Алғы сөз Типтік бағдарлама


Мәдениет - таңбалар мен белгілер әлемі



бет32/91
Дата15.09.2022
өлшемі1.15 Mb.
#460817
түріСеминар
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   91
УМКД. Мәдениет

Мәдениет - таңбалар мен белгілер әлемі.

  • Семиотика мәдениетінің негіздері

  • Мәдениет формалары: өнер, дін, мораль, ғылым, құқық, саясат.

    Ұлттық мәдениеттің ойдағыдай зерттелуі этникалық немесе ұлттық психологияның мәліметтері де тығыз байланысты болып келеді. Нақты тарихи тәжірибе негізінде әрбір нәсілдің, тайпалар мен халықтардың психикалық өмір салтының ерекшеліктерін байқай отырып, “этнопсихология” рухтың не белгіш бір ұлттың қайталанбайтын өзіндік қаситтері жөніндегі Гегелъдің, Гумбольдтың және олардың ізбасарларының философиялық қағидаларына барып тіреледі. Ресейде жекелеген халықтардың, олардың ішінде, орыс халқының мәдени-психологиялық сипаттамасын Н.А.Бердяев тамаша сипаттап берген болатын. Этнопсихологиялық зерттеулер ұлттық мәдениетті жасаушылардың психологиялық ерекшеліктерін есепке ала отырып, кез келген ұлттық мәдениеттің өзіне тән ғана сипатын ашып көрсетуде қомақты табыстарға жетіп отыр. Мысалы: орыс биінің, аргентин тангосының, негрлер музыкасының терең ұлттық мәнін тамаша рухани дүниелерді өмірге келтірген халықтың ұлттық мінезін ескергенде ғана толық түсінуге мүмкіндік алған болар едік.


    XX ғасырда мәдениеттану ғылымының дамып, одан әрі қалылтасуына өзіндік үлес қосқан ғылым салаларына сипаттама беруді аяқтай отырып, тағы бір ғылым саласын ерекше атап өтуді жөн көрдік. Ол-белгілер мен таңба жүйесін зерттейтін семиотика ғылымы. Бұл жас, әрі кажетті ғылым салалсы аз уақыт шеңберінде мәдениеттану ғылымымен біте қайнасып кетті десек қателеспеген болар едік. Семиотикалық тәсіл лингвистика, әдебиет, кино, театр теориясында, қоғамдық ғылымдарда және басқа да ғылым салаларында кеңінен қолданылуы, онымен тіпті информатика мен кибернетика да тамашща үндестік табуда. Демек, мәдениеттанудың басқа ғылым салаларымен өзара сабақтастықта дамуына және “мәдениет” мәселесімен барлық ғылымдардың айналысатындығына қарап. “мәдениеттану жеке пән ретінде бар ма ? деген ой да туып қалуы ғажап емес. Біздің айтарымыз, мәдениеттану-ғылымның жеке саласы ретінде өзінің алғашқы қадамын жасауда, сондықтан оның болашағы да зор болмақ.
    Семиотика мәдениетінің негіздері Семиотика белгілер туралы ғылым. Семиотика пәні - адам мен әлем арасындағы қарым-қатынас (соның ішінде адам мен басқа адамдар арасындағы қарым-қатынас). Мәдениеттің семиотикасы - семиотика бөлімі, олар құрылып, өмір сүріп жатқан қауымдастықтардағы мәтіндік және символдық формалардың қозғалысы мен өзгеру заңдылықтарын зерттейтін бөлімі. Мәдениет тілдері Мәдениет тілдері - мәдени байланыста қолданылатын әр түрлі белгі жүйелерінің жиынтығы. Мәдениет тілдері - мәдени байланыста қолданылатын әр түрлі белгі жүйелерінің жиынтығы. Мәдениет тілдері кең мағынада адамдарға бір- бірімен коммуникативтік қатынастарға түсуге, мәдениет кеңістігінде жүруге мүмкіндік беретін құралдар, белгілер, рәміздер, мәтіндер болып табылады. Мәдениет тілдерінің тарихы Жазу тарихы Жазу ұрығы «тақырыптық хат» балды - қарапайым қоғамда пайда болған хабарламаларды жеткізу үшін заттарды пайдалану (мысалы, зәйтүн бұтағы). Жазу тарихының алғашқы кезеңі сызбалардағы хат балды (пиктография). 2 кезең - идеографиялық жазу, хонда сызбалар иероглифтерге айналады. 3 кезең - алфавиттік әріп. Әр түрлі тілдер арасындағы «әсер ету салаты»: адамдардың күнделікті, күнделікті қарым-қатынасында оның негізгі құралы - тірі дыбыстық сөйлеу. Адамдардың ғылыми- практикалық қызметінде негізгі тілдер жазбаша-ауызша және ерекше графикалық сипота болады.6 Символ түсінігі Символ туралы түсінік және оның мәдениеттегі рөлі Рәміз - бұл объектінің терең мағынасы ашылатын объективті мәні жоқ белгі. Таңбаны қолдана отырып, адам тілдің мүмкіндіктерінен асып түсетін тәсілдер арқылы ақпаратты беру тәсілін тапты. Мысалы, елтаңбалар, эмблемалар, баннерлер, «үш құс», «бейбітшілік көгершіні» бейнелері нақты форма дан басқа абстрактілі ұғымдарды жеткізеді. Таңбалар Таңбалардың үш түрі Шартты белгілер. «Кесте» сөзі мен «кисте» тармағының ішкі байланысы жоқ, бірақ осы атауды шақыру үшін шартты түрде байланысқан. Рәміздер кескіндер болуы мүмкін, мысалы, жалауша, крест. Кездейсоқ таңба. Олар жеке. Олар адамның белгілі бір көңіл-күйін суреттерде (армандарда) жеткізеді. Әмбебап таңбалар. Таңба мен оның арасындағы ішкі байланыс бар. Дене бұл алгоритм емс, біздің ішкі күйімізді білдіретін символ. Мәдениеттің белгілер жүйесінің типологиясы Мәдениеттегі белгі түсінігі Белгі дегеніміз - қандай да бір басқа объектінің, меншіктің немсе қатынастардың объективті орнын басатын және хабарламаларды (ақпаратты, білім) алу, сақтау, өңдеу және тарту үшін қолданылатын материалдық объект (құбылыс, оқиға). Бұл функционалды мақсатымен шектелген объектінің кескінін материалдандырылған тасымалдаушы. Белгінің болуы ақпаратты коммуникацияның техникалық арналары арқылы және оны әр түрлі - математикалық, статистикалық, логикалық - өңдеу арқылы жіберуге мүмкіндік береді.
    Иконикалық белгілер - бұл суреттердің белгілері, олар олардың мағынасын білдіреді. Мысалы, жаяу жүргіншілер өткелін көрсететін белгілер, сандра, эскалатора. Белгішелер арасында ерекше орын рәміздер болып табылады. (Елтаңбалар, елтаңбалар, бұйрықтар, баннерлер).
    Шартты (шартты белгілер). Мысалдар: мектеп қоңырауы, жедел жәрдемдегі қызыл крест. Шартты белгілердің екі негізгі түрі: - сигнал дар (бағдаршам түстерінің мағынасы); - көрсеткіштер (картографиялық белгілер, мектеп белгілері).
    Вербалды белгілер жүйесі - табиғи тілдер. Адамның туа біткен және генетикалық тұрғыдан мұрагерлік тілдік қабілеті бар. Бірақ тілдік қабілеттің дамуы мен дамуы адамдарда тек қарым-қатынас жағдайында болады.
    Қол қою жүйелері. Олардың ішіндегі ең маңыздысы - жазу, табиғи тіл, ауызша сөйлеу белгілерін жазуға арналған жүйе. Белгілеу жүйесінің бұл түріне музыкалық нота жатады. Мәдениет тілдерінің жіктелуі Табиғи тілдер тайным мен қарым-қатынастың негізгі және тарихи бастапқы құралы ретінде (орыс, француз, астон, чех және т.б.). Табиғи тілдердің авторы жоқ, олар табиғи түрде пайда болады және өзгереді және адамдардың еркіне қарамастан. Қосалқы тілдер (қайталама модельдеу жүйелері) - бұл табиғи тіл деңгейінен (миф, дін, өнер) құрылған коммуникациялық құрылымдар. Қосалқы тілдер (қайталама модельдеу жүйелері) - бұл табиғи тіл деңгейінен (миф, дін, өнер) құрылған коммуникациялық құрылымдар. Олар қарапайым тілмен берілуі мүмкін емс ақпараттың осындай көлемін жіберуге мүмкіндік береді.Символдық кеңістік және мәдениеттану тақырыбындағы негізгі нәтижелер.Тілдің негізгі мәні мен негізгі функциясы «әлемді ойға айналдыру» қызметінде жатыр. Тілде ой білдірілмейді, бірақ орындалады, жүзеге асырылады. Тіл - бұл тәртіп орнатылып, өмір сүретін мәдениеттің торларының бірі. Бұл кез-келген мәдениеттің тәртібі бекітілген белгілер жүйесі. Қорытындылай кале, тіл - бұл мағыналарды, мәдени кодтарды, белгілер жүйесі мен қарым-қатынас тәсілдерін шығару жөніндегі қызмет.
    Әрине, жоғарыда атап көрсеткеніміздей. мәдениеттану ғылымының дамуына көптеген ғылымдар ат салысуда, осыған қарамастан бұл пәннің өзіндік бағыт-бағдары, бет-бейнесі бар. Мәдениетке өзіндік баға берушілік сол бір ғылыми ізденістің басты белгісі болса керек, сондықтан да болар мәдениеттану саласында түрлі мектептер қалыптасып, ондағы мәдетшеттанушылар “мәдениет” мәселесімен тығыз айналысуда. Кейде мәдениеттану саласында қанша теория болса, соншама мәдениеттанушылар бар деген пікір де айтылып қалады. Шындығында да, теориялар санының көп болуы, мәдениетке де көзқарастардың сан алуан болуымен оның әр тұрғыдан қарастырылуына әкеліп соқты. Мысалы: мәдениетті “семиотикалық” тұрғыдан қарастыру бар. Бұл ағымның басты өкілі Ю.Лотман және мәдениетті “әдебиеттік” (С.С.Аверинцев), тарихи (Л.Н.Баткин) методологиялық (А.Кребер, К.Клахкон) антропологиялық (М.Мид) және тағы басқа тұрғыдан пайымдаулар бар. Әрине, олардың “мәдениет” мәселесіне байланысты пікірлерінің, түсініктерінің айырмашылықтары бар екендігі даусыз және оны ешкім жоққа да шығара алмайды, бірақ олар бірін-бірі жақсы түсінеді, мәдениеттануға тікелей байланысты ортақ мәселелер көтереді. Ендеше, бұл пәнді терең зерттеуге құлшынушылық, мәдениетке байланысты түрлі көзқарастар жүйесінің қалыптасуы сөзсіз қуантарлық жағдай, ол гуманитарлық ғылыми пәннің туып келе жатқандығының белгісі деп санауымыз керек. Шындығына келсек, әрбір ғылым салаларының өкілдері мәдениетті өз мамандықтары тұрғысында қарастырады. Бірақ бұл ғылымдар бір-бірімен тығыз байланысты болғандықган бірінсіз-бірі өмір сүре алмайды. Олай болса әдебиетші тек таза әдебиетші болып қалмайды, өйткені ол мәдениеттануды, тарихты, психологаяны игергеңде ғана нағыз әдебиетші бола алады. Өз кезегіңде тарихшы, психолог және социолог.
    Мәдениетті әр түрлі тұрғыдан қарастырылуы, мәдениет мәселесіне деген үлкен қызығушылықтан туса керек. Оған дәлел ретінде 1964 жылдары батыс әдебиетінде мәдениеткс: 257 анықтама-берілгендігі жөніңде американ мәдениеттанушылары А. Кребер мен К.Клахконның мәліметтерін келтірсек те жеткілікті сияқты. Ал одан кейін қаншама уақыт өткендігін және дүниедегі болып жатқан мәдени өзгерістерді есепке алсак, мәдениет ұғымының шеңбері бұрынғыдан да кеңей түсті. Әрине, әкімшілік – әміршілік жүйе жағдайында мәдениеттану пәні біздің елімізде жүйелі түрде оқытылмады. Гуманитарлық ғылымдар саласында да өзінің нақты орнын таба алмады. Осы орайда көптеген ғалымдар ұлттық мәдениеттің тоқырауын Ұлы Қазан революциясымен де байланыстырады.
    Шындығында да, экономикалық және саяси ерекесіздіктің басты себебі — мәдениетсіз саясаттың салдары болып саналады. Ендеше тәуелсіздікке енді ғана қолы жеткен Қазақстан Републикасының алдыңда тұрған басты мақсат — халықтың рухани байлығы- мәдениетті қалпына келтіру, ал мәдени өркендеусіз еліміз өркениетті елдердің қатарына еш уақытта қосыла алмайтыны ақиқат. Бұл мақсатты жүзеге асыруда мәдениеттану пәнінің қосар үлесі қомақгы болмақ.
    Әрине, мәдениеттану гуманитарлық ғылымдардың ықпалымен дамуда, бірақ соған карамастан ол жеке пән болып қалыптасу процесін бастан кешіруде. Оған дәлел ретіңце қазіргі мәдениеттанудың біртіндеп философияның әкелік қамқорлығынан шығып, өзіндік бағыт алуын айтсақта жеткілікті сияқты. Мәдениеттанушы, ең бірінші кезекте, мәдени қызметтің нәтижелерімен (мәдени шығармашылықтың нәтижелері, музыка, кескіндеме туындылары және т.б.) санасса да, оның басты мақсаты- тереңде жатыр, дәлірек айтқанда, мәдениеттің рухын игеру болып табылады. Бұл жағдайда мәдениетті игерудің екінші-“коммуникативтік” жағы келіп шығады. Ол білім беру мен тәрбиенің, адамның адамгершшік тұрғыдағы қарым-қатынастарының дәрежесіне де байланысты болып келеді. Ең соңында, мәдениеттің негізі,оның түйіні мен маңызы туралы мөселе келіп туындайды. Ғалымдар оны тілмен де, рәміздік жүйесін қабылдаған ұлттың психоло-гиялық түрімен, сакрализация тесілімен де жеке т.б. байланыстырады. Қалай болған да дүниенің тұтастығы, қоғамның интеграциялық негізгі және этностың рухани кеңістігі — мәдени дәстүрлердің дамуында ең басты факторлар болып қала береді. Мәдениеттану ғылыми пән дәрежесіне жету мақсатыңда сөзсіз мәдениет археологиясьша сүйенеді, оның генезисін, өмір сүруі мен дамуының құпияларын ашып, мәдениет мұрагерліктің тәсілдерін жетілдіреді.
    Бұл үш дәреженің арқасында мәдениеттің сандық-салалық (ғылым, техника, өнер, философия, экономика т.б.) сапалық сипатын тереңірек ашып көрсетумен қатар, мәдениеттің құрылымын, тұтастығын, даму заңдылықтарын ашып көрсетуге мүмкіндік аламыз.
    Осы айтылғандар ғылыми пән ретінде мәдениетгану пәні және оның алдында тұрған міндеттер жайында кейбір қорытындылар жасауға мүмкіндік береді. Біздің ойымызша, мәдениеттану пәнінің басты мәселесі-адамзаттың ерекше өмір сүруі тәсілі ретінде мәдениеттің қалыптасып дамуы, оның генезисі болып табылады. Мәдениеттанушылардың бұл орайдағы басты мақсаты- дүниежүзілік және ұлтық деңгейдегі тарихи-мәдени процестерді тарихи шындық тұрғысынан түсіндіріп қана қоймай, оларды бол?.. ай әрі басқара білу. Ең бастысы — мәдениеттану ғылымы мәдениеттің қайнар бұлағынан сусыңдай білуі қажет. Адамзат баласы өз шешімін таппаған көптеген мәселелерге белшесінен батуы қазіргі заман мәдениетінің көп жағдайларда өз бастауыш ұмыта бастағандығынан да болуы керек. Ендеше адамзаттың мәдени жаңғыруына бұл мәдениеттану пәннің қосар үлесі де қомақты екендігін ескерсек, әлі де болса буыны бекімеген бұл жас ғылым саласының болашағы да зор болатындығына күмән келтіруге болмас.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   91




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет