9. Бүйректің созылмалы жеткіліксіздігімен сырқаттанған науқаста остеопороз (сүйек тіні массасы азайған) анықталды, қан плазмасында кальций мөлшері төмендеген, ҚСҮ тексергенде теңгерілген газдық емес ацидоз дамығандығы анықталды.
1. Науқастағы остеопороз бен ацидоздың даму тетігі қандай?
Бұл жерде иондық алмасуы дұрыс жұмыс жасамайды, газдық емес ацидоз салдарынан қышқыл мөлшері көбейген. Бүйрек ауруы болып тұр. Тіндер қышқылды өзіне сіңіріп, кальцийді қанға жібереді. Сол ушін сүйекке кальций бармай сүйек салмағы төмендеген. Иондық алмасу болған соң мұнда остеопороз диагнозы.
№ 10. Науқас С., 18 жаста, дәрігерге қатты әлсіздікке, аузының құрғауына, шөлдеуіне, жиі зәр шығаруына, балтыр бұлшық еттеріндегі ауыру сезіміне, арықтағанына және сыздауық шығуына шағымданып келді.
1. Аурудың болжам диагнозын қойыңыз. Қантты диабет (инсулинге тәуелді). Диагнозды негіздеу үшін қандай қосымша зерттеулер қажет? - Қанды – глюкозаға(4,6 – 6,0) – бүйрек межесінен асса, мочевинаға(3,3-6) белоктардың амин тобы айналады, жалпы белокқа(65-80) – АҚ жасушаға енуі бұзылып, олар ыдырауы артады, кетонденелеріне зерттеу- майлардың тотығуының бұзылыстарынан. 2. Клиникалық көріністерінің патогенезін түсіндіріңіз - Инсулин жеткіліксіздігінен қанда глюкоза деңгейі артады. Гексокиназаферм-ң жеткіліксіздігінен глюкоза тотығуы тежеліп, б.е.-де АТФ азайып, оларда әлсіздік, аралық өнімдерінің бауырға тасымалдануы бұзылуынан, олар сонда жиналып, ауыру сезімі болады. Глюкозаның қандағы деңгейі бүйрек межесінен асса, ол несеп арқылы шығарыла бастайды, өзімен көп мөлшерде суды да ала шығады. Осыдан диурез артып, полиурия, болады, судың азаюынан шөлдеу сезімі мен ауызда құрғау болады. Глюкоза энергиясының орнына май эн-ы пай-ды, липолиз артады, адам азады. Ақуыздардың син-ң орнына ыдырауы артады, сондықтан иммунды жүйенің ақуыздары жеткіліксіздігінен (антиденелер, комплемент ж/е т.б.) микроорганизмдерге сезімталдығы артып, әртүрлі қабыну ошақтары пайда болады.
№ 11. Жедел жәрдем ауруханасына 27 жастағы науқас М., ессіз келіп түсті. Туысқандарының айтуынша, 10 жыл бойы қантты диабетпен ауырады. Ауруханаға түсетін күні ертеңгісін инсулин енгізгеннен кейін мазасыздану, ашуланшақтық, сосын есінен танды. Терісі ылғал, жабысқақ термен жабылған, беті бозарған. Бұлшықеттонусы жоғары, тоникалық және клоникалық құрысулар байқалады. Тамыр соғысы-100 рет минутына. Қандағы глюкоза деңгейі - 2,1 ммоль/л. Көктамырға 20% глюкоза ерітіндісін енгізгеннен соң науқастың жағдайы жақсарды. 1. Науқаста қандай жағдай дамыды? - Гипогликемиялық кома – метаболизмдік гипоксия. 2. Бұл науқаста қантты диабеттің қандай клиникалық түрі дамыған?
- Қантты диабеттің екінші деңгейі
№ 12. 56 жастағы науқас тез шаршағыштыққа, тоқтағаннан кейін басылатын, бірақ жүргенде қайталанатын балтыр бұлшық еттеріндегі ауыру сезіміне, аяғының жансыздануына, «жыбырлауына», тыныштықта шаншитынына (парестезия) шағымданды. Науқас шылымды көп шегеді. Қарап тексергенде аяқ басының терісі бозғылт, құрғақ, ұстағанда салқын, тамыр соғысы тек екі аяқ басының үстіңгі бетінде ғана анықталса, артқы балтыр артерияларында анықталмайды. Алдын ала қойылған аңғарымы – «Бітелген (облитерирующий) эндартериит».
1. Шеткері қанайналымының қандай бұзылысы туралы айтуға болады? Байқалған белгілерінің патогенезі қандай?
- Ишемия – артериялық тамырлармен қанның ағзаға келуі азаюдан қанайналымның бұзылуы
2. Қандай жағымсыз салдарлары болуы мүмкін?
- Артериялық қан тамырлардың сырттан қысылып қалуынан, ішінен тробм кесірінен бітеліп қалуынан науқаста ауырсыну сезімдері, аяғының жансыздануы, терісі құрғап бозаруына, парентезияға шағымданды
№
Достарыңызбен бөлісу: |