179
байланысты өз ойын жеткізуге, жаңа сөздерді пайдалану білігін дамытуға жол
ашты.
Лексикалық-семантикалық,
лексикалық-грамматикалық
жəне
лексикалық-стилистикалық сипаттағы жаттығулар оқушының коммуникативтік
актіде өзіндік стратегиясы мен тактикасының болуын қамтамасыз етті жəне
əрқашан оқушылар арасындағы өзара қарым-қатынасты жандандырды. Түрлі
жағдаяттардың ұсынылуы коммуникативтік акті кезінде жаңа сөздерді белсенді
қолданудың артуына жəне өз бетінше сөйлеудің дамуына ықпал етті. Жаңа
сөздерді сөйлеу дағдысына енгізуін дамытуға жəне
жетілдіруге бағытталған
жаттығулар мен тапсырмаларды орындауда тілдік формаға емес, сөйлеу
əрекетінің мазмұнына назар аударылды. Тапсырмаларды оқушының өз бетінше
орындауы оның дербестігін қамтамасыз ете отырып,
қызығушылығын
арттырды. Жаңа сөздермен байланысты орындалатын тапсырмалардың басым
көпшілігі шығармашылық жəне танымдық сипатқа ие екендігі ескеріліп,
жобалау əдісі бойынша оқушылардың өздігінен ізденісін талап ететін
тапсырмалар берілді. Əрбір тапсырма мазмұнында
қамтылған жаңа сөздер
оқушылардың тіл байлығын дамытып, сөздік қорын молайтты.
Қалыптастыру кезеңінің нəтижесін нақтылау мақсатында жəне ұсынылған
оқу бағдарламасының тиімділігін дəлелдеу үшін қорытынды эксперимент
бақылау тобында жəне эксперименттік топтарда өткізілді.
Достарыңызбен бөлісу: