Марксшілдік һәм әдебиет не жазуға (керек)?
Марксшілдіқ әдебиет туралы негізгі пікір мынау: єдебиетке сипат беретін — тұрмыс. Тұрмысқа түр беретін техника мәдениеті. Яғни, негізінде әдебиетке бағыт беретін — тұрмыс.
Өмірге өз еркімен қадам басқан елдің яки таптыњ әдебиетінің алды - µр, ‰кіммен басќан елдіњ, яки таптыњ єдебиетініњ алды - көр. Бұл даусыз. Біраќ әдебиетті тұрмыс бағытымен ғана өлшеумен іс тємам болмайды. Әдебиет көзімен қарағанда: құр бағытпен әдебиет - жақсы да, жаман да єдебиет алмайды. Байрон құлап бара жатқан ақсүйектердің ақыны. Оның ақындығының негізгі бағыты — қирауға бет алған ақсүйектің тұрмыс бағыты. Дін қиссаларын жазған біздің Жүсіпбек қожамыз — діншіл ақын. Бірақ бұларды танумен ғана бұлардың ақындық мәселесі шешілмейді. М±ны шешу үшін бағытты жолдармен бірге, олардың ақындығын тексеру керек. Плеханов жазады:«Әдебиет әскерінің тұрмыстағы негізін табумен ғана әдебиет ісініњ ісі бітпейді. Т±рмыстағы негізін тапқан соң, оның ақындық жағын тексерсе, сол уақытта әдебиет - шын әдебиет болмақ»,- дейді. (Бельров. За 20 лет. Предисловие к третьему изданию). Дұрысы - бір таптың ақыны екінші тапқа жат болуға, шет болуға тиісті. Бір тап екінші таптың ақынына жат болуға тиісті. Бірақ бұл шеттік, бұл жаттық, бұл жаулық, ақындық жағынан емес, азаматтық жағынан болуға тиісті. Болмаса, мысалы: “Қараңғы түнде тау қалғып, ұйқыға кеткен балбырап”,- деп жырлаған ақынға — осы ақындығын жат көру, осы ақындық жағынан жау көру — даусыз ақымақтық болар еді. Осы себептерден де аќс‰йек ақын Пушкин пролетариатқа азаматтық жағынан шет болса да, ақындық жағынан шет болмақ емес. Пушкиннің төңкеріс дәуірінде де пролетариаттың қолынан түспеуінің мәнісі осы. Пролетариат Пушкиннің азаматтығынан емес, ақындығынан сабақ алайын деп ұстап отыр. Плеханов, Ленин,Меринг, Тисмер, Бухарин, Клара Цеткин, Луначарский, Троцкий сықылды марксшіл көсемдердің пролетариатқа: «Азаматтық жағынан қас, дос екенін біліп ал да, ақындық жағынан әдебиеттің алыптарынан сабақ ал»,— деп үгіт беруінің мәнісі осы.
Ол үгітті біз де ұѓуға міндеттіміз. Біз де бағыт сабағын төңкеріс пролетариатынан алған соң, таза әдебиет сабағын — жићан әдебиетініњ ергежейлерінен емес, алыптарынан алуға міндеттіміз. Көшерін - жел, қонарын - сай білетін қаңбақтардан емес, заман толқыны ќатты долданып соқса да былқ етпей, елең қылмай тұрып келген асқарларды молда қылуға міндеттіміз. Жиһан әдебиетінің алыптарынан әдебиет сабағын алудың тағы бір себебі: шын ақынның тар тапшылықтан қанша дегенмен жоғары болуы, белгілі бір тап мүшесі болса да, шын ақынның тапшылдыққа қана қамалып қалмай, өз тобынан озып, жалпы таптың, жалпы адамзаттың жанындағы қайғыны яки қуанышты шекті шерте білуі.
Адам әуелі — адам, одан соң бір таптың мүшесі ғой. Осы сөздерден әдебиетіміздегі тап мәселесі келіп шығады. Үстіміздегі төңкеріс — тап төңкерісі болғаңдықтан да: «Адамзатты бақытқа пролетариат тобы жеткізеді»,— деп күмәнсіз сенгенімізден, жердің жүзі екі тапқа бөлінген күнде ғана төңкеріс қанатын кең жаяды деп білгенімізден, сөз жоқ, єдебиетімізде тап сарыны болуы, әрине, мүмкін. Бұл сарынның күші қанша болар, мұны тұрмыс жуырда-ақ көрсетпек.
Жолдастарымыздың кейбіреулерінде: «Қазақтың осы күнгі тап сезімі өспек емес, ұзамай өшпек»,— деген пікір бар. Дәлелі: «Тап сезімін тереңдеткендей - бай, кедей шаруалардың негізінде айырма жоқ. Айырма болса - сипат жағынан емес, сан жағынан. Осы шалажансар айырма, осы күні-ақ құрып қалды»,— деген болады. Бай, кедей шаруасы аз жылдың ішінде сан жағынан да қарадар болып қалды деуге болады. Шаруа мен айырманың қайта тууына жол жоқ. Осы себептерден қазақта тап сезімі тереңдей алмай, өсе алмай, осы күнгі күңгірт күйінше өшіп кетуге мүмкін. Бұлай болса, әдебиетімізге тап сарыны терең түспеуге мүмкім. Дәлелдері де осылар. Тағы да ескертелік. Бұл - бәріміздің емес, кейбір жолдастардың ғана пікірі. Бірақ: «Әдебиет басынан бақайшығына шейін тап туралы ѓана болсын”- деп ұғуға, маркшілдікке де, әдебиетке де қиянат. Марксшіл бір әдебиет сыншысы В. Шумак айтады: «Жұмыскердің жайынан басқа нәрсені жазба»,— деп ақынды қамап қоюды марксшілдік білмейді һәм білгісі де келмейді” (В. Шумак. К эстетике марксизма, В сборнике “К диалектике марксизма”, Чита. 1921, стр. 26-27).
Төңкеріске қосшы аталған әдебиетшілердің бірі Лев Лунц: «Әдебиет әсері үстіндеті заманды суреттеуге де, суреттемеске де мүмкін. Одан жақсы-жамандығы табылмайды», — дейді (Л. Лунц, «Серепионово братья». Сборник «От символизма до Октября». М. Изд. «Новая Москва», 1924). Троцкий жазады: «Жаңа әдебиетте (социализм әдебиетінде) трагедия болмақ. Әрине, құдайсыз болмақ. Жаңа искусство — құдайсыз искусство болмақ қой. Жаңа әдебиет те комедиялық болмақ. Жаңа адамға күлкі керек. Жаңа әдебиетте роман өспек. Жаңа әдебиеттің терең сыры — сыршылдық болмақ. Жаңа адам бұрынғы адамнан күшті сүймек қой. Жаңа әдебиеттің де ақыны өмір, µлім туралы жырламақ. Жаңа адам бұлар туралы ойламақ қой»— дейді (Л. Троцкий. «Литервтура и революция»).
Қысқасы, әдебиет домбырасында бір ғана ішек емес, көп ішек бар һәм болуға тиіс. Көп ішектің бәрі басылуға тиіс. Бірақ барлық ішекті рет-ретімен басқанда бір ғана күй шығатын болсын. Яғни, түрлі нәрсені суреттейтін әдебиет негізгі бағытќа қайшы болмасын. Негізгі бағытымыз - төңкеріс арқылы ортақшылдық. Єдебиет негізінде, осы бағытты темір қазық қылумен бірге өзінің ішкі заңы бар әдебиет екенін ұғып, дұрыс жүре білсін. Әсіресе, біздің жас әдебиетіміз жан-жаққа, алға-артқа көп қарауға міндетті. Оның бір себебі мынау: Еуропа әдебиетінің артында асқар белес бар. Еуропа өмірінің өрі де, қыры да, күнгейі де, теріскейі де, беткейі де әдебиетіне хат боп түскен. Еуропа адамының терең сезімдік асқарлаған қиялдары да әдебиет алыптарының сұлу суреттерінде болып, жалпы адамзаттың алдына тасталған. Қара да, хандық та, бай да, кедей де, дұшпан да, надан да, ер де, әйел де, тәңірге махаббатшылы да, ерге махаббатшылы да, әйелге махаббатшылы да, ұлтшылы да, ортақшылы да, бүгіншілі де, ертеңшілі де, меншілі де, сеншілі де – бәрі де жақсылық-жаманшылығы жағынан суреттелген.
Қалайда, Еуропа пролетариатының атадан қалған мұра, қазына(сы) — сансыз таңдауына да, талдауына да жете(ді), келесі байлығына қосылатын ќоры мол. Ал біздің әдебиетіміздің Еуропа жолына түскеніне 15-20 жылдан артық емес. Жаңа әдебиеттің тартылса “ағзубиі” ғана тартылды. «Піссімілләсі” әлі басталған жоқ. Өміріміздің күнді Һам күңгірт дәуірлерінде болған ән бар. Қазақтың өзінің жаратылысқа, өмірге, тұрмысқа көзқарасы, өзінше философиясы, терең сезімі болған ән бар. Осылардың бірі туралы әлі айтарлық қалам тартылған жоқ. Оның ішінде елді қоғамдаған - хан; қоғамды құрған - батыр, өзінше қоғамның қорғаны болған – би, хан заманындағы - құл, төре заманындағы - төлењгіт, бай заманындағы - кедей, жауынгер ерге жолдас болған - әйел, өткен ертегідей күніміз, кешегі капитализм кеулеп кірген дәуірдегі азғындық, мұң-зар; бүгінгі кедейлік, бүгіншілік; сонымен бірге жаңа өмірге бет алу …ќысқасы, қазаќтың ертегі күні, ертегідей күні, өткен күні, кешегісі, бүгінгісі бізде айтарлықтай суретке түспеді. Осылар түспей қазақ әдебиеті терең әдебиет бола алмақ емес. Осыны баса көрсетпей әдебиет өз әдебиетіміз бола алмақ емес.
Сондықтан жас әдебиетіміздің осы күнгі мойнындағы жауапты міндеті - қай жаққа болса да бір езу болмау. Бұл - бір бағытты болмау деген сөз емес. Бағыттың аты - бағыт, бір езудің аты - бір езу. Саясатшыл азаматтың алдында - бүгінгі мәселе, бүгінгі тұрмыс мәселесі тұратын болса, ақынның алдында - өткен, бүгін, келешек үшеуі де тұруға тиісті. Ақын осы үшеуінің арасына көпір салуға міндетті.
Қазақ ақыны мен пролетариат ақынының арасында бір талай айырма бар. Пролетариат ақыны — төңкерісті өзі жасаған, өзі қиратып, өзі құрып жатқан, өзінің тарихы тудырған; Еуропа тарихының машина дәуірі тудырған; ойы, сезімі — зауыт, фабрикаларына байланған таптың ақыны. Қазақ ақынының тарихы бөлек, тұрмысы бөлек, рухы бөлек, төңкеріске жолдан қосылған жабайы тұрмысты елдің ақыны. Сондықтан екеуінің ақындығының мінезі бір болуға мүмкін емес. Бірақ негізі бір болуға тиісті һәм бір болмақ. Бұл ортақ негіз(діњ), бұл ортақ бағыт(тыњ), зор төңкерістің үдеуі, төңкеріс арқылы жер жүзіне бақытты тұрмыс(тың) орнауы - ортақшылдану болмақ. Домбырада бірі қоңыр, бірі ащы үн беретін екі ішек бар. Екі ішек екі түрлі үн шығарып тұрса да, бір-ақ күй тартылмақ.
Оқушы жасқа жөн сілтейтін, адасқандарды жолға салатын, қисыққа тез болатын «Алқа» осы. Жөн іздеген жас болсаң, жол іздеген жолаушы болсаң, тез іздеген есті тентек болсаң, мынау “Алқа” сенікі.
“Алқаға” кірейік!
Өзіңнің сұмырай мақсұтыңа шындықты құрбан қылып шалып, қайқайып жүре беретін соғылған болмасаң, балапан әдебиетіміздің шын әдебиет болып ер жетуін шын тілейтін болсаң, мынау “Алқа” сенікі. «Алқаға» кір!
Шын әдебиетшіл, шын ақын болсаң мынау «Алқа» сенікі.
“Алқаға” кір!
Құшағыңа қойынымыз ашық!...
«АҚ ЖОЛ» ГАЗЕТІ ТУРАЛЫ
Барлық елдердің пролетарлары, бірігіңдер!
Ресей Комиунистік (Большевиктер) Партиясы Орталық Комитеті
Баспасөз бөлімі (Ұлтбаспасөз1 бөлімшесі)
№ 5128/с РК/б/П Қырөлкекомының2 баспасөз бөлімі
7 сәуір 1925 ж. Көшірмесі: Сырдария Обкомына3
Құпия 4 Шымкент қ.
РК/б/П ОК5 Баспасөз бөлімі өзінің қаулыларында және арнайы пікірлерінде «Ақжол» газетінің — Түркістан облысындағы РК/б/П Өлкекомының Ұйымбюросы6 органының жетекшілерінің саяси ұстамсыздықтарын және соңғыларға партияға қарсы ұлттық интеллегенциясының ықпал етіп отырғанын әлденеше атап көрсеткен еді. Бірақ осыған қарамастан, «Ақжол» қазіргі кезеңге дейінгі бүкіл Киргизиядағы7 ең ұстамсыз газет болып қалуда. Оның саяси бағыты, әсіресе соңғы айларда, мүлде төзуге болмайтындай болып кетті. Газеттің бас мақаласында «коммунистік партияның мүшелері болуға лайықты барлық кедейлер партиядан тыс қалуда, ал көптеген адал емес және өзінің жағдайын теріс пайдаланатын жалақорлар партияда. 4-5 жылдар бойы қырғыз (қазақ —С. Қ.) кедейлеріне пайдалы ешнәрсе де жасамаған осындай элементтер тағы да үкіметте... қырғыз халқы кездеспейтін жерлерде мансап үшін орыстармен саудаласу өте оңай. Сондықтан да үкімет билігіндегілердің көпшілігі және барлық қырғыз басшылары қырғыздардан аулағырақ отырғанды қалайды...» (№529) — дегендей нәрселерді редакция пайымдап жазады. Мұндай партияның беделін түсіретін, жол беруге болмайтын және партияға қарсы пікірлер бас мақалаларда, фельетондарда және белдеу мақалаларда аз кездеспейді. (қараңыз: № 535, 542 және т. б.). Мұндай нәрселерге сөз жоқ жол беруге болмайды.
РК/б/П ОК-нің Баспасөз бөлімі Қырөлкекомынын8 Баспасөз бөлімшесіне мына шараларды ұсынады:
1). Қырөлкекомының және сондай-ақ РК/б/П Қырөлкекомының жергілікті үйымдық бюросы тарапынан «Ақжол» газетіне партиялық басшылық күшейтілсін:
2). «Ақжол» газетінің редакторы орнынан алынып, ұстамды, даярлығы бар партияшылмен ауыстырылсын.
3). Редакция құрамы жаңартылсын және бірінші кезекте партияшыл әдеби қызметкерлермен толықтырылсын.
4). Партияда жоқ ингеллигенция «Ақжол» газеті редакциясында оларға партия тарапынан жетекшілік қамтамасыз етілген жағдайда ғана пайдаланылсын.
Қолданылған шаралар туралы РК/б/П ОК Баспасөз Бөліміне мәлімделсін10
РК/б/П ОК Баспасөз бөлімінің меңгерушісі Н. Варейкис
Хатшысы: А. Грачев.
Мәскеу қ., 29 мамыр 1925 ж11-
Қырөлкеком бюросының барлық мүшелеріне
көшірмесі Ж. Варейкиске
Құрметті жолдастар!
1. Жуырда менің «Ақжол» журналымен12 танысуға мүмкіндігім болды. Мен осыған байланысты белгісіз емес Шоқаевтың13 ақгвардияшыл баспасөздегі кейбір мақалаларын еске түсірдім және өзімді шошытқан осы макалалармен «Ақжол» журналының рухани «ынтымағы» деуге болатын кейбір жаңалықты аштым. Ақылға сыймаса да бұл факт.«Ақжол», әрине, өзі де аңғармастан Шоқаевқа көлемді материал берді. Тіптен де аңғармай қалмайтын Шоқаев болса бұл материалдарды қорытады және жұртқа ұсынады. Мен сынды түсінемін, мен коммунистердің қызметін сынау мүмкіндігін және қажеттігін толық ұғамын. Бірақ табалаушы және кекшіл сын, бұл біздің сынымыз емес. Мұндай сынға кеңестер елінде орын болуға тиіс емес. Мүңдай сын буржуазияның қолына коммунизмге қарсы, Кеңестерге қарсы, Кеңестер Одағында өмір сүріп және тіршілік етіп жатқандардың бәріне қарсы құрал ғана ұсына алады. Осыған байланысты «Ақжол» журналын түбірінен жедел түрде қайта ұйымдастыруды, одан партияда жоқ интеллигенттерді қуып және оны коммунистік насихаттың органы етуге байланысты шаралар қолдануды сіздерден сұрауды мен өзімнің міндетім деп санаймын.
2. Мен партияда жоқ интеллигенттерді кеңес жұмысына тартуды барынша жақтаймын. Егінхалкомы, ХШК14- кооперация және басқа да шаруашылықтық органдар бұл адамдарды, оларды біртіндеп кеңестендіре отырып, мейлінше пайдалануы тиіс. Мен сондай-ақ, партияда жоқ интеллигенттерді қырғыз (қазақ — С. Қ.) мәдениетін орнықтыру ісіне тартуды да жақтаймын. Қырғыз тілінде оқулықтар құрастыру - мәдениет саласы бұл адамдардың пайдаланылуы тиіс басты майдан. Бірақ та мен партияда жоқ интеллигенттердің саяси және идеологиялық майдандағы күрес ісіне жіберілуіне мүлде қарсымын. Мен партияда жоқ интеллигенттердің қырғыз жастарына саяси және идеологиялық тәрбие берумен айналысуларына қарсымын. Біз өкіметті жастар тәрбиесін партияда жоқ буржуазиялық интеллигентгерге тапсыру үшін алғанымыз жоқ. Бұл майдан толығымен және түгелдей коммунистерге қалдырылуы керек. Онсыз Киргизияда (Қазақстанда — С. Қ.) Шоқаевтардың жеңісі сөзсіз жүзеге асады. Ал бұл Киргизиядағы коммунизмнің идеологиялық және саяси күйреуіне сәйкес келеді.
Осы мәселе бойынша өздеріңіздің пікірлеріңізді, сіздердің мәлімдеулеріңізді аса өтініп сұрар едім.
Коммуннстік сәлеммен:
И. Сталин.
РК/б/П Қырөлкекомның 1925 ж. 10 маусымдғы бюро мәжілісінің № 69 хатта-масы15
Тыңдалды:
5. Жол. Сталиннің «Ақжол» газеті туралы хаты (жол. Нанейшвили)16
Қаулы етілді:5.а)Жол. Сталиннің нұсқаулары еске және басшылыққа алынсын.
б) Ұлттық баспасөзге басшылық жасау туралы және онда ұлттық партияда жоқ интеллигенцияны пайдалану тәртібі жөнінде жарлық хат даярлансын және РК/б/П Губкомдарына жіберілсін.
Бұл жарлық РК/б/П ОК-нің Баспасөз Бөлімінің 1925 жылғы 7 сәуірдегі ұсыныстары, РК/б/П ОК Секретариатының Қазбаспасөзін жақсарту шаралары туралы 1925 ж. 2 наурыздағы және Баспасөз Бөлімі жанындағы Кеңестің 1924 жылғы қазандағы қаулысы негізінде және соларға сәйкес жасалынсын.
в) Жетекшілік сипаттағы материалдарды жергілікті газеттерге беру саласындағы ҮНБ (үгіт-насихат бөлімініц - ќұрастырушы) қызметі күшейтілсін.
г) «Ақжол» газеті қайта ұйымдастырылсын, ол губерниялық органға айналдырылсын, бірақ бұқаралық шаруалар газеті сипатын алсын.
«Ақжол» редакциясының Шымкент қал. көшіп келуі жөн саналсын.
д) РК/б/П ОК-не «Ақжол» газетінде партиялық-ұстамсыздық сипаттағы мақалалардың пайда болуы соңғы жарты жылдықта күшейе түскені мәлімделсін. Мұны Орта Азияны ұлттық межелеп бөлуге байланысты РК/б/П Сырдария Губкомының және Қырөлкекомының Ұйымдық бюросының Ташкенттен Шымкентке көшуінен, «Ақжол» газетінің соңғы кезге дейін Тәшкентте қалып қоюынан партиялық басшылықтың сол тұста әлсіреп кетуімен түсіндіруге болады.
Сондай-ақ, 1925 жылдың 7 сәуіріндегі Баспасөз Бөлімінің «Ақжол» газетінің жағдайын жақсарту туралы ұсыныстары орындалғаны да мәлімделсін.
е) Қазақтың жауапты партия қызметкерлерінің және әсіресе Парткомдар мүшелерінің баспасөз жұмысына үздіксіз қатысуларының әлсіздігі атап көрсетілсін.
Осы кемшіліктерді жоюға шаралар қолданылсын.
Хат пен қаулығы қысқаша түсініктеме:
1. Ұлтбаспасөз — Ұлттық баспасөз.
2. Ресей коммунистік (большевиктер) партиясының Қырғыз (қазақ — С. Қ.) өлкелік комитетінің деген сөздердің қысқартылғаны.
3. Облыстық комитетіне.
4. Құжатқа «Ж. Ежовтың жеке өзіне. Даярлаңыз. Съезден кейін шешетін боламыз... 11.ІУ.25. деген нұсқау жазылған, қол қойылған. Нұсқау иесінің кім екенін дәл анықтау мүмкін болмады.
Ежов Николай Иванович (1895—1940). Еңбек жолын Путилов зауытында слесарь болып бастаған. 1916 жылдан әскер қатарында. 1917 жылы большевиктер партиясы қатарына өткен. Азамат соғысы жылдарында Қызыл Армия қатарында, дивизияның әскери комиссары. Онан соң партия жұмысында: РК/б/П Марий облыстық комитетінің жауапты хатшысы, 1923 ж. наурыздан 1924 ж. маусымға дейін Қазақстанның Семей губерниялық партия комитетінің жауапты хатшысы. 1924—1930 жылдары Қыробкомының (Қазақстан облыстық партия комитетінің — С. Қ.) ұйымдастырушы-нұсқаушы бөлімінің меңгерушісі, ССРО Егіншілік халық комиссарының орынбасары, 1930—1934 жылдары РК/б/П ОК-нің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, 1935 жылы ОК-тің хатшысы, 1936—1937 жылдары Ішкі істер халық комиссариатының халық комиссары. 1938—1939 жылдары Су транспорты халық комиссары.
5. Ресей Коммунистік (большевиктер) партиясының Орталық Комитеті.
6. РК/б/П Өлкелік Комитетінің Ұйымдастыру бюросы.
7. Киргизиядағы — Қазақстандағы.
8. Қырөлкеком — Қырғыз өлкелік Комитеті.
9. Бұл кезде «Ақжол» газетінің редакторы И. Тоқтыбаев болатын.
10. Құжаттың төменгі жағында: «Ж. Красаткинге. Танысып шығу үшін. Одан соң Ачуринге беріңіз...», «Еске алынды. 28/ V», — деген жазулар жазылып, жауапты адамдар қолдарын қойған. Олардың есімдерін анықтау мүмкін болмады.
11. Құжаттың сол жақтағы жоғарғы бұрышында: «1 дана», «Еске алу үшін» деген жазулар бар.
12. Сталин журнал деп «Ақжол» газетін айтып отыр. «Ақжол» 1920—25 жылдары Шымкентте БК/б/П Сырдария губерниялық комитетінің органы ретінде жарық көрді. Аптасына екі рет қазақ тілінде шықты. И. Сталиннің оған орыс тіліне арнайы аударылып берілген осы газеттің мақалаларымен танысқаны байқалады. «Ақжол» газеті 1920 жылы 18 сәуірден 27 шілдеге дейін шыққан «Жаңа өріс» газетінің жалғасы ретінде жарық көрген еді. (Қараңыз: «Қазақ совет энциклопедиясы», 1-том, 206 беті). «Ақжол» газетінде әр жылдары бұрынғы ұлттық «Алаш» интеллигенциясының аса көрнекті өкілдері М. Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, К. Кемеңгеров, А. Юсупов және т. б. қызмет етіп, газет беттерінде Ә. Бөкейхановтың, А. Байтұрсыновтың, М. Есполовтың жөне т. б. мақалалары да жарық көрген.
13. Қүжатта «Чокаев». Шоқаев Мұстафа (1890—1942). Түркістанда құрылған «Қоқан автономиясын» басқарушы. «Қоқан автономиясы» қ±лаған соң шет елге кетті. Түркияда, Италияда, Францияда, Германияда тұрды. 20—30 жылдары ол кеңестік Орта Азия республикаларындағы социалистік құрылыс туралы кітаптар мен мақалалар жариялады. 1929—1939 жылдары түрік тілінде шығатын «Яш Тюркистан» журналының редакторы болды. Екінші дүниежузі-лік соғыс жылдарында шетелдегі Түркістан ұлттык комитетін ұйымдастырушылардың бірі және оның төрағасы. (Қараңыз: А. И. Зевелев. Ю. А. Поляков. Л. В. Шишкина. Басмачество: правда истории и вымысел фальсификаторов. М., «Мысль», 1986. 46—47 беттері).
14. Егіншілік Халық комиссариаты, Халык Шаруашылығы кеңесі.
15. Бұл жазулар түпнұсқа қүжатта қолмен жазылған. Құжатта «АПО» (агитационно-пропагандистский отдел — С. Қ.) Ж. Тоқжігітовке, Сырдария губкомына, РК/б/П ОК-нің баспасөз бөліміне” деген бұрыштама жазулар бар.
16. Нанейшвили Виктор Иванович (1878—1940). Революциялық қозғалысқа қатысушы. 1924—25 жылдары Қырғыз (Қазақ) облыстық партия комитетінің хат-шысы. 1925 жылдан ССРО сауда халкомиссариатында, сауда академиясында (кейін тамақ өнеркәсібі академиясында) істеді. (Қараңыз: Қазақ совет энциклопедиясы. 8-том, 268 беті).
Жүсіпбек АЙМАУЫТОВ
ӘДЕБИЕТ МӘСЕЛЕСІ
(Талқыға)
Әлеуметтің зор құралы, тап тартысының кұралы әдебиет екендігінде дау жоқ. Партия, кеңес құрылысы, сот, оқу, шаруа туралы мәселелер баспасөз жүзінде көтеріліп, сөйленіп жүр. Әдебиет мәселесі әлі тұнық жатыр. Өзге мәселенің егжей-тегжейі тексеріліп жатқанда, әдебиетті соны күйінде қалдыруға болмайды.
Қазақта баспасөздің күшейіп келе жатқаны анық. Қаламшылар жазушылар, ақындар, сыншылар шығып жатқаны анық. Төңкерісшіл, бұқарашыл ақын, әдебиетші болудан әркімнің-ақ дәмесі бар. Әркім-ақ келсе-келмесе де бірдеме жазьш, тырбанып жүр. Зор шәрлерде қазактың оқығандары, зиялылары әдебиет мәселесі туралы баяндама жасап, жазушыларды, ақындарды тербеп, сынап жатыр. Біреуге олай, біреуге бұлай жөн тағып, коңырау байлап жатыр. Мұның бәрі әдебиет мәселесін қозғауға мезгіл жеткендігін көрсетеді.
Әдебиет мәселесін көтергенде, алдымызда тұрған көп сұраулар бар: төңкерістен бұрынғы қазақ әдебиетінің бағыты, рухы қандай еді? Енді қандай болу керек? Төңкеріс әдебиетке қандай олжа салды? Қазақта төңкерісшіл, тапшыл жазушылар, ақындар бар ма? Болса кімдер? Қандай шығармаларынан көрінеді? Тап ақыны жоқ болса, себебі не? Қашан болады? Қазақ жазушылары төңкеріске жолдан қосылған «жолбикелер» ме? Жоқ, бел баласы да бар ма? Жолбикелердің ұлтшылдық әдеті қашан қалады? Оларды пайдалануға бола ма? Қазақ әдебиетінің орыс әдебиетінен өзгешелігі бола ма? Жалшылар әдебиеті мен қара шаруа (мұжық) әдебиеті арасында айырма бар ма? Қазақ әдебиеті көтерілуге жағдай бар ма? Әдебиет пен технике әдебиеті қатар өсе ме? Бірі оз-дық кететін дәуір бола ма? Қазақ әдебиеті қазір қандай дәуірде? Күйректік (сентиментализм), сарындамалық (романтизм), санашылдық (идеализм), нағыздық (реализм) дәуірінде ме? Тұрмысқа, заманға қайсысы қабысады? Әдебиетке қандай көзбен қарап, сынау керек? Жалаң тап, саясат көзімен бе? Жоқ, басқа жақтарынан карау керек пе? Қазақ әдебиеті қайткенде тез өркендейді? Жазушылар орнында пайдаланып жүр ме? Әдебиетшілер ұйымдасатын, пікірлесетін заман жетті ме? Ол керек пе?
Міне, әдебиет мәселесін көтергенде туатын сұраулар.
Бұл сұраулардың әрбіріне бірер мақала жазып, толық тексеру керек; әрқайсысына тарихи, ғылыми негіз беру керек. Бұларды ат үстінен қарап шешуге болмайды. Бірақ, мәселені көтерген соң, белгілі пікір ұсыну керек. Сол пікірді талқыға беру керек. Сондықтан мәселенің, астар жағын, негізін бұ жолы қоя тұрып, қысқаша түрде пікірімізді көптің алдына ұсынамыз.
Төңкерістен бұрынғы қазақ әдебиетінің бағыты - ұлт теңсіздігіне, мәдениетке талпыну, ішкі мазмұны - қазақтың халіне қайғыру, патша өкіметінің отаршылдық саясатына, қала берсе орыс атауына ереуіл жасау еді.
Қазақ әдебиетіне төңкеріс бір жағынан жалынды — үмітті желдеткен үндеу кіргізсе, екінші жағынан уайым-қайғы, торығу кіргізді.
Әдебиетіміздің ендігі беті төңкерісшілдік, бұхарашылдық болу керек. Бұрын оянған ұлт сезімін тұншықтыру емес, тегістік, теңдік жолына икемдеп, дұрыс жүйеге, қалыпқа түсіру болу керек.
Қазақта теңкерісшілдікке талпынған жазушылар, өлеңшілер бар, бірақ, кейбірінің аттары ауыздықпен алысып, алып қашып жүр. Әдебиетке тереңдеп сүңги алмай, дұрыс бағыт тұтына алмай жүр. Жарып шыкқан күшті ақын әзір көрінбейді. Тап ақыны әзір қазақта жоқ. Бірақ болуға мүмкін.
Қазақ жазушылары, ақындары төңкеріске жолдан қосылды. Бір қанаты төңкеріс рухымен суарылса, екінші қанаты ұлтшылдықпен суарылып қалған. Ұлтшылдық сезім тез заманда қала қою мүмкін емес. Төңкеріске, коммунизм жолына көрінеу қаса қылығы жоқ болса, ұлтшыл ақындарды да пайдалануға болады.
Қожалық құрған, билеп-төстеген үстем ұлттың әдебиетімен төменшік, әлсіз, езілген, бодан ұлттың әдебиеті бір болмайды. Қазақ әдебиетінің ұлы орыс әдебиеттен айырмасы бар һәм болмақ.
Жалшылар әдебиеті мен қара шаруа әдебиеті бір емес. Тұрмысы, шаруа түрі, дүние тануы екі басқа елдің әдебиеті де өзгеше болмақ, бар һәм болады. Ендеше қазақ әдебиетінде де өзгешелік болу керек.
Шаруаның түзеліп, мәдениеттің көтерілу қарсаңында әдебиет те гүлдену керек. Ондай жағдай қазақта болса, әдебиет өркендейтін дәуір таяу болса керек.
Техника (әдіс өнері) мен әдебиет қол ұстасып жүре бермейтін шағы да болады. Әдебиет озып кетуге де мүмкін. Көш бастауға да мүмкін. Қалып қоюға да мүмкін.
Қазақ әдебиеті қазір күйректік (сентиментализм), сарындамалық (романтизм) дәуірінде болуға тиіс. Ендеше санашылдықтан да құтыла алмайды. Нағыздық дәуір казіргі тұрмысқа аналардай қабыса қоймас.
Әдебиет — өнер. Өнер азды-көпті еркіндік тілейді. Қазақ әдебиеті көгерсін, гүлденсін десек, жалаң тап көзімен, не саясат көзімен қарап, сыңаржақ етпей, Маркс көзімен (диалектика әдісін колданып) сынау керек. Маркс көзі тар емес, кең. Әр нәрсенің себебін, жағдайын, арғы-бергісін, жақсы-жаман жағын түгел тексеретін, көз алдыңдағыны емес, алысты болжайтын қырағы көз. Әдебиетті сынауга жалаң саясатқа сауатты болу жетпес, әдебиетші де, ғалым иесі де болу керек.
Әдебиетке аңсаушы көбейсе, әдебиеттің қадірін білуші, көтермеші, қолдаушы табылса, әдеби сөздер, айтыс-талас, бәйге, сын сықылдылар баспасөзде кең орын алып, әдебиет майданы ашылса, жазушыларымыз, ақындарымыз бәрі бірдей Ломоносов, я тілмаш болып кетпей, әдебиет қызметіне де берілсе, сонда қазақ әдебиеті тезірек өркендер еді.
Қазақ әдебиетшілеріне де пікір ауысатын, кеңесетін, ұйымдасатын мезгіл болған шығар деп, осы мәселені қозғадық.
Достарыңызбен бөлісу: |