-
Банк ҚР заңнамасына және Банктің ішкі құжаттарына, жасалған банктік қызмет көрсету шартының талаптарына сәйкес банктік шоттағы ақша қалдығының шегінде Клиенттің тапсырмасы бойынша аударымдар мен төлемдерді жүргізеді.
-
Клиент Банк оларды орындаған сәтке дейін Банкке алдында ұсынылған төлем құжаттарын жоюды жүргізуге, валюталандырудың болашақтағы күнін көрсетіп төлемді жүзеге асыруға құқығы бар.
-
Клиентке оның банктік шоты бойынша көшірме ұсынылады. Клиенттердің банктік шоттары бойынша операциялар Банк белгілеген операциялық күннің ішінде, сондай-ақ Банкте қолма-қол ақша алу мүмкіндігі болғанда операциялық күннен кейінгі мерзімге жүргізіледі.
-
Клиенттің банктік шотынан оның келісімінсіз ақша алу, банктік қызмет көрсету шарты және/немесе ҚР заңнамасы белгілеген негіз бен тәртіпте шығарылған тапсырманың төлемдік талаптары мен инкассалық бұйрықты орындауды Банк жүргізеді.
-
Клиент ҚР заңнамасы белгілеген тәртіпте ағымдағы және жинақ шотқа (Салымның талаптырына сәйкес) қолма-қол ақшасыз және қолма-қол ақшаны енгізуге құқылы. Банктік шоттар бойынша операцияларды жүргізу үшін Клиенттерден Банктің қолданысындағы тарифтеріне сәйкес комиссия алынады.
-
Банктік шоттарға қызмет көрсету үшін Банк осы Шарттың № 3,4,5,11 Қосымшасында белгіленген Банктің қолданыстағы Тарифтеріне сәйкес комиссиялар алады.
6 Бөлім. ТӨЛЕМ КАРТОЧКАСЫН ҚОЛДАНУМЕН ОПЕРАЦИЯЛАР ЖҮРГІЗУ ЖӘНЕ КЛИЕНТТЕРГЕ ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІҢ ЖАЛПЫ ТАЛАПТАРЫ
6.1. Банк өз Клиенттеріне – жеке және заңды тұлғаларға VISA International халықаралық төлем жүйесінің төлем карточкаларының кең таңдауын ұсынады. Шот Клиенттерге ұлттық және шетел валютасымен ашылады (АҚШ доллары, евро)
6.2. Төлем карточкасы Карта ұстаушыларға төменгі мүмкіндіктерді ұсынады:
-
Қолма-қол ақша алу;
-
Сауда және қызмет көрсету кәсіпорындарында тауарлар және/немесе қызметтерді қолма-қол ақшасыз тәсілмен төлеу;
-
Банктік қарыз алу мүмкіндігі (несие лимиті);
-
VISA International халықаралық төлем жүйесі мен Банк қарастырған басқа операциялар.
6.3. Банк Клиенттерге - заңды тұлғаларға келесілерді ұсынады:
-
ұстаушылары заңды тұлға қызметкерлері болып табылатын корпоративті төлем карточкалары;
-
жұмысшылардың төлем карточкасына ақшаны есептейтін, Банктің жалақы жобасына қатысуы;
6.4. Банк Клиенттерге - жеке тұлғаларға келесілерді ұсынады:
-
төлем карточкасын ұстаушының банктік шотындағы меншік қаражатының қалдығы шегінде ақшаны шығындауды болжайтын төлем карточкалары;
-
Банк белгілеген тәртіпте олар өтейтін, төлем карточкасын ұстаушы Банк несиесінің есебінен сатып алуды жүзеге асыратын несие лимитімен төлем карточкалары.
6.5. Клиент алатын төлем карточкаларының түрлері мен санына шек қойылмайды. Клиент бір шот бойынша бір негізгі төлем картасын ала алады. Төлем карточкасын ұстаушылар – жеке тұлға қосымша карточкалар шығару жолымен өз шотына басқа жеке тұлғаға кіру құқығын бере алады.
-
Банк Клиентке төлем карточкасын беруді төлем карточкасын алуға Клиенттің берген
өтінішінің және жасалған банктік қызмет көрсету шартының негізінде жүргізеді.
-
Төлем карточкаларымен операциялар бойынша Банк лимиттер мен шектеулер белгілейді
олар Банктің һttp://www.alfabank. kz. Веб-сайтында орналасқан.
-
Ереженің 6.8.т. белгіленген шектеулерді алу және лимитті өзгерту шот иесінің Банкке
өтінім айтуынан және оның ақшаның шығуын растайтын құжаттарды ұсынуынан кейін
жүзеге асырылады (банкпен қарастырылған жағдайларда).
6.9. Төлем карточкалары 14 (Он төрт) жасқа толған ұстаушыларға шығарылады.
6.10. Төлем карточкасын қолдану, Банк пен Клиенттің құқықтары, жауапкершілігі мен
міндеттері, тиісті шотттарды ашу, карточканы ресімдеу ҚР заңнамасымен, төлем
карточкаларының жұмыс істеу жүйесінің ережелерімен, Банктің үлгілік шарттары мен
ішкі құжаттарымен реттеледі.
-
Төлем карточкалары бойынша операцияларды жүргізу үшін осы Ереженің №№5,6,9,
Қосымшасында көрсетілген Банктің қолданысындағы Тарифтеріне сәйкес комиссия
алынады.
7 Бөлім. БАНКТІК ШОТТАРДЫ АШПАЙ АУДАРЫМДАР МЕН ТӨЛЕМДЕР
-
Банк ҚР заңнамасы мен Банктің ішкі құжаттары белгілеген тәртіпте банктік шотты ашпай ақшаны аудару бойынша қызметтерді ұсынады.
-
Операцияларды жүргізу үшін Банк Клиенттерден осы Ереженің № 3,4,5,11 Қосымшаларында белгіленген Банк тарифтеріне сәйкес комиссиялар алады.
8.1. Банктік шоттарды жабу төмендегілер бойынша жүргізіледі:
-
Егер басқа ҚР заңнамасында немесе банктік қызмет көрсету шартында қарастырылмаған жағдайда, кез-келген уақытта шотты жабу негіздемесін көрсетіп Клиенттің өтініші бойынша;
-
1 жылдан астам уақытта заңды тұлғаның шоты бойынша ақша қозғалысы мен ақша болмаған жағдайда;
-
Егер басқасы ҚР заңнамасында және/немесе банктік қызмет көрсету шартында қарастырылмаған жағдайда, 3 жылдан астам уақытта жеке тұлғаның шоты бойынша ақша қозғалысы мен ақша болмаған жағдайда.
8.2. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің банктік шотын жабу, ҚР Қаржы министрлігінің осы мемлекеттік мекемеге банктік шотты ашуға берілген рұқсатты қайтарып алған жағдайда, Банк жүргізеді.
8.3. ҚР заңнамасында қарастырылған жағдайларда банктік шотты жабу мүмкін емес.
8.4. Жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның банктік шотын, сондай-ақ жеке тұлғаның- бейрезиденттің ағымдағы шотын жапқаннан кейін, ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес, ол туралы салық қызметінің тиісті органдарына хабарлайды.
8.5. Шотты жабу үшін осы Ереженің № 3,4,5 Қосымшасында белгіленген Банк тарифтеріне сәйкес комиссия алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |