Алдашева камар сагингалиевна


тҥзу», «Қазіргі масс-медиа тіліндегі жаңа сӛздердің сипаты»



Pdf көрінісі
бет58/105
Дата24.05.2024
өлшемі2.07 Mb.
#501824
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   105
Diss Алдашева жаңа сөздер

тҥзу», «Қазіргі масс-медиа тіліндегі жаңа сӛздердің сипаты») оқушылардың 
жаңа сөздерге қатысты ғылыми əдебиеттерді тиімді пайдалануын, жаңа 
сөздердің нормалану жəне қалыптану ерекшеліктерін бақылау мақсатында өз 
бетінше зерттеу жүргізуін, тіркеуін, нəтижелерді талдауды, сондай-ақ өзіндік 
ойын қорытындылауды қамтамасыз етеді.


118 
«Ғылыми 
айқын 
түсінік 
– 
лингвистикалық 
дүниетанымның 
қалыптасуының бір тетігі. ...тілдік білім берудің орталық өзегі етіп сөз бірлігі 
алынады. Барлық тіл білімі салалары сөзге табан тірейтіні жəне сөзге қызмет 
ететіні тілдік білімнің түп қазығы болып белгіленеді» [149, 32]. Қазіргі ғылым 
мен техниканың даму деңгейімен, əлемдік өркениеттегі жинақталған 
тəжірибемен білім мазмұнының сəйкестігі тілдің лексикалық қорының елеулі 
бөлігін құрайтын жаңа сөздерді меңгертудегі ғылымилық ұстанымының жүзеге 
асуын қамтамасыз етеді. Мəселен, «Қазақ тілінің тӛл әлеуеті: ішкі 
мҥмкіндіктерді жаңа сӛз жасауда сарқа пайдалану» деп аталатын тақырып 
бойынша қазақ тіліндегі жалпы сөзжасам мəселесі, əсіресе қазақ тіліне еніп 
жатқан түрлі жаңа сөздердің сөзжасамдық сипатына тəн ерекшеліктер ғылыми 
тұрғыдан талданғанда ғана оқушылардың «төл тілдің əлеуеті», «тілдің ішкі 
мүмкіндігі» сияқты ұғымдарға қатысты түсінігі қалыптасады.
Дəстүрлі оқыту үдерісінде ғылымилық ұстанымын жүзеге асыруда екі 
диалектикалық қарама-қайшылық көрініс табады. Оның біріншісі – білімді 
ғылыми ұғымдармен жеткізу, алайда оқушылар үшін түсінікті болуын ескеру. 
Бұл тұрғыдан жаңа сөздердің, нақтырақ айтқанда, терминдік атаулардың 
қазақыландырылған жаңа баламаларын нормаландыру мен қалыптандырудың 
нəтижелері осы қарама-қайшылықтың жойылуына, яғни оқыту үдерісінің 
ғылыми терминдік сипатының түсініктілік талабының орындалуына ықпал 
етеді. Екінші мəселе: мектепте пікірталас туғызбайтын мəселелер беріледі, 
алайда ғылымда қандай да бір мəселеге қатысты бірыңғай көзқарас жоқ. 
Мұндай қайшылық əдеби тілдің, соның бір тармағы ретінде жаңа сөздердің 
нормасы мен қалыптануына қатысты пікір-көзқарастарға да тəн. Білім 
мазмұнында қамтылған тақырыптардың қай-қайсысында да түрлі ғылыми 
пікір-көзқарастар қамтылады жəне оқушыларға барынша жан-жақты ақпарат 
беріледі. Айталық, тіл білімінде қалыптасқан неологизм терминіне қазақ тіл 
білімінде жаңа сөз, жаңа атау, жаңа қолданыс, жаңа аталым сияқты 
баламаларды көрсететін ғылыми ұсыныстар бар. Демек осы айтылғандар 
тұрғысынан білімнің ғылымилығы – жаңа сөздерді жəне олардың нормалану 
мен қалыптану үдерістеріне тəн ерекшеліктерді меңгертуге бағыттылған оқу 
материалдарын ұйымдастырудағы жетекші ұстанымдардың бірі.
Педагогикалық үдеріс құрылымының сатылық жəне шоғырлану сипаты 
сабақтастық, бірізділік және жүйелелік ұстанымының талаптарымен 
байланысты. Бұл ұстаным бұрын меңгерілген білім, білік-дағдыны, тұлғалық 
сапаларды бекітуге, оларды жүйелі дамыту мен жетілдіруге бағытталады. 
Сабақтастық ұстанымы бойынша кез келген сабақ соның алдында жүргізілген 
жұмыстардың логикалық жалғасы болуы керек жəне қол жеткізілген 
жетістіктерді бекітіп, дамытуы тиіс. Оқу-тəрбие үдерісі оқушының тұлғасына 
бағытталады. Алайда əрбір жекелеген сəттерде мұғалім нақты педагогикалық 
міндетті орындайды. Бұл міндеттердің байланысы мен сабақтастығы оқушының 
іс-əрекеттің қарапайым формасынан күрделісіне өтуін, олардың жүйелі түрде 
дамуын қамтамасыз етеді.


119 
Жаңа сөздерді меңгертуге жəне олардың нормалану, қалыптану 
үдерістерін танытуға бағытталған білім мазмұнындағы тараулар мен 
тақырыптар толықтай сабақтастық пен жүйелілік ұстанымына негізделген. «Тіл 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет