115
Жоғары мектеп сатысында оқушының танымдық даму ерекшеліктеріне сəйкес
гуманистік мақсат құндылықтар жүйесін қалыптастыру арқылы жүзеге
асырылады. Тұлғаның жалпыадамзаттық мəдениетпен жəне құндылықтар
жүйесімен үйлесімдікте дамуы базалық гуманитарлық пəндерді
меңгеру
деңгейіне байланысты.
Білімнің
гуманистік
бағытында
адамзаттық
құндылықтардың
артықшылықтары алға шығарылады. Мектеп – қоғамдық қатынастардың
сипаты көрініс табатын қоғамның маңызды əлеуметтік институты. Білім
берудің мақсаты қоғам өмірінің мақсаттарымен тығыз байланысты. Өмір білім
берудің бағытын анықтайды жəне, керісінше, білім беру өмірге ықпал етеді.
Демек нақты бір қоғамның білім беру жүйесін түсіну дегеніміз – ондағы өмірді
түсіну.
Қазақ ұлтының санасында тіл – ең бағалы құндылық. Еліміз тəуелсіздік
алған кезеңнен бері саяси-экономикалық өзгерістердің ықпалы қарқынды түрде
сезілгенімен, қазақ тілі ұлттың ең бағалы құндылықтарының
қатарында қала
беретіндігі сөзсіз. Қазіргі тіл саясаты мен тіл стратегиясы қазақ тілінің
қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілін ғылым тіліне айналдыру, жаңа сөз жасауда
қазақ тілінің ішкі əлеуетін сарқа пайдалану сияқты міндеттердің жүзеге
асырылуын қамтамасыз етеді. Əрине бұл міндеттердің орындалуына ірі
əлеуметтік институт ретінде мектептегі білім беру үдерісі де айтарлықтай
үлесін қосады. Жоғарыда айтылған тұжырымға сай
қазақ тілі таралған тілдік
кеңістіктегі жаңа сөздерді меңгертудің өзектілігі бір жағынан білім беру
жүйесінің бағытын анықтап берсе (айталық мектеп оқулықтарындағы жаппай
қазақыландыру үрдісі), екінші жағынан, білім беру жүйесіндегі əдіснамалық
базаның жай-күйі тілдің өмір сүру динамикасына да өзінше ықпал етеді.
Осымен байланысты жаңа сөздердің нормалануы
мен қалыптануына қатысты
білімді меңгертудің гуманистік бағыттылығы «тіл – құндылық» тұжырымының
аясында жүзеге асырылуы тиіс.
Жаңа сөздерді меңгерту үдерісіндегі маңызды ұстанымдардың бірі –
педагогикалық үдерістің ӛмірмен байланысын қамтамасыз ету. Бұл ұстаным
тұлға қалыптасырудағы абрстрактылы ағартушылық бағытты теріске шығарып,
білім мазмұнын жəне оқу-тəрбие жұмысының формасын экономикадағы,
саясаттағы, мəдениеттегі жəне елдің қоғамдық өмірінің басқа да салаларындағы
өзгерістермен байланыстыруды көздейді.
Білімнің өмірмен байланысы
ұстанымын жүзеге асыру оқушылардың ағымдағы жағдаятпен жүйелі түрде
таныстығын, шынайы материалдарды сабақта кеңінен пайдалануды талап етеді.
Бұл ретте жаңа сөздерге қатысты білім мазмұнын ұйымдастыруда жаңа тілдік
бірліктердің əр саладағы көрінісі, қолданыс белсенділігі,
нормалануы мен
қалыптануына əсер ететін шынайы факторлар мен олардағы көрінісі əрқашан
қамтылып отыруы ескерілді. Мəселен, Мемлекеттік терминологиялық комиссия
тарапынан бекітілген жаңа сөздердің варианттылық сипатын күнделікті сөйлеу
тілін бақылау арқылы байқауға болады. Телебағдарламалар мен радионың
əдеби тіл нормасына тигізетін əсерін ескерсек, журналистердің бір ұғымды
түрлі атаулармен қолданатын жағдайлар жиі кездеседі. Түрлі
жарнама
116
мəтіндеріндегі, аударма мəтіндердегі жаңа сөздерде де осындай сипат байқалып
жатады. Бұл оқушылардың жаңа сөздерді меңгеру барысында олардың шынайы
өмірдегі көрінісін талдауға, дəлел келтіруге көмектеседі. Мəселен, оқу
бағдарламасындағы
«БАҚ-тың жаңа сӛз жасаудағы және оларды
Достарыңызбен бөлісу: