«Альфа-Банк» еб ақ


«Альфа-Банк» ЕБ АҚ операцияларын жүргізудің жалпы талаптары туралы осы Ережеде (бұдан ары – Ереже) келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады



бет2/7
Дата17.06.2016
өлшемі0.49 Mb.
#141954
1   2   3   4   5   6   7

«Альфа-Банк» ЕБ АҚ операцияларын жүргізудің жалпы талаптары туралы осы Ережеде (бұдан ары – Ереже) келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:





Терминдер

Анықтамалар

Аккредитив

Клиенттің өтінімі бойынша және нұсқауына сәйкес қабылданған немесе өз қарауы бойынша, Банктің міндеттемелерін көздейтін құжаттық есептер формасы, бенефициар көрсеткен немесе оның бұйрығы бойынша төлем жүргізу немесе бенефициар қойған аударылатын вексельдердің акцепті және төлемін жүргізу, немесе белгіленген мерзімге аккредитивтер қарастырылған құжатқа қарсы негоциация, егер аккредитивтердің барлық талаптары сақталғанда

Банк

"Альфа-Банк" Еншілес Банк Акционерлік Қоғамы (бас кеңсе, филиалдар мен өкілдіктер)

Банктік қызметтер

Банк жүзеге асырған банктік операциялардың жеке түрлері

Банктік шот

Банктік тәжірибеде қолданылатын іскер айналымның жоралғылары мен ҚР заңнамасымен, шартпен қарастырылған, Клиент банктік қызмет көрсетудің жүзеге асыруымен байланысты Банктік операциялар жасауы мен ақша қабылдау бойынша Клиент пен Банк арасындағы шарттық қатынастардың көрініс тәсілі

Салым бойынша сыйақы

банктік салым шартымен анықталатын көлемде салым сомасына сыйақы.

Банк салымы (Депозит)

Бірінші талап бойынша немесе қандайда бір мерзімде толығымен немесе бөліп, қайтарылуы керек еместігіне байланысты емес номиналды түрде қайтару талабымен салымшының Банкке беретін ақшасы, алдын-ала келісілген үстеме ақымен немесе онсыз тікелей салымшыға немесе оның тапсырысымен үшінші тұлғаға берілген

ББ

"Альфа-Банк" ЕБ АҚ Бас банк (кеңсе)

СЖТМ

Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі

Кепілдендірілген салымдар

«Кепілдендірілген депозиттердің Қазақстандық қоры» Акционерлік қоғамы (бұдан ары – КДҚҚ) белгілеген соманың шегінде, банктік салым шарттарымен куәландырылған жеке тұлғалардың олар бойынша сыйақы есептелмеген барлық салымдары;

Банктік қызмет көрсету шарттары (шот, төлем тік қарыздар)

Орындалатын операциялардың түрлері бойынша олардың өзара қарым-қатынастарын реттейтін Клиент пен Банк арасында жасалған шарт

Қарыз (несие)

Белгілі бір мақсат үшін банктік қарыз шартының негізінде жеделдік, қайтарымдылық, қамтамасыз етушілік және төлемділік талаптарында банктің ақша беруі. Кейбір жағдайларда ҚР заңнамасына сәйкес, Қарыздар қамтамсыз етусіз берілуі мүмкін (бланктік қарыз).

Қарыз алушы, борышқор

Банктік қарыз (несие) алу туралы шартқа қол қойған, қарыз (несие) алған және алған ақшаны қайтару бойынша және алған қарызды (несие) толық төлеу бойынша өзіне міндеттемелер қабылдаған жеке немесе заңды тұлға, соның ішінде несие бойынша сыйақы мен басқа төлемдер бойынша

Жеке кәсіпкер

Заңды тұлғаның қалыптасуынсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға

Несие бөлімшесі

Қызметтік міндеттемелер бойынша несиелермен жұмыс істеуге сенім берілген ББ құрылымдық бөлімшесі/Банк Филиалының Жұмысшылары, Банк Бөлімшесінің Жетекшілері

Клиент

Банкке қызмет етуші ҚР резидент немесе бейрезидент немесе заңды немесе жеке тұлға

Банк Комиссиясы

белгілі бір операцияларды жүзеге асыру үшін Банктің Клиенттен алатын сомасы

Банктің активтері мен пассивтерін басқару жөніндегі Комитет (бұдан ары – «АПБК»)

Банк Директорларының Кеңесі бекіткен лимит шегінде, оның құзырына кіретін мәселелер бойынша, соның ішінде сыйақылардың мөлшерлемесін, мерзімдері және банктік өнімдердің валюта түрлерін тағайындау бойынша шешім жасап және қабылдайтын Банктің алқалық органы

Несие Комитеті

Негізгі міндеті Банктің Несие саясатын жүзеге асыру, лайықты тәуекел деңгейін сақтап Банктің несие портфелін және кірісін көбейту мақсатында жобаларды қаржыландыру туралы шешім қабылдау болып табылатын, Банктің тұрақты түрде жұмыс істейтін алқалық органы.

Банк Лицензиясы

Банктік және басқа операциялар мен шет ел және ұлттық валютада құнды қағаздар нарығындағы әрекеттерді жүргізуге арналған Уәкілетті орган берген лицензия

ҚР бейрезиденті

«ҚР Резиденттері» түсінігінде көрсетілмеген, барлық заңды тұлғалар, олардың өкілдіктері мен филиалдары, сондай-ақ жеке тұлғалар

ҚР ҰБ

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

Операциялық күн

Банктік өнімдер бойынша Клиенттерге қызмет көрсету жүргізілетін Банктің жұмыс күні. Келесі жұмыс балансында қамтылатын, Операциялық күн аяқталғаннан кейін Банкке келіп түсетін құжаттар, келесі жұмыс күнінің балансында қамтып көрсетіледі.

Төлем карточкасы

Төлем карточкасын шығарушы анықтаған және оның талаптарында, осындай карточка ұстаушыға төлемді жүзеге асыруды, қолма-қол ақша алуды, валюта айырбастауды және басқа операцияларды жүргізуге мүмкіндік беретін ақпараты бар, электронды терминалдар мен басқа қондырғылар арқылы ақшаға қол жеткізу құралы;

ҚР

Қазақстан Республикасы


ҚР Резиденттері

- ҚР азаматы, соның ішінде уақытша шет елдегі немесе ҚР одан тыс мемлекеттік қызметтегі азаматтар, сол мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілген шет ел мемлекетінде тұрақты тұру құқығымен құжаты бар ҚР азаматтарынан басқа;

- ҚР тұрақты тұруға құқығымен құжаты бар шет ел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар;

Орналасқан орны ҚР аумағындағы, ҚР заңнамасына сәйкес құрылған барлық заңды тұлғалар, сондай-ақ ҚР және одан тыс жердегі олардың өкілдіктері мен филиалдары;

- ҚР тыс жерлердегі, ҚР дипломатиялық, сауда және басқа ресми өкілдіктері;



Қалыптық тариф

Осы санат бойынша барлық Клиенттерге таралатын және тариф жинағына қосылатын тарифтер (жеке тұлға немесе заңды тұлға немесе банктер-корреспонденттер)

Тариф

Банк банктік операцияларды жүзеге асыру үшін Тарифтік комитет белгілеген Клиентке қызмет көрсету үшін төлем мөлшерлемесінің жүйесі

Тарифтік Комитет

Негізгі міндеті Банк Директорлар Кеңесі бекіткен лимит шегінде жаңа және қолданыстағы қызмет түрлеріне тарифтер, банктік қызмет өнімдерін белгілеу болып табылатын Банктің тұрақты жұмыс істейтін алқалық органы.

Ағымдағы шот

Банктік операциялардың жеке түрін жүзеге асыратын мекеме мен банктің банк шотынан басқа, жеке немесе заңды тұлғалардың (заңды тұлғаның жекешеленген бөлімшесі) банктік шоты

Банктің уәкілетті органы

Банктің тиісті ішкі нормативтік құжаттары анықтаған өкілеттілік шегінде әрекет ететін, сондай-ақ ҚР заңнамасына сәйкес оған тағайындалған (анықталған) өкілеттілік

(жағдайға байланысты Банктің Директорлар кеңесі, банктің басқармасы, бас Несие комитеті, сондай-ақ Банктің басқа алқалық және жекеше органдары) шегінде шешім қабылдауға сенім білдірілген банктің алқалық немесе жекеше органы.



Банктің өкілетті тұлғасы

Басқарма Төрағасының/ Филиал Директорының, бұйрығы/сенімхатымен, Банк Жарғысымен жүктелген құзыры шегінде Клиент Банкке келгенде өз жұмысын жүзеге асыратын Банктің жауапты тұлғасы.


2 Бөлім. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
2.1. Осы Ереже «Қазақстан Республикасының Банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңнамасы және ҚР басқа нормативтік құқықтық актілері, Банк Жарғысына сәйкес және негізінде, ҚР заңнамасында және Банк лицензиясымен қарастырылған белгіленген Банктің операцияларды жүргізуін реттеу мақсатында жасалған.

2.2. «Альфа-Банк» ЕБ АҚ 1994 жылы желтоқсанда құрылды, «АЛЬФА-БАНК» АҚ (Ресей Федерациясы) Еншілес Банкі болып табылады және № 236 құнды қағаздар нарығының қызметтері мен банктік және басқа операцияларды жүргізуге арналған Лицензияға сәйкес операцияларды жүзеге асырады. Банкке салымды (депозитті) міндетті кепілдендіру (сақтандыру) жүйесіне қатысу туралы 17.02.2005 жылғы № 018 Куәлік берілді.

2.3. «Альфа-Банк» ЕБ АҚ қызметінің басым бағыттары Қазақстан мен Ресейдің арасындағы қаржы ағымына жедел қызмет көрсету, сондай-ақ ҚР төңірегінде жеке және заңды тұлғаларға сапалы қызмет көрсету болып табылады.

2.4. Банктің ҚР аумағында филиалдары мен өкілдіктері бар.

2.5. Банк жеке және заңды тұлғаларға – Клиенттерге банктік қызмет көрсетудің кең кешенін ұсына отырып, өз жұмысында заманауи қаржы мен электронды технологияларды қолданады.

2.6. Банк Банк Лицензиясына, ҚР заңнамасына, Банктің ішкі құжаттарына сәйкес мыналарды өткізуді жүзеге асыруға құқылы:



1. Шетел және ұлттық валютадағы банктік операциялар:

- депозиттерді қабылдау, жеке және заңды тұлғалардың банктік шоттарын жүргізу мен ашу;

- банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын мекеме мен банктердің корреспондентік шоттарын жүргізу мен ашу;

- кассалық операциялар: қолма-қол ақшаны қабылдау және беру, оған қоса оларды ұсақтау, айырбастау, қайта есептеу, іріктеу, орау және сақтау;

- аударым операциялары: ақша аудару мен төлеу бойынша жеке және заңды тұлғалардың тапсырмаларын орындауы;

- есеп операциялары: вексельдерді (дисконт) есептеу және жеке және заңды тұлғалардың басқа қарыз міндеттемелері;

- банктік қарыз операциялары: қайтарымдылық пен жеделдік, төлемдік талаптарында ақша түрінде несиелер беру;

- шет ел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру;

- банкнотты, тиын мен құндылықтарды инкассациялау;

-инкассоға төлем құжаттарын қабылдау (вексельдерден басқа);

- аккредитивтерді ашу (ұсыну) мен растау және олар бойынша міндеттемелердің орындалуы;

- ақша түрінде орындауды көздейтін банктік кепілдіктерді беру;

- ақша түрінде орындауды көздейтін үшінші тұлғалар үшін банктік тапсырыстар мен басқа міндеттемелерді беру;

Шет ел және ұлттық валютадағы басқа операциялар:

- вексельдермен операциялар: инкассоға вексельдер қабылдау, төлеушінің вексель төлемі бойынша қызметтерді ұсыну, сондай-ақ делдалдық тәртіпте домицилирленген вексельдерді төлеу, вексельдерді акцептеу;

- лизингтік қызметтерді жүзеге асыру;

- өзінің құнды қағаздарын шығару (акциядан басқа);

- факторингтік операциялар: төлемеу қаупін қабылдап, тауарларды (жұмыстар, қызметтер) сатып алушыдан төлем талап ету құқығын талап ету;

- форфейтингтік операциялар: (форфетирлендіру): Сатушыға айналымсыз вексел сатып алу жолымен тауарларды (жұмыстар, қызметтер) сатып алушының қарыздық міндеттемелерін төлеу;

- сенімді операциялар: Сенім білдірушінің тапсырмасы бойынша және мүддесінде ақшаны басқару;

- сейфтік операциялар: құжаттық үлгіде шығарылған құнды қағаздарды клиенттердің құжаттары мен құндылықтарын сақтау бойынша қызметтер, оған қоса сейфтік жәшіктер (ұяшықтарды), шкафтар мен жайларды жалға алу;



2. Құнды қағаздар нарығындағы қызметтер:

- Номиналды ұстаушы ретінде клиент шотын енгізу құқығымен құнды қағаздар нарығындағы брокерлік және дилерлік қызметтер (№0401100946)

2.7. Осы Ереженің мақсаты Банктің стратегиялық міндеттерін жүзеге асыру және жоғарғы білікті қызмет көрсету, тұрақты қызмет ету, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқықтық тәртіп шегінде банктік операцияларды жүргізу шегі мен негізгі өлшемдерін анықтау болып табылады. Банк осы Ережеде көрсетілген шекте өз бетінше нақты факторларға байланысты Клиентке ұсына алатын талаптарды белгілейді.

2.8. Осы Ережеде Банктің операциялар жүргізуінің жалпы талаптары белгіленеді.

2.9. Банктік және басқа операцияларды жүзеге асырған кезде Банктің Клиенттермен қарым-қатынасы, Банктің басқа ішкі құжаттарымен және осы Ережемен, ҚР заңнамасына сәйкес жасалған шарт негізінде құралады.

2.10. Шетел Клиенттерімен банктік операцияларды (мәміле жасау) жүзеге асырған кезде және Банк (бейрезиденттер) пен Клиент ҚР заңнамасына, сондай-ақ көпшілік қабылдаған (жүйеленген) халықаралық ережелер мен ғұрыптарға, ҚР ратифицирлеу мен Клиенттің әрекетіне жататын юрисдикцияға ҚР мемлекеті қол қойған халықаралық жағдайлардың шарттарына сүйенеді.

2.11. Банкте банктік операцияларды жүргізу бойынша шұғыл тапсырмаларды шешу Банктің тұрақты түрде жұмыс істейтін алқа және жұмыс органдары жүзеге асырады.

2.12. Ереже келесі мәліметтер мен процедуралардан құралады:

- қабылданатын депозиттер мен ұсынылатын несиенің шекті сомасы мен мерзімі;

- несие мен депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшері;

- несие мен депозиттер бойынша сыйақыны төлеу талаптары;

- Банк қабылдайтын қамтамасыз етудің талаптары;

- банктік операциялар жүргізуге арналған тарифтер мен мөлшерлемелер;

- банктік қызметтерді ұсыну туралы шешімді қабылдаудың шекті мерзімі;

- банктік қызметтерді ұсыну процессінде туындайтын, Клиенттердің өтінімін қарау тәртібі;

- Банк және Клиенттердің құқығы мен міндеттемелері, олардың жауапкершілігі;


2.13. Ереже ашық ақпарат болып табылады және банктік немесе коммерциялық құпия заты болып табылмайды. Банк Ережені өз ғаламтор-сайтына енгізеді және Клиенттердің бірінші талабы бойынша оларға таныстыру үшін оларды ұсынады.

2.14. Банк банктік құпияны сақтау бойынша барлық шараларды, оған қоса депозиторлар, Банктің клиенттері мен корреспондеттерінің банктік шотының бар – жоғы, иелері және банк шоттарының нөмірлері, осы шоттардағы қалдықтар мен ақша қозғалыстары және Банктің өзінің шоттары, банктің операциялары туралы (банк операцияларын жүргізудің жалпы талаптарынан басқа), сондай-ақ Банктің жайларында және шкафтарында, сейфтік ұяшықтарында сақталатын, Клиенттердің мүлкінің бар-жоғы, иелері, сипаты және құны.

2.15. Банк өз депозиторларының, Клиенттерінің және корреспонденттерінің операциялары мен депозиттері бойынша құпияны, сондай-ақ Банк жайындағы және шкафтарында, сейфтік ұяшықтарда сақталатын мүліктің құпиясын.

2.16. Банк операцияларын жүргізу талаптары туралы, сонымен қатар осы Ережелер қозғамаған қосымша ақпараттарды алу үшін, Банк клиенттері тікелей Банкке, филиалдың құрылымдық бөлімшесіне/өкілдігіне, Банктің Call Center-не хабарласуына немесе мына мекен-жай бойынша: http://www.alfabank.kz/Банктің вэб-сайтына орналасқан, ақпараттармен танысуға құқылы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет