182
ІІІ бӛлім бойынша тҧжырым
Əлемдік əдістеме ғылымында тиімділігі жəне нəтижелілігі дəлелденген
интербелсенді оқытудың формаларымен жəне
мазмұнымен байланысты
жайттар қазақ əдістемеші ғалымдарының еңбектерінде қарастырылған. Оларда
интербелсенді əдісті тірек ететін сабақты ұйымдастырудың, өткізудің жəне
оның нəтижесін қорытындылаудың түрлері анықталған.
Жаңа сөздерді меңгертуде интербелсенді əдістердің тиімділігі мен
нəтижелелігі жоғары. Біріншіден, интербелсенді əдістердің бір түрі, мəселен,
«ойға шабуыл» əдісін қолданған кезде оқушының танымдық қызметі
жоғарылайды, осы əдістің негізінде оқушының жаңа
сөзге қатысты принципті
түрдегі көзқарасы, сын тұрғысынан ойлауы қалыптасады. Ал бұл əрекеттер
қалай болғанда да, оқушының когнициясында жаңа сөздің берік орнығуына
ықпал етеді. Бұл – маңызды, өйткені санада орныққан сөз коммуникативтік
актіде
көрініс табады, яғни қолданысқа түседі. Оқытуды құрайтын əдістер
кешенінің қатарында пікірталас əдісін де атап өтуге болады. Əртүрлі пікірді,
көзқарасты талдай отырып, мəселенің негізгі түйінін анықтап алу нəтижесінде
ақиқатқа жетудің нақты жолдары анықталады.
Жаңа сөздерді меңгертуде оқытудың интербелсенді əдістерін қолданумен
қатар, дəстүрлі əдістемелердің негізінде жəне оларды жаңғырта отырып, жаңа
типтегі тапсырмалар мен жаттығулар жүйесін қалыптастыру жоғары нəтиженің
алынуына үлес қосады. Əдістеме ғылымында оқу тапсырмасы оқушы жасайтын
əрекеттің шынайы жəне шындыққа негізделген көрінісін танытатын басты
фактордың бірі болып табылады. Тапсырма мен жаттығуды өз бетінше
орындаған білім алушының білім базасы анағұрлым берік орнығады.
Сондықтан да білім беру жүйесінде тапсырмалардың кешені жан-жақты жəне
көлемі жағынан мол болуы тиіс. Жаңа сөздерді
меңгертуде лексикалық-
семантикалық,
лексикалық-грамматикалық
жəне
лексикалық-стильдік
жаттығуларды ажыратып қарау қажет болады. Бұл жаттығулар тілді оқытудың
маңызды сатысы болып табылады жəне оларды одан əрі жетілдіре түсудің
нəтижесінде логикалық ойды жеткізу, коммуникативтік актіге қатысу тілдік
бірліктердің сыртқы формасына емес, сөйлеуге қатысатын тілдік бірліктердің
мазмұнына негізделеді. Басқаша айтқанда, сөйлеуші өзі қолданған əрбір тілдік
бірліктің мазмұнын түсінеді. Осындай түсінудің
қалыптасуына аталған
тапсырмаларды көбейту жəне жетілдіру арқылы қол жеткізуге болады.
Жалпы орта білім беру жүйесіндегі жаңа сөздерді меңгертудің жəне
олардың мектеп оқушыларының санасы мен коммуниткаивтік актісінде
қолданылуының жай-күйін анықтау мақсатында жүргізілген эксперимент
бірқатар мəселелерді нақтылауға септігін тигізді. Анықтау, қалыптастырушы
жəне қорытынды кезеңдерден тұратын педагогикалық эксперимент
нəтижесінде,
біріншіден, оқулықтар мен оқу құралдарындағы жаңа сөздердің
көлемін, оларға бөлінген сағат санын, осының нəтижесінде жаңа сөздердің тіл
жүйесінен сөйлеу əрекетіне (яғни тек тілдік форма болып қалмай, адамдардың
сөйлеуіне белсене араласуына) қарым-қатынасын анықтап алуға мүмкіндік
183
берді.
Эксперимент
жүргізуде
оқушылардың
танымдық-уəждемелік
қызығушылықтарын анықтауға арналған сұрақтар, қоғамдық-əлеуметтік
сипаттағы жаңа сөздердің қазақ жəне орыс тілдеріндегі баламаларын білу
деңгейін анықтауға арналған тапсырма жəне жаратылыстану бағытындағы жаңа
сөздер туралы оқушылардың аялық білімін анықтауға арналған тапсырма
нəтижелері қолданыс жиілігі жоғары жаңа сөздер жəне қолданыс жиілігі төмен
жаңа сөздер арасындағы пайыздық көрсеткіштердің
айырмашылықтарын
көрсетті жəне жаратылыстану ғылымдары бойынша кейбір ұғымдардың өзге
тілдегі баламасының қолданылуының себептерін анықтауға мүмкіндік берді.
Сондай-ақ мектеп оқушысының танымында жаңа сөздердің менталды
орналасуын анықтауда айрықша тиімді болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы Білім беру тұжырымдамасында айтылған
талаптарды жүзеге асыру мақсатында жəне білім беруді жетілдірудің
интербелсенді əдістерін
талқылай отырып, тапсырмалар мен жаттығулар
жүйесін қалыптастыруда анықтау эксперименттерінің қорытындылары
негізінде «Қазіргі қазақ тіліндегі жаңа сөздер: қалыптану жəне норма» аталатын
таңдау пəні ұсынылды. Белгілі бір сағат көлемі анықталған осы таңдау пəнінің
бағдарламасы мектеп оқушысына жаңа сөздердің ұлттық-мəдени болмысы,
философиялық негіздері, саяси стратегиялық маңызы жөнінде мəлімет бере
отырып, сан түрлі практикалық жұмыстар арқылы жаңа сөздердің мектеп
оқушысының санасында орнығуына жəне белсенді қолданысқа түсуіне үлес
қосты. Қалыптастырушы экспериментте жүзеге асырылған əдіс-тəсілдердің,
жаттығулар мен тапсырмалар кешенінің тиімділігін дəлелдеу
мақсаты
қорытынды кезеңде жүзеге асырылды. Бақылау жəне эксперименттік топтарда
оқушылардың:
– жаңа сөздерді есте сақтау дағдысын;
– жаңа сөздерді дұрыс жəне белсенді қолдану дағдысын;
– жаңа сөздердің мағынасын түсіну дағдысын;
–
жаңа сөздердің əлеуметтік-қолданыстық маңызын ажырату дағдысын
анықтау мақсатында арнайы тапсырмалар берілді. Нəтижесінде эксперименттік
топтарда аталған дағдылардың деңгейі бақылау топтарымен салыстырғанда
айтарлықтай жоғары екендігі анықталды. Сондай-ақ эксперименттік топтардың
анықтау жəне қорытынды кезеңдер бойынша лингвомəдени құзыреттілік
деңгейлерінің сапалық жағынан жоғарылған. Бұл –
жалпы орта білім беру
жүйесінде жаңа сөздерді меңгертудің өзектілігінің жəне ұсынылған «Қазіргі
қазақ тіліндегі жаңа сөздер: қалыптану жəне норма» аталатын таңдау пəнінің
білім мазмұны мен практикалық жаттығулар жəне тапсырмалар жүйесінің
тиімділігінің дəлелі.
Достарыңызбен бөлісу: