Алдын алудағы дене шынықтыру жүректамыр аурулары. Тірек-қимыл аппаратының алдын алудағы дене шынықтыру Орындаған: Айтанова. Г



бет2/3
Дата23.05.2022
өлшемі19.19 Kb.
#458551
түріРеферат
1   2   3
Спорттык медейна

Алдын алу жолдары
Жүрек-қан тамыры ауруларының пайда болуына әкеліп соқтыратын тағы бір фактор ол - темекі шегу. Орта есеппен алғанда темекі шегу адам өмірін 7-10 жылға қысқартады екен. Темекі шекпейтіндерге қарағанда темекі шегетін адамдар миокард инфарктісіне шалдығуы екі есе көп, ал, осы аурудан қайтыс болатындар саны темекі шегетіндер арасында шекпейтіндермен салыстырғанда 4 есеге артық. Бүгінгі таңда жүрек- қан тамыры ауруларының алдын- алу үшін мынадай маңызды нәрселерді есте сақтау керек:
Ең алдымен темекіден толықтай бас тарту қажет;
Тиімді тамақтану ережелерін сақтау;
Майлы тамақтардан бас тарту, тұзды пайдалану мөлшерін азайту - тәулігіне 4 грамм, құрамында калийі мол (бұршақ, өрік, құрма, теңіз қырыққабаты) тамақтарды көп пайдалану, сарыуызды барынша аз пайдалану;
Көкеніс пен жеміс-жидектерді барынша мол пайдалану;
Алкогольді ішімдікті белгіленген мөлшерде ғана пайдалану;
Дене белсенділігін арттыру, семіздіктен сақтану;
Қандағы холестерин құрамын үнемі тексеріп, бақылап отыру;
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе айтарым- дәрігер ауру адамды емдейді, ал, аурудың алдын алу әрбір адамның өз тірлігі.
Тірек – қимыл аппаратының бұзылуын емдік дене шынықтыру арқылы емдеу
Барлық тірі организмге тән қасиет - қимыл қозғалыс организімінің өсіп дамуына әсер етеді. Оның адам денсаулығын сақтауда маңызы аса зор. Қаңқа мен бұлшықет - тірек - қимыл жүйесін құрайды. Тірек- қимыл жүйесі - тіректік, қозғалтқыш және қорғаныш қызметтерін атқарады.

Тірек – қимыл аппаратының бұзылуы туа пайда болады және жүре пайда болады. Дене еңбегі баланың жасына , дене құрлысына және іс-қимылына сай болу керек.


Тірек – қимыл аппаратынің бұзылуы - емдік дене шынықтыру жаттығулары кезінде қан айналым қызметін, демалысты, зат алмасу, нерв жұмысын, ішкі секреция бездердің және бұлшықеттер жұмысын жақсартады. Емдік дене шынықтыру жергілікті жерге әсер етіп қана қоймай, бүкіл ағзаға әсер етеді. Емдік дене шынықтыру қай жерде жасалынатыны маңызды. Мысалы таза ауада, күн астында немесе жабық бөлмеде. Жабық бөлмелерде өткізілетін болса сол жердің санитарлық – гигеналық ережесін қатаң сақтау қажет. Сонымен қатар Емдік дене шынықтыру жаттығулары құралмен және құралсыз жасалынатын болады. Құралдарға – таяқ, гантель, доп, жаттығу жасайтын қабырға, орындық жатады. Бұлар жүрісті дұрыстайды, ауып кетпеуді қадағалайы. Тірек – қимыл аппараты бұзылған балаларға қолданылады.
Бейнеу психологиялық – педагогикалық түзету кабинетінде, емдік дене шынықтыру кабинеті жасақталған. Кабинеттен тірек- қимыл аппараты бұзылған, церебральды сал ауруына шалдыққан балалар көмек алады. Балалардың деңгейіне сай топтық және жекелей ем алады. Емдік дене шынықтыру маманының мақсаты тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға мүмкіндігінше көмек көрсетіп, дені сау балалардың деңгейіне сай дағдыландыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет