58
сияқты сөздердің мағыналық мазмұнында заттар
мен ұғымдар тобына тікелей
референциалды немесе коннотативті байланыс жоқ.
- үшіншіден,
мәнзара (панорама), туысжақия (клан), кермал түс
(контрастность), қандел (люстра), мұрағият (идеал), сәндеме (декорация),
мүкаммал (инвентарь), ӛжіре (подвал), торлам (ажур), әйкел (кулон), бүктеме
(буклет) сияқты сөздер референциалды жəне номинативті мағынасы жағынан
белгілі бір ұғымдарға сəйкес келуі мүмкін болғанымен, қолданысқа түспеуіне
себеп болып тұрған жағдай олардың қазіргі актуалды өнімді лексика қатарында
жоқ екендігі қоғам мүшелерін орыс тіліндегі баламасын қолдануға итермелейді.
Осылар типтес сөздердің қалыптануына кедергі болатын факторлардың бір
парасы осы.
Мемтерминком бекіткен
қазақыландырылған терминдердің, басқа жазба
нұсқаларда пайда болған жаңа сөздердің қалыптану үдерістерін жəне
нормалану жолындағы бағыттарды көрсететін маңызды жайттардың бірі – жаңа
сөздердің қатарындағы варианттылық.
Тілдегі жаңалықтар жəне варианттылық ұғымын бір-бірінен ажыратып
қарауға болмайды.
Варианттылық – тілдік норма проблемаларының
логикалық негіздемелерінің бірі. Өйткені тіл
динамикасы қарқынды даму
жағдайында болғанда варианттылық құбылысы міндетті түрде болады. Қоғам
дамуының екпінімен бір ұғым-түсінік үшін бірнеше атаулардың пайда болуы –
тілдің нақты тарихи құбылыс ретіндегі табиғи жай-күйі. Бұл – тілдің объективті
дамуының көрінісі; тілдің дамуына мəдени-тарихи сипаттардың əсерінің
белгісі.
Жаңа сөздердің варианттылық көрінісі – жаңа сөздердің қалыптану
үдерістерінің басты белгісі. Жоғарыда аталған
Мемтерминком бекіткен
сөздіктер жинақтарынан зерттеу бағытына сəйкес 700-ден астам вариант
қатарлар (барлығы 2000-ға жуық тілдік бірлік) жинақталды. Вариант қатарлар
негізінен: а) байырғы сөздің семантикалық мағынасының кеңеюі; ə) сөзжасам
тəсілдерінің игерілуі; б) шеттілдік терминнің қатар берілуі арқылы жасалған.
Мысалы, əдебиет
пен лингвистика, философия мен саясаттану, мəдениет
пен өнер салалары бойынша Мемтерминком бекіткен екітілді терминологиялық
сөздіктерде
аға редактор / аға сарапшы (редактор); айдар (рубрика); астар /
ӛңірбет (форзатц); әдептану / этика; бағам / пікірсарап (рецензия); бірлескен
автор / бірлескен туындыгер / қосалқы автор; дауыс зорайтқыш /
үнзорайтқыш (мегафон); дәйексӛз / дәйектеме / ой үзігі (цитата); дерексіздік /
бейдерек (абстракция); мұрағият / мұрат (идеал);
рұқсаттама / бұрыштама
(виза); теңгерім / теңдестік (баланс); құлпырма / қандел (люстра); ӛндірім /
ӛнімділік (выработка) типтес сан алуан жарыспа сөздер кездеседі.
Ісқағаздары мен мұрағат ісі бойынша екітілді терминологиялық сөздікте
алап / жиым / үйім (массив);
бетбағыт / беталыс (тенденция);
букет / гүлшоқ
(букет);
зияпат / банкет (банкет);
келемежсурет / карикатура (карикатура);
кондиционер / қалаулеп (кондиционер);
контакт / түйісу / қарым-қатынас
(контакт),
қанатбелгі / құсбелгі (галочка);
қолхат / тілхат (расписка);
Достарыңызбен бөлісу: