарат беріп, қойданылаған антибиотикті тоқтату керек. Анфилаксияны емдеу шұғыл түрде және адреналиннің бір дозасын енгізу керек.
№ 22. Шөп шабу кезінде бригаданың бір мүшесінде келесі белгілер пайда болды: қышыну, қабақтарының гиперемиясы және ісінуі; «көзіне құм түскендей» сезім; жарықтан қорқу, жас ағу; қатты таңдайдың, мұрынның шырышты қабатының қышуы; мұрынның бітелуі су ағумен қабаттасқан, толастамайтын түшкіру ұстамасы; мұрынмен демалудың оның тоқтауына дейін қиындауы; қақырықтың көп бөлінуімен қабаттасқан жөтел; тұншығу ұстамасы анықталды. Бұл құбылыстар шаршағыштықпен, тәбеттің төмендеуімен, ашуланшақтықпен, ұйқының бұзылуымен қабаттасты.
1. Науқаста дамыған аллергиялық серпілістің негізін жоғары сезімталдықтың қай түрі құрайды? байқалған бұзылыстардың даму тетіктері қандай?
- Аллергиялық реакция анафилаксиялық бірінші түрі. Поллиноз
2. IgE -нің иммуноглобулиндердің басқа топтарынан қандай ерекшелігі бар?
- IgG4 н/е IgЕ – реагиндік антиденелер деп аталады. Олар тек лаброцит ж/е базофильдермен жабысады, ал бұл жасушалар теріде, шырышты қабаттарда, тегіс салалы бұлшықеттерде көп болады. Гендердің ауытқуларынан осы антиденеге жауап беретін геннің функциясы бұзылып, IgЕ-ң синтезі болмауы н/е өте азайып кетуі мүмкін.
3. Науқасты емдеу үшін гипосенсибилизацияның қай түрі қолданылады?
- Спецификалық гипосенсибилизация қолданылады.
№ 23. Омыртқаның бел бөлігінің остеохондрозын қабынуға қарсы стероидты емес дәрілермен емделу нәтижесінде науқаста дәрілік табиғатты лейкопения дамыды.
1. Науқастағы лейкопенияның негізінде қай аллергиялық серпіліс жатыр?
- Жоғары сезімталдықтың II түрі-цитотоксикалық. Эндогендік антигендер нлн экзогендік химиялық заттар, кірпік мембраналарына бекітілген дәрі-дәрмектер (гаптендер) жоғары сезімталдықтың II түріне әкелуі мүмкін. Реакция уақыты -минут немесе сағат. Фагоциттер мен К жасушалары антиденеге тәуелді жасуша цитотоксичность (БҚА) түрінде де қатыса алады. Антирецепторлықреакциялар жоғары сезімталдықтың II түріне жақын, олардың негізі антирецепторлық антиденелер(мысалы, гормондарға рецепторларға қарсы антиденелер) болып табылады.
2. Лейкоциттер бұзылуының патогенезін түсіндіріңіз.
- Қабынуға қарсы стероидты емес препараттың жанама әсерлерінің салдарынан.
№ 24. Науқасқа сіреспеге қарсы сарысуды енгізгеннен 7 күннен соң дене қызымы 39 градусқа көтерілді, қатты қышитын бөртпе пайда болды. Буындары ісініп, онда ауыру сезімі байқалды. Аурудың 2-аптасында лимфа түйіндері мен көкбауыры ұлғайды. Науқас әлсіздікке, ентікке, жүрек қағуына, жүрек аймағындағы ауыру сезіміне шағымданды.
1. Науқаста дамыған аллергиялық серпілістің негізін жоғары сезімталдықтың қай түрі құрайды?
- Сарысулық ауры.
2. Байқалған бұзылыстардың даму тетіктері қандай? Патогенездік сызбанұсқасын құрастырыңыз
- Дереу дамитын сезімталдықтың иммундық кешендік түрі. Температура көтерілуі простогландиндердің синтезінен болған.
Қышитын бөртпелер – тамыр өткізгіштігі артуынан, ісінулік сұйық жүйке ұштарын тітіркендіреді. Әсерленген комплемент бөлшектері тамыр қабырғасына жабысады, нейтрофил ж/е макрофагтраға хемотаксистік әсер етеді(С5а), осыдан нейтрофилдер антидене-антиген комлексін фагоциттейді, оттегінің бос радикалдарын, лизосомалық ферменттерді бөліп шығарады, олар коллаген талшықтарын ыдыратады, қан тамырлық өткізгіштігін арттырады. Қабыну дамиды, артралгия, ісіну, лейкотриендер тегіс бұлшықеттердің спазмын шақырады, одан ентігу, жүрек жұмысындағы ауырлықтар, әлсіздік болады.
3. Науқасты емдеу үшін гипосенсибилизацияның қай түрі қолданылады?
- Спецификалық гипосенсибилизация қолданылады.
№
Достарыңызбен бөлісу: |