Географиялық ұғымдар:
-табиғат туралы;
|
-көкжиек тұстарын бағдарлауға байланысты;
|
-жыл мезгілдерінің ерекшеліктеріне байланысты;
|
-табиғат құбылыстары жайындағы;
|
-табиғаттың жеке заттарына байланысты;
|
-тірі табиғат пен өлі табиғаттың байланысы;
|
-пайдалы қазбаларға байланысты;
|
-план мен масштабқа байланысты ұғымдар
|
-географиялық карта туралы;
|
-қазақстанның географиялық картадағы орынына байланысты;
|
-табиғат құбылыстарын зерделеуге байланысты;
|
-табиғатты зерделеуде қолданылатын құралдарға байланысты;
|
-табиғаттағы су айналымына байланысты;
|
-су қоймаларының түрлеріне байланысты;
|
-ауа райы туралы;
|
-климатқа байланысты;
|
Химиялық ұғымдар:
-табиғаттағы судың қасиеттері;
-судың құрамына байланысты;
-судың қасиетіне байланысты;
-ауаның құрамына байланысты;
-ауаның қасиетіне байланысты;
-топырақтың құрамына байланысты;
-топырақтың түрлеріне байланысты;
-топырақтың қасиетіне байланысты;
-пайдалы қазбалардың түрлері;
-пайдалы қазбалардың қасиеттеріне байланысты;
Бастауыш сыныпқа арналған географиялық білімдердің ұсынылып отырған жүйесінің мазмұнының жаңалығы логикалық-мазмұндық жайына сәйкес төменгі сынып оқушыларын пропедевтикалық даярлауда географиялық нысандарды, заттарды, құбылыстарды оқуда практикалық біліктіліктері мен білімдерін күшейтуде білім мен біліктіліктердің жетілдірілген мазмұнын меңгеруге бағытталып қана қоймай, сонымен қатар, осы танымның адам өміріндегі рөлін көре білуге бағытталады.
Бастауыш сыныптарда берілетін географиялық, химиялық білім мен білік оқушылардың білімді пайдалану шеберліктерін жетілдіруге арналған жүйесі мына мәселелерді шешеді:
-
оқушыларға географиялық, химиялық білімдер мен оны іс жүзіне қолдану шеберліктерін жетілдіру;
-
оқушының қоршаған дүниеде болатын құбылыстар мен нысандар туралы алғашқы ұғымдарын қалыптастыру;
-
білімнің көрнекті қайталанбас көзі ретіндегі географиялық картаның түрлері мен түрлі табиғи заттардың қасиетін анықтау әдістерін меңгерту;
-
оқушыларды географиялық және химиялық терминдер мен атаулар тілін қолдануға жаттықтыру;
-
сарамандық жұмыстар атқаруға дағдыландыру;
-
қоршаған ортаға бақылаулар жүргізу, оның нәтижесін іс-әрекетте пайдалануға үйрету;
-
географиялық және химиялық ұғымдарын қалыптастыру арқылы ғылыми білім беру;
-
танымдық, қарым-қатынастық, ақпараттық құзыреттіліктерін қалыптастыру.
Біздің зерттеуіміздің негізі бағыты ұғымдарды қалыптастыру болғандықтан, оның төмендегідей анықтамасына көңіл қоюмыз. Ұғым – шындықтағы заттар мен құбылыстарды олардың жалпы және ерекше белгілерінің жиынтығы бойынша қорытындылайтын ой немесе ойлар желісі. Ұғымның белгісі ретінде заттар мен құбылыстардың қасиеттері мен олардың арасындағы қарым-қатынастар алынады. Зерттеу барысында географиялық, химиялық ұғымдардың пайда болуы мен қалыптасуы және дамуы туралы мәселелерді қарастыру көзделіп отыр.
Ғылыми әдебиеттерге шолу жасай отырып, бастауыш сынып оқушыларының географиялық, химиялық ұғымдарын қалыптастыру мотивациялық, мазмұндық, іс-әрекеттік компоненттердің тұтастығында құрылды. Мотивациялық компонент бастауыш сынып оқушыларының географиялық білімге қызығушылығымен сипатталады. Мазмұндық компонент географиялық, химиялық алғашқы білімдер көлемімен анықталады. Іс-әрекеттік компонент табиғат заттары мен құбылыстарын танып-білу бағытындағы құзыреттіліктер жиынтығын құрайды. Көрсетілген компоненттердің өзара байланыстылығы мен тұтастығын ескере отырып, бастауыш сынып оқушыларының географиялық, химиялық ұғымдарын қалыптастырудың өлшемдері мен көрсеткіштері анықталды.
(кесте №2)
Компоненттер
|
Өлшемдер
|
Көрсеткіштер
|
Мотивациялық
|
Бастауыш сынып оқушыларының географиялық, химиялық білімге қызығушылығы
| -
табиғи жеке заттардың қасиетін білуге қызығушылығы;
-
табиғат құбылыстарының сырын білуге ұмтылысы;
-
меңгерген ұғымдарды қолданып, қортынды шығаруға ниеттенуі.
|
Мазмұнд
ық
|
Географиялық, химиялық бастапқы білімдер
|
-табиғи заттардың қасиеттері туралы білімі;
-табиғат құбылыстарының себеп-салдары туралы түсінігі;
-табиғат заттары мен құбылыстары туралы ұғымдардың болуы:
|
Іс-әрекеттік
|
Табиғат заттары мен құбылыстарын танып –білудегі іс-әрекеттері
| -
табиғат заттары мен құбылыстарын бақылай білу құзыреттілігі;
-
табиғи заттармен (су, ауа, топырақ, т.б.) тәжірибе жасай білуі;
-
жер сұлбасымен, географиялық картаның түрлерімен жұмыс жасау, шартты белгілері дұрыс оқи білуі;
-
пайдалы қазбалардың түрлерін бір-бірінен ажырату және қасиетін анықтай білуі.
|
Бастауыш сынып оқушыларының географиялық ұғымын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін құрастырып, оны педагогикалық эксперимент кезінде қолдануды көздедік. Философиялық, психологиялық, педагогикалық ой-пікірлер негізінде және зерттеу тақырыбымыздың мақсатына қарай бастауыш сынып оқушыларында географиялық, химиялық ұғым қалыптсатырудың құрылымдық-мазмұндық моделі төмендегідей тұрғыда берілді.
Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының «Дүниетану» пәні негізінде географиялық және химиялық ұғымдарын қолдану
-бастауыш сынып оқушыларының табиғат заттары мен құбылыстарының қасиеті мен себеп-салдарын білуге қызығушылығын арттыру;
-географиялық, химиялық ұғымдарды сезімдік-бейнелік қабылдауын дамыту;
-бастапқы географиялық, химиялық білімдерін қалыптастыру;
-табиғат заттары мен құбылыстарын бақылау, тәжірибе жасау, сарамандық құзыреттіліктер арқылы оқу іс-әрекетіне жаттықтыру.
-бастауыш сынып оқушыларының жас және психологиялық ерекшеліктерін ескеру;
-сабақ, топсаяхат және сыныптан тыс жұмыстардың байланысы;
-білім беру түрлерінің өзара кірігуі.
Мазмұндық
Географиялық, химиялық бастапқы білімдер
5-сурет – бастауыш сынып оқушыларында географиялық, химиялық ұғым қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі
Бастауыш сыныптарда меңгерілетін географиялық және химиялық ұғымдардың көрсеткіштері мен өлшемдерін үш деңгейде қарастырдық (жоғары, орта, төмен).
Жоғары деңгей. Географиялық және химиялық ұғымдарды меңгеруге қызығушылығы жоғары. Оқушының географиялық, химиялық ұғымдар нәтижесінде меңгерген білімдері нақты. Берген жауаптарын дәлелдей алады. Тәжірибе, бақылау әдістерін білім алу барысында қолдана алады. Олардың нәтижесін қорытып айтуға мүмкіндігі бар. Табиғат заттары мен құбылыстарын бақылау, жер сұлбасымен, географиялық картаның түрлерімен жұмыс жасау, шартты белгілерді дұрыс оқи білуі, судың, ауаның, топырақтың, пайдалы қазбалардың түрлерін ажырату және қасиетін анықтауда өзіндік белсенділігі жоғары.
Орта деңгей. Географиялық және химиялық ұғымдарды меңгеруге қызығушылығы бар. Оқушының географиялық, химиялық ұғымдары болғанмен, меңгерген білімдері нақты емес. Берген жауаптарын нақты дәлелдей алмайды. Тәжірибе, бақылауды мұғалімнің көмегімен ғана қолданады және оның нәтижесін қорыту деңгейі орташа. Табиғат заттары мен құбылыстарын бақылау, жер сұлбасымен, географиялық картаның түрлерімен жұмыс жасау, шартты белгілерді оқу барысында мұғалімнің көмегін қажет етеді. Судың, ауаның, топырақтың, пайдалы қазбалардың түрлерін ажырату және қасиетін анықтауда мұғалімнің нұсқауы мен көмегін керек етеді.
Төменгі деңгей. Географиялық және химиялық ұғымдарды меңгеруге қызығушылығы төмен. Оқушының географиялық, химиялық ұғымдары төмен. Берген жауаптарын дәлелдей алмайды. Тәжірибе, бақылауды мұғалімнің көмегімен қолданғанмен, оның нәтижесін қорыту деңгейі төмен. Табиғат заттары мен құбылыстарын бақылау, жер сұлбасымен, географиялық картаның түрлерімен жұмыс жасау, шартты белгілерді дұрыс оқи алмайды. Судың, ауаның, топырақтың, пайдалы қазбалардың түрлерін және қасиетін ажырата алмайды.
Зерттеу жұмысының міндеттеріне сәйкес тәжірибелік – эксперимент жұмысы Алматы қаласы Алатау ауданы №136 мектеп-гимназиясында, М.Әуезов атындағы №128 орта мектебінде, Алматы облысы Панфилов ауданы Қоңырөлең ауылының Қожбанбет би атындағы орта мектептерде 2005-2009 аралығында жүргізілді.. Эксперимент жұмысы анықтау, қалыптастыру, бекіту кезеңдері бойынша ұйымдастырылды. Алдымен бастауыш сынып оқушыларының географиялық және химиялық ұғымдарын қалыптастыруға арналған тәжірибелік – экспериментке материалар дайындалып, белгіленген тірек мектептерінде семинар – кеңестер ұйымдастырылып, эксперимент және бақылау сыныптары белгіленді.
Анықтау эксперимент кезеңінде оқушыларға сұрақтар қойып, әңгімелесу, сарамандық жұмыстар орындату арқылы олардың ұғым меңгеру деңгейін байқауға тырыстық.
Оқушылармен әңгімелесу кезіндегі сұрақтарға берген жауаптарынан географиялық және химиялық ұғымдарға қызығушылқтарының әртүрлілігі байқалды. Мәселен, 1-2 сынып оқушыларында қоршаған ортаға деген қызығушылық басым, бірақ соған байланысты берілген ұғымдарды ашуға келгенде шорқақтық көрсетеді. Әңгіме барысында қойылған сұрақтарға оқушылардың қайтарған жауаптарында жүйеліліктің жоқтығы, нақты ұғымдар деңгейінің төмендігі, жауапты «иә», «жоқ» түрінде дәлелсіз қысқа ғана қайтаратындығы, бір- бірінің жауабын қайталайтындығы, ой қорыту дәрежесінің жетіспейтіндігі байқалды.
Сонымен қатар, географиялық ұғымдарға жататын ауа райы, климат, табиғат құбылыстары т.б. туралы анықтамаларды ажыратып айта алмады. Дүниетану сабақтарына керекті көрнекі және оқу құралдарының толық пайдаланылмайтындығын, ғылыми ұғымдардың жеткілікті түрде сараланбайтындығын, оқушылардың географиялық картамен жұмыс түрлерімен жаттықпағандығын, оқушылардың сөйлеу дағдысына да өз көңіл бөлінетіндігін көрсетті.
Тест тапсырмаларын орындаудың нәтижесінде мына жағдайлар байқалды:
- оқушылардың бұрынғы оқып өткен ұғымдарды ойда сақтау дәрежесінің төмендігі;
- табиғи заттардың басты қасиеттерін нақты ажырата алмайтындығы;
- табиғат құбылыстарының себеп-салдарын ғылыми тұрғыдан түсінбейтіндігі.
- сарамандық және бақылау жұмыстарының жүйелі жүргізілмейтіндігі тәжірибе жасау, географиялық картаны пайдалану, шартты белгілерді дұрыс оқи білуінің төмендігі;
-пайдалы қазбалардың, топырақтың түрлерін бір-бірінен ажырату, судың, ауаның қасиетін анықтау деңгейінің төмендігі байқалды.
Осы жоғарыда көрсетілген жағдайларды ескере отырып, бастауыш сынып оқушыларының географиялық, химиялық ұғымдарын қалыптастыруда мынадай жұмыстар жүргізілді:
- географиялық, химиялық ұғымдардың мазмұны мен жүйесі сараланды;
- географиялық, химиялық ұғымдарды қалыптастыру формасы мен әдістері берілді;
- мұғалімдерге арналған әдістемелік семинардың бағдарламасы жасалды;
- табиғат аясында өткізілетін топ серуен жоспары берілді;
- «Жас табиғат қорғаушылар» үйірмесінің жұмыс жоспары, қызықты
географиялық ойындар, өлкетану бұрышы, жасалды;
- географиялық, химиялық ұғымдарға байланысты тест тапсырмаларының
үлгісі құрастырылды;
- «Дүниетану анықтамалығы (1-4 сынып)» мұғалімдерге арналған көмекші құрал.
Бақылау және эксперименттік топтарында оқушылардың географиялық және химиялық ұғымдарын қалыптастыруда байқалған жағдай: оқушылардың табиғат нысандарын және құбылыстарын бейнелі-көрнекілік деңгейде қабылдап, біртіндеп абстрактілі деңгейге көшетіні байқалды. Себебі, бастауыш мектеп жасындағы оқушылар әдетте өте сезімтал және еліктегіш келіп, айқын табиғи бейнелер мен көріністерді және нысандарды, құбылыстарды сезім мүшелерінің көмегі арқылы нақты қабылдауға тырысады.
Келесі сатыда бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілген қалыптастыру экспериментінің мақсаты мен міндеті анықталды:
-
анықтау эксперименті кезінде сараланған географиялық және химиялық ұғымдар мазмұнын, жүйесін қалыптастыру эксперименті кезінде сабақта, сабақтан тыс іс-әрекет түрлерін ұйымдастыру барысында және топсаяхат кездерінде қолданып, оны оқушыларға меңгертудің жолдарын іздестіру;
-
оқушылардың географиялық және химиялық ұғымдарын қалыптастыруға байланысты дайындалған теориялық модельді іс-жүзінде қолдана отырып, зерттеу мақсатын жүзеге асыру;
-
зерттеу тақырыбына байланысты өзіміз ұсынған ұғым қалыптастыру барысында қолданылатын білім беру әдістерінің тиімділігін эксперимент арқылы анықтау;
-
мұғалімдердің теориялық және әдістемелік деңгейлерін көтеру мақсатымен, ұғым қалыптастыру мәселесіне байланысты семинар өткізу;
-
жоғарыда көрсетілген жұмыстар нәтижесінде бастауыш сынып оқушыларының географиялық және химиялық ұғымдарын қалыптастырудың әдістемесін мектептің іс-тәжірибесіне ұсыну.
Эксперимент кезінде әрбір сынып бойынша сабақтардың мақсатын, құрылымы мен түрлерін, берілетін географиялық және химиялық ұғымдардың мазмұндық құрамын анықтау, оқытудың әдіс-тәсілдері мен қолданылатын құралдарды іріктеу, таңдау, сабақ барысында оқушылардың орындайтын өзіндік іс-әрекеттерін белгілеу мәселелері үнемі назарда ұсталып, мұғалімдерге дайын сабақ жоспарларымен бірге әдістемелік кеңестер беріліп отырды.
Қалыптастыру эксперименті кезінде сабақ түрлерін өзгертіп отыру арқылы оқушылардың өзгермелі жағдайда ұғымдарын қолдану икемдіктерін көтеруге мәселесі ескерілді. Сонымен қатар, олардың әр сынып бойынша алған ұғымдарын кіріктіре отырып ұғымдардың саналы меңгерілуіне көңіл бөлінді. Себебі, бастауыш сыныптарда білім спиралды жүйемен белілу арқылы қайталана отырып кеңейтіледі. Өйткені, бұл сыныптағы оқушылардың жас еркшелігіне байланысты білімді сызықты жүйемен беру олардың тез ұмытуына әкеліп соғуы мүмкін болғандықтан, бастауыш сыныптарда сызықты жүйемен беру қолданылмайды. Білім мазмұны қайталана отырып, кеңею арқылы оқушылардың бұрын алған білімдері тірек білімнің рөлін атқарып және ол ұғымдар әрбір кезеңде жаңа мазмұнмен толықтырылып, байытылып отырады.
Қалыптастыру эксперименті кезінде оқытудың негізгі әдісі оқушылардың алдына олардың жас ерекшелігіне сай келетін мәселелерді қойып, оны шешуге өздеріні белсенді қатыстыру арқылы ұғым беру мақсаты үнемі назарда болды. Оқыту кезінде қойылған мәселелер оқушылардың оқу әрекеттері жүйесі арқылы шешіліп отырды. Олардың бірінішісі – қойылған мәселелерді қабылдауға байланысты әрекеттер, ал екіншісі – осы мәселелерді шешуге байланысты әрекеттер. Оқу әрекеттері бойынша пәндік мазмұнға байланысты негізгі ұғымдарды меңгеріп және олардың арасындағы байланыстарды іздеу, оның жауабын табу. Оқу әрекеттерінің көмегімен оқушылар өз жауаптарын талдайды, оқулықтағы мәтінді пайдаланып практикалық жұмыстар атқарады, қортындысында тиісті жауапты табуға үйренеді.
Дүниетану пәні негізінен жаратылыстану ғылымдарының кіріккен мазмұнынан тұратын болғандықтан, ұғым қалыптастыру кезінде осы ғылым саласына тән әдістер қолданылды. Бұларға тәжірибе, бақылау, талдау, анықтау, салыстыру, қортындылау, іздену т.б., әдістер тобы жатады. Бұл әдістер арқылы оқушының іздеу қабілетін, табиғатты бақылауға, бақылау кезінде басты құбылыстар мен ерекшеліктерді байқау икемдіктерін, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап табу қабілетін дамыту тұстарына баса көңіл бөлінді. Осылардың негізінде оқушыларға нақтылы құбылыстар, деректер мен ерекше белгілерді, заттардың қасиеттерін білдіретін теориялық және практикалық ұғымдар меңгеру мақсаты жүзеге асты.
Оқушылар қалыптастыру экспериментінің нәтижесінде табиғат туралы кез-келген сұраққа саналы түрде жауап қайтаруға, оқулық бойынша, өздігінен бақылау және практикалық жұмыстар орындау нәтижесінде, дұрыс жауап таба білуге, өзін- өзі тексеруге жаттықты. Мәселен, 2- сыныпта оқушылар көкжиек тұстарымен танысады. Оған байланысты тұстардың атын, оны қалай анықтау жоларын біледі. Енді олардың осы ұғымдарын бекіту мақсаты практикалық жұмыстар орындату арқылы жүзеге асырылады. Ол үшін мұғалім әр оқушының өз үйінің мектептен қай бағытта орналасқандығын анықтап, мектепке келетін жолындағы кездесетін заттарды әр қайсысын өз бағытында орналастырылып, шартты белгілер арқылы қағазға түсіріп, мектепке келетін жолының сызбасын жасау үйге тапсырады. Бұл жағдайда оқушылардың осы мәселені қалай шешуді, оны жүзеге асыру үшін не істеу керектігін білуі қажет. Бұл жұмыстарының нәтижесін оқушылар бүкіл сынып бойынша бірігіп талқылайды. Бір – бірінің қатесін шығарады. Жұмысты орындау барысында оқушылар әр түрлі шартты белгілерді қолдануға жаттығады. Жұмыс нәтижесін талдау кезінде оқушылар көптеген жаңа сөздерді (дүкен, жол қиылысы, базар, автокөлік, аялдама, саябақ т.б.) қолданады. Шартты белгілерді дұрыс қолдану, негізгі көкжиек тұстарын дұрыс көрсету, әр нысанда өз бағытында орналастыру бұл келешекте 3-4 сыныптарда картамен жұмыс істеуге дайындайды.
Мұғалімнің оқыту және оқушылардың оқу әрекеттерінің байланыстылығын қамтамасыз ете отырып, оқушылардың белсенділігін арттыратын әдістерді қолдану арқылы бастауыш сыныпта географиялық, химиялық ұғым қалыптастыруға болатындығына көз жеткіздік.
Эксперимент нәтижесін қортындылау кезінде әр сыныпқа бақылау сұрақтары мен тапсырмалар беріліп, соған қайтарған жауаптар мен орындаған сарамандық жұмыстардың нәтижесі қортылды. Бақылау сыныптары мен эксперименттік сынып оқушыларының білім деңгейі, сарамандық жұмыс орындаудағы біліктіліктері және алған ұғымдарын қолдану құзіреттілігі де сараланды.
Сұрақтар мен тапсырмаларды орындатумен қатар белгілі бір тарау бойынша оқушылардың бір- біріне сұрақтар қойғызып, өз ойларын айтқызу арқылы да, алған ұғымдарын қолдана алу деңгейін де байқауға тырыстық. Бұл жұмысты қортындылау кезінде мына мәселелерге көңіл аударылды:
-
Бақылау сыныбы мен эксперименттік сынып оқушыларының қойған сұрақтарының тақырыпқа сәйкестігі;
-
Әр сынып бойынша сұрақ қоюға оқушылардың белсенділік деңгейі;
-
Оқушылардың сұрақтарға қайтарған жауаптардың сапасы;
-
Тәжірибе әдістерін қолдануға байланысты қойылған сұрақтар;
-
Практикалық әдістерді қолдануға байланысты қойылған сұрақтар;
-
Бақылау әдістерін қолдануға байланысты қойылған сұрақтар.
-
Сұрақ қою барысында оқушылардың ұғымдарды қолдану деңгейлері т.б.
Осы жұмыстар барысында алынған мәліметтер эксперименттік топта табиғатқа байланысты ұғымдардың қалыптасқандағын байқатты. Оқушылар өздері қойған сұрақтары мен тапсырмаларында географиялық атауларды, құбылыстарды, заттардың қасиетін, шартты белгілерді, т.б. ой қорытуға қажетті ұғымдарды қолдана алды. Бақылау сыныбындағы оқушылардың сұрақты жүйелі қоюға және ойларын тұжырымдап айтуға шорқақтығын байқатты. Сұрақ қоюға ұмтылмаған оқушылар да кездесті. Ал кейбір оқушылар сұрақ қоюға ұялып, өздеріне сенімсіздік көрсетті. Көптеген сұрақтардың құрылымы мен мағынасы дұрыс болмады. Бақылау сыныбындағы оқушылардан неге сұрақ қоймайсыңдар? - деп сұрағанда, олардың жауаптар әр түрлі болды. Мысалы: «… мен не істеу керектігін мүлдем түсінген жоқпын», «менде қояр сұрақ жоқ», «Сұраққа қажетті сөздерді тауып, айту қиын», т.б.
Эксперименттік сыныптардың оқушылары географиялық және химиялық ұғымдарды қолдана отырып сұрақтары мен тапсырмаларды көп қойып, оларды өздері біріге отырып шешті. Қойған сұрақтардың географиялық және химиялық ұғымдарға тікелей қатыстылығы байқалды. Бұл эксперименттік сынып оқушыларының өздігінен жұмыс жасауға, ойларын тұжырымдап айтуға, ұғымдарын іс жүзінде қолдануға жаттыққандығын көрсетті.
Біз тәжірибелік–сынақ жұмыстарымызды қорытындылаған кезде қойылған сұрақтар мен оған қайтарылған жауаптардың дұрыстығын бағалаумен қатар, оқушының ойлау әрекетінің деңгейін, ұғымдарды қолдану біліктіліктерін байқауға тырыстық. Эксперименттік сынып оқушыларының сұрақ шешімдерін іздеу әдістері, өз әрекеттерін бағалау, ой қорыту қабілеттілігі байқалды.
Эксперименттік сынып оқушылары сабақ барысында мұғалімге әр түрлі сұрақтар қоюмен қатар, тапсырманы орындау әдістерін түсіндіруді талап ететін деңгейге көтерілді. Бақылау сыныбының оқушылары шартты белгілерді қиналды және дұрыс белгілей алмады. Бұл оқушылардың сабақ барысында көбінесе тыңдаушы мен көрермен ретінде болғандығын байқатты. Ал, эксперименттік сынып оқушылары өздігінен әрекет жасап, белсенділік көрсетуге, осының нәтижесінде білімді саналы қабылдауға дайын, ойлау мен елестету, іздену қабілеттерінің басымдығын байқатты.
Тәжірибелік эксперименттің қалыптастыру кезеңі бойынша бастауыш сынып оқушыларының географиялық және химиялық ұғымдарды меңгеру деңгейінің көрсеткіштері төменгі кестеде берілді. Тәжірибелік-эксперименттің бекіту кезеңі бойынша бастауыш сынып оқушыларының географиялық және химиялық ұғымдарды меңгеру деңгейінің көрсеткіштері төмендегі кестеде (2-кесте) және суретте (3-суретте) берілді.
2 – кесте. Бастауыш сынып оқушыларының географиялық және химиялық ұғымдарды меңгеру деңгейінің көрсеткіштері деңгейлерінің салыстырмалы көрсеткіштері
Өлшемдері
|
Бақылау тобы (134 оқушы)
|
Эксперименттік топ (136 оқушы)
|
Экспериментке дейін
|
Эксперименттен кейін
|
Экспериментке дейін
|
Эксперименттен кейін
|
Ж
|
О
|
Т
|
Ж
|
О
|
Т
|
Ж
|
О
|
Т
|
Ж
|
О
|
Т
|
Географиялық және химиялық ұғымға қызығушылығы
|
36
|
59
|
39
|
37
|
60
|
37
|
39
|
64
|
33
|
49
|
75
|
12
|
27%
|
44%
|
29%
|
28%
|
45%
|
27%
|
29%
|
47%
|
24%
|
36%
|
55%
|
9%
|
Географиялық және химиялық ұғымдарының болуы
|
35
|
58
|
42
|
35
|
60
|
39
|
37
|
61
|
38
|
52
|
76
|
8
|
25%
|
43%
|
32%
|
26%
|
45%
|
29%
|
27%
|
45%
|
28%
|
38%
|
56%
|
6%
|
Географиялық және химиялық ұғымдарды қолданудағы іс-әрекеттері
|
25
|
62
|
37
|
44
|
76
|
14
|
38
|
64
|
34
|
53
|
78
|
5
|
26%
|
46%
|
28%
|
33%
|
57%
|
10%
|
28%
|
47%
|
25%
|
39%
|
57%
|
4%
|
Орташа көрсеткіш
|
26%
|
44%
|
30%
|
29%
|
49%
|
22%
|
28%
|
46%
|
26%
|
38%
|
56%
|
6%
|
3 – сурет. Бастауыш сынып оқушыларының географиялық және химиялық ұғымдарды меңгеру деңгейінің көрсеткіштері деңгейінің салыстырмалы нәтижесі
Анықтау және қалыптастыру эксперименттеріндегі көрсеткіштерді салыстыра келе, соңғы бекіту кезеңінің нәтижесі шығарылды. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың салыстырмалы нәтижесі төмендегі суретте көрсетілді
Қорыта келгенде, бастауыш сынып оқушыларына географиялық және химиялық ұғым қалыптастыру ісі жаңа технологияларды қолданып, оқушылардың ізденушілігін дамыта отырып, сабақта және сабақтан тыс жұмыстарды байланыстыра жүргізу нәтижесінде ұсынған әдістеме тәжірибелік эксперимент жағдайында ғылыми болжамның дұрыстығын дәлелдеді.
Тәжірибелік-сынақ жұмыстары барысында педагогикалық іс-тәжірибесіне байланысты географиялық және ұғымдарды қалыптастыру үрдісін белсендіруде мұғалімдер тарапынан кездесетін кемшіліктер де анықталды. Бұл біріншіден, ұғым қалыптастыруға байланысты мұғалімдерге арналған әдістемелік құралдың жоқтығы. Екіншіден, мұғалімдердің ұғым қалыптас тыруды жүзеге асыру барысында қолданылатын белсенді әдістерді іріктеп сабақ барысында және сабақтан тыс жұмыстар барысында пайдалану шеберліктерінің төмендігі. Үшіншіден, дүниетану сабақтарының жаратылыс тану ғылымдарына сәйкес әдістермен оқытылмай, гуманитарлық пәндерге тән әдістермен оқытылатындығы. Төртіншіден, сабақ барысында оқушылардың белсенділігін арттыруға аз көңіл бөлінетіндігі және оқушының дербес өзіндік әрекетін ұйымдастырудың жеткіліксіздігі. Бесіншіден, практикалық жұмыстар орындату жағына аз көңіл бөлінетіндігі. Алтыншыдан, бақылауды ұйымдастырып, оның нәтижесін сабақта пайдалану тұстарының төмендігі.
Достарыңызбен бөлісу: |