Алдашева камар сагингалиевна


- сөзжасам моделінің барлық мүмкіндіктерін жан-жақты игеру;  -



Pdf көрінісі
бет18/105
Дата24.05.2024
өлшемі2.07 Mb.
#501824
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   105
Diss Алдашева жаңа сөздер

- сөзжасам моделінің барлық мүмкіндіктерін жан-жақты игеру; 
- тілдің ішкі əлеуетін (қазақ тілі лексикалық байлығының семантикалық 
мүмкіндіктерін жəне кəсіби лексика, көнерген сөздер, диалектизмдер, ауызекі 
тіл үлгілерін) ғылыми-техникалық аталымдар мен жаңа атаулар жасау ісінде 
сарқа пайдалану;
- тілдегі лексикалық жаңалықтарға байыпты ғылыми талдау жасау; 
- қазақ тілінің бірізділігі мен тиісті стандарттарға келтірілуін қамтамасыз 
ететін іс-шараларды жүзеге асыру;
- шетел тілінен енетін терминдерді ұлт тілінің дыбыс жүйесіне 
бейімдеудің ұстанымдарын басшылыққа алу;
- қазақ тілінің лексикалық құрамын қазақыландыру арқылы жаңғыртуды 
одан əрі жалғастыру.
- аталған мəселелердің шешімін табуда ЖОББЖ-дағы білім беру 
үдерісінің үлесін белгілеу – ұлт тілінің сындарлы келешегін, ана тіліне деген 
саналы көзқарасқа қатысты ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету.
Баяндалғандардың негізінде ұдайы үдеріс сипатында болатын тіл саясатын 
жүзеге асыруда жəне оның болашаққа арналған бағыттарын белгілеуде интра- 
жəне экстралингвистикалық факторлардың ықпалымен лексикалық құрамға 
енген жəне еніп жатқан жаңа сөздердің кодификациялану жəне нормалану жай-
күйіне талдау жасау, анықтау өзекті болып саналады. Осымен байланысты 
қалыптану, норма, нормаландыру түсініктерінің верификациясын белгілеу 
міндеті туындайды.
Норма, нормаландыру жəне қалыптану (кодификация) мəселелері 
бойынша нақты көзқарастар Прага лингвистикалық мектебінен (1926-1950 
жылдар) бастау алатыны мəлім. Оның белгілі өкілдері – B. Матезиус (үйірмені 
ұйымдастырушы), Б. Трнка, Б. Гавранек, Й. Вахек, Я. Мукаржовский, кейіннен 
В. Скаличка, Й.М. Коржинек, Н.С. Трубецкой, Р.О. Якобсон, C.О. Карцевский 
құрылымдық лингвистиканың негізін қалады. Ғалымдар тілді белгілі бір 
мақсаттарға қызмет ететін сөйлеу құралы, функционалдық жүйе деп анықтады. 
Диахронды сипаттармен үзбей жəне тығыз байланыстыра отырып, тілдің 
дамуына синхронды аспектіде жүйелі түрде қарау, бағалау мəселесі осы 
мектептің идеялары арқылы орнықтырылды. Осы тұжырым негізінде тіл жəне 
оның құрылымының қоршаған ортамен байланысының дəрежесі туралы 
алғашқы көзқарастар қалыптасты. Тілге функционалдық тұрғыдан қарау 
бағыттарын дамытқан Прага лингвистикалық мектебі өкілдерінің сөз мəдениеті, 
əдеби норма жəне кодификация мəселелеріне де тоқталып, оларды таратып 
айтуы заңды құбылыс деп есептейміз, өйткені бұл мəселелер тілдің 
қолданысына, тілдің синхронды динамикасына, функционалды жағынан 
таралуына тікелей байланысты екендігі белгілі. Олардың еңбектерінде 


27 
нормативтік лингвистикалық қызметтің іргетасы қаланды, оның басты 
міндеттерінің бірі – «əдеби тілде оның арнаулы функциясын талап ететін 
жақтарын дамыту» [24, 215]. Осы ретте анықтап өтетін жайт – «арнаулы 
функция» терминіне байланысты болып отыр. Тілдің функционалдық-
құрылымдық тұжырымдамасын жасаған ғалымдар осы атау арқылы тілдің 
барлық мүмкіндіктерінің қолданысқа түсуінің қажеттілігі мен маңыздылығын, 
осы арқылы тілдік құрылымдардың екшеленетіндігін, сұрыпталатындығын, 
одан əрі тілдің жетілдірілетіндігін айтқан, ал бұл мəселелер тілдегі жаңа 
сөздердің табиғаты мен қалыптануын анықтауда аса маңызды. Осы себепті де 
Прага лингвистикалық мектебінің өкілдері норма жəне қалыптану мəселелеріне 
де тоқталып, анықтама береді; олардың пікірінше, норма – тілде объективті 
түрде бар (орныққан) тұрақты тілдік құралдардың жиынтығы, ал 
«кодификация» – норманы табу жəне нормаға қол жеткізу [25].
Орыс тіл білімінде əдеби норма проблемаларына А.А. Брагина, 
Б.Н. Головин, К.С. Горбачевич, Т.Ф. Иванова, Е.С. Истрина, В.А. Ицкович, 
В.Г. Костомаров, Т.Б. Кочеткова жəне басқа да ғалымдардың еңбектері мен 
көзқарастары арналған. Зерттеушілердің анықтамалары біртектес жəне 
бірыңғай, олар негізінен С.И. Ожеговтың түйінін басшылыққа алады жəне 
біршама толықтырады. С. Ожегов өзінің белгілі еңбегінде былай деп жазған 
болатын: «Языковая норма есть исторически обусловленный факт, проявление 
исторических закономерностей развития языка и типических для каждой эпохи 
тенденций развития, поддержанное и одобряемое обществом в его языковой 
практике» [26, 7].
ХХ ғасырдың соңғы жағына дейін орыс əдеби тілінде тілдік норма басым 
категориялардың бірі болды. Оқу-ағарту жəне ғылыми əдебиет, бұқаралық 
коммуникация нұсқаларында норманың сақталуына мəн берілді. Тілші 
ғалымдар мен өзге де мамандар норманың сақталуын əрдайым қадағалады. 
Бірақ басқа тілдердегі сияқты орыс əдеби тілінде де «елеулі динамикалық 
үдерістер жүріп жатыр» [27, 7].
Қазақ тіл білімінде əдеби нормаға қатысты алғашқы пікірлер қазақ тіл 
ғылымының іргетасын қалаған А. Байтұрсынұлының, Қ. Жұбановтың жəне 
І. Кеңесбаевтың, М. Балақаевтың, Р. Сыздықтың, Ш. Сарыбаевтың жəне 
олардың мектептері өкілдерінің зерттеулерінде көрініс тапқан. Қазақ 
тілтанымының іргетасын қалаушы ғалым А. Байтұрсынов айтқан «сөз 
дұрыстығы (əр сөздің дұрыс күйінде жұмсалуы), тіл тазалығы (ана тілдің сөзін 
басқа тілдің сөзімен шұбарламау), тіл анықтығы (ашық мағыналы, түсінуге 
жеңіл, көңілді күдіктендірмейтіндей болуы)» – əдеби норманың басты межелері 
болып саналады [28, 350-351]. Осыдан кейін қазақ тіл білімінде 1966 жылдан 
бастап əдеби норма, сөз мəдениеті мəселесінің теориялық жəне практикалық 
жақтарынан қарастырылуы академик Р. Сыздықтың еңбектерімен тығыз 
байланысты. 
Сөз мəдениетінің ең өзекті мəселесі тілдік норма деп есептей отырып, 
зерттеуші Р. Сыздық «тілдік норма дегеніміз – тілдің өзі ұсынған тəртіп» деп 
есептейді. Ғалымның көрсетуінше, тілдік норманың табиғаты екі түрлі: бірі – 


28 
тілдің өзінде қалыптасқан нормалар жəне ереже бойынша ұсынылатын 
нормалар. Норма тілдің барлық көрінісінде, яғни қолданысының барлық 
түрінде орын алатын тілдік, əлеуметтік категория [29, 45]. Ғалым сонымен 
қатар норма танымы тұрақтылық, дəстүрлілік, ортақтық деген белгілерді 
қамтитынын да атайды.
Мəселеге байланысты барлық дерлік көзқарастарды зерделей келе, 
төмендегі жинақталған анықтамалар ұсынылады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет