Алғы сөз Типтік бағдарлама


Кеңестік кезеңдегі қазақ мәдениеті



бет49/91
Дата15.09.2022
өлшемі1.15 Mb.
#460817
түріСеминар
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   91
УМКД. Мәдениет

Кеңестік кезеңдегі қазақ мәдениеті.

  • Тоталитарлық-әкімшілік жүйе және ұлттық мәдениет.

  • Қазақстандық ғылымның, білім және мәдениет институттарының қалыптасуы мен дамуы.



    Тоталитарлық жүйенiң күшеюi халыққа жоғары бiлiм беру саласында да өз әcepiн тигiздi. Қазақстанның жоғары оқу орындары мен техникумдары халық шаруашылығының кадр жөнiндегi қажетiн қанағаттандыра алмады. Студенттер мен профессор-оқытушылар құрамында жергiлiктi халықтьң өкiлдерiнiң саны баяу өсті. 1936 ж. Қазақтың мемлекеттiк университетiндегi 42 оқытушының 8 ғaнa қазақ болды. 1940 жылы Алматы малдәрiгерлiк-зоотехникалық институты студенттерiнiң арасында қазақтардьң үлес саны 12-ақ пайызын қамтыған.
    Партиялық-мемлекеттiк құрылымның идеологиялан­дырылған саясаты профессионалдық оқу орындарының жағдайына бәрiнен де көп зиян келтiрдi. Ғалымдарды, жоғары оқу орындары қызметкерлерiн қудалау мен жазалау шаралары 20-шы жылдарда басталып, Сталин өлгенге дейiн жургiзiлдi. Осының нәтижесiнде 30-шы жылдардың орта кезiнде А. Байтұрсынов, С. Асфендияров, Х. Досмухамедов, Т.Жүргенов, О.Жандосов және басқа аса көрнекті ғалым, педагогтардың өмірі қиылып кетті.
    1928 жылы араб әрпi латын әрпiмен, ал 1940 жылы кириллицамен (орыс әрпiмен) күштеп алмастырылды. Мұның кесірінен бiр ұрпактың өмірі барысында қазақ өзбек, түркімен, башқұрт, татар, қырғыздардың басым көпшiлiгi араб жазуымен жарық көрген ата-баба мұрасын, рухани байлығын игерiп, пайдалануға қабiлетсiз болып шыкты. Ал мұның өзi көптеген халықтардың тарихи зердесiн көмескiлеп, олардың белгiлi тобының мәңгүрт болуына әкеп соқтырғанының бер жағында, елдегi қазақтар Қытай Халык Республикасы, Aуғанстан, Иран сияқты елдердегi сауаттарын араб жазуымен ашып, кiтаптарды осы графикамен шығарып келген шетелдiк бауырлас қазақтармен хат жазысып, хабарласу мүмкіндігінен айырылды.
    1920-1930 жылдарда араб әрпiмен шыққан басылымды пайдаланғандар "пантуркист", "панисламист", тiптi, "халық жауы" деп жарияланып, қудалауға ұшырайтын болды. Кiтапхана қорларынан әкiмшiлдiк-төрешiлдiк жүйенiң теориясы мен практикасына мазмұн мен қайшы басылымдар, ең алдымен олардың iшiндегi араб әрпiмен басылғандары аластатылды. Сонымен бiрге дiнге қарсы күрес сорақы­лықпен жүргiзiлдi. Шiркеулер мен мешiттердiң мемлекет қарамағына зорлықпен алынуы, оларды қopa-жайға, қоймаға, қосалқы жайға айналдырылуы, дiнге сенушiлердiң ар-ожданын аяққа басу, азаматтық сан ғасырлық мәдени және рухани өміріндегі құрамдас бөлiгi болып келген дiндi барша жұртқа құбыжық етiп көрсету халықтың орынды наразылығын туғызды.
    Қазан төңкерiсiнен кейiн тоталитарлық жүйенiң үстемдiгiне, оның қайшылктарына қарамастан Қазақтың мәдени дамуында кейбiр iлгерiлеушiлiктiң болғанын айту керек, оны бiз мәдени төңкерic деп атап келдiк. Бұл төңкерiс қилы-қилы жағдайлардың арқасында мүмкін болды.
    Қазан төңкерісіне дейін Қазақстанда жалпы қоры 98 мың кiтабы бар 139 кiтапхана болса, 1925 жылы олардың саны 300-ге жеттi. 1929 жылы республикада 494 оқу үйi, 74 қызыл отау, 11 театр, 9 мұражай болды. Ауылдың жерде 1747 кiтапхана жұмыс iстедi. Бiрақ бұл кiтапханалар мен оқу үйлерi жөндi ғимараты жоқ, қарабайыр жағдайда өмip сүрдi. Олардың жұмысын жүргiзушi адамдардың сауаттары да, кәсiптiк дәрежесi де төмен едi. Тiптi қалалардың өздерiнде мәдени ошақтарда iстейтiн адамдардың бiлiм деңгейi көбiнесе төмен болатын. Бiрақ бiлiмге, мәдениетке деген халықтың құштарлығы, ынта-ықыласы мәдениет ошақтарының қарапайым формада болса да көбейе түсуінe жол ашты.
    Республикада мерзiмдi баспасөз және кiтап шығару ici дамып келе жатты. "Степная правда" /қазiргi "Казахстанская правда"/ жене "Еңбекшi қазақ" газеттерi, "Қазақстан" жорналы шыға бастады. Кеңес өкiметiнiң алrашқы жылдарында газеттер мен жорналдар көбiнесе мемлекеттiк, кәсiподақтық, кооперативтiк қордың есебiнен жаздырылып алынды және мәдени-ағарту мекемелер желiсiне, кеңестiк және кооперативтiк ұйымдарға келiп тұрды. Газеттер жұрт көп жиналатын жерлерге iлiндi, оларды дауыстап оқып беру ici ұйымдастырылды. Қазақстанның белгiлi көптеген мәдениет қайраткерлерi өздерiнiң шығармашылық жолын осы газеттерде жалғастырды.
    1925 жылы республикада не бары 31 газет, оның iшiнде қазақ тiлiнде 13 газет шықты. Кейiн олардың қатары өсе бердi. 1930 жылы Қазақстанның 27 ауданында өз газеттерi шыға бастады. 1931 жылы республиканың "Еңбекшi қазақ" газетiнiң 900 қоғамдық тiлшiсi iстедi. 1926 жылы не бары 41 газет шықса, бiрiншi бесжылдық жылдарында 120 газет, оның iшiнде қазақ тiлiнде 62 газет шығып тұрды. Олардың қатары жыл санап толығып, екiншi бесжылдықта жалпы саны 280-ге жеттi.
    Республикада кiтап бастыру ici едәуiр дамыды. Шыға­рылатын кiтаптардың таралым данасы өстi. 1925 жылы 443 мың дана таралыммен 96 кiтап шықса, 1930 жылдары үш миллион даналық 200-ден аса кiтап шығарылды
    Республикада қазақ тiлiндегi алғашқы оқулықтар Қазан қаласында бастырылды. Орыс тiлiндегi оқулықтар Мәскеу­ден алдырылды. Қазақ тiлiнiң тұңғыш әлiппесiн жасап, соңынан iз салған жаңашыл ағартушы-ғалым Ахмет Байтұрсынов елде oқy-ағарту iciн дамытуға үлкен еңбек сiңiрдi. Ол жазған мектеп окулықтары 1927-1928 жылдарrа дейiн пайдаланылып келдi. Қазақ оқушыларының ересек буыны сауатын Байтұрсыновтың "Әлiп-биiмен" ашып, ана тiлiн Байтұрсыновтың "Тiл құралы" арқылы оқып үйрендi.
    1933 жылдан бастап бастауыш мектеп 4 кластық, орталау мектеп 7 кластық және орта мектеп 10 кластық болып қайта құрылды. Қоғамдық саяси пәндердi оқытуға және оқушы­ларға жаңаша идеялық тәрбие беруге ерекше мән берiлдi. Екiншi бесжылдық жылдарында республикада мұrалiмдер саны eкi еседен астам көбейiп, 14 мыңнан 31 мыңға жеттi.
    Қазақ AKCP-i құрылғаннан кейiн ғылым, өнер мәсе­лелерiнiң бәрiн және архивтердi ағарту халық комис­сариатының ғылыми бөлiмi немесе секторы басқарды. Ол 1921 жылғы тамыз айында академиялық орталық болып қайта құрылды. Оның бастамасымен 1924 жылы алғашқы архео­логиялық карталар жасалды, қазақ халқы тарихының жекелеген маселелерi, оның iшiнде халық-азаттық қозғалысының тарихы зерттеле бастады. 1932 жылғы наурызда Алматыда КСРО Fылым Академиясының тұрақты базасының құрылуы республикадағы ғылымының дамуында маңызды кезең болды.
    Бұл тұста ауыл шаруашылық ғылымын өркендету үшiн арнаулы ғылыми орындар: егiншiлiк, ауыл шаруашылығы, экономика, электрлендiру, су шаруашылығы, жемiс-жидек институттары ұйымдастырылды. 30-жылдардың екiншi жартысында Қазақстан ғылымы одан әpi өркендедi. 1940 жылдың қарсаңында Қазақстанда 110 ғылыми-зерттеу мекемeci жұмыс iстедi және оларда 1727 ғылыми қызметкер еңбек eтті. КСРО Fылым Академиясының Қазақстандық базасы 1938 жылы КСРО Fылым Академиясының Қазақ филиалы болып қайта құрылуы республикада ғылымды жаңа белестерге көтеру үшiн мол мүмкіндіктерге жол ашты.
    30-шы жылдары Қазақстанның әдебиетi мен өнеріне бiраз өзгерiстер, елеулi оқиғалар болды. 1934 жылғы 12-18 маусымда Қазақстан жазушыларының 1 съезi болып, онда халықтардың рухани қазынасынан нәр алған қазақ әдебиетiнiң М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, 1. Жансугiров, Б. Майлии, М. Әуезов, Ж. Аймауытов сияқты саңлақтармен бiрге қазақ әдебиетiнiң қаулап өсiп келе жатқан мол жеткiншектерi бар eкені көрiндi. Келесi жылы халық поэзиясының алыбы Жамбылдың туғанына 90 жыл толуын бүкiл Кеңес елiнiң халықтары атап өттi. 1936 жылы республика еңбекшiлерi Сәкен Сейфуллиннiң әдеби қызметiнiң 20 жылдығын мере­келедi. Қазақстанда қазақ жазушыларымен бiрге осындағы туысқан халықтардың өкiлдерi орыс, ұйғыр, татар қаламгер­лерiнiң шығармашылығы да кең өpiскe шығып келе жатты.
    Осындай жетiстiктерге қарамастан 1937 жылы сталиндiк қанды тырнақтың жазықсыз жандарды қудалау, тұтқындап жер аудару, сотсыз содырлық жасап ату, жою процесi кең өpic алды. С. Сейфуллин, 1. Жансүгiров, Б. Майлин, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов сияқты қазақ халқының тұлғалы ұлдары "халык жауы" деген айып тағылып, қасiреттi қудалаудың құрбаны болды.
    20-шы жылдары қазақ көркем театрының дамуы бас­талды. 1926 жылғы 13 қаңтарда Қызылорда қаласында қазақтың тұңғыш драма театры ашылып, М. Әуезовтiң"Еңлiк-Кебек" пьесасын қойды.
    1932 жылы республикада тұнғыш музыка-драма техникумы, ал 1934 жылы бiрiншi музыкалық театр ашылды. Сол жылы либереттосын М. Әуезов жазrан "Айман-­Шолпан" музыкалық комедиясының қойылуы қазақ опера­сының туғанын паш еттi. 1937 жылы қазақтың музыкалық театры опера жене балет театры болып қайта құрылды. Қазақ драма театры да айтарлықтай табыстарға жеттi.
    Республикадағы маңызды оқиғалардың бiрi кино өнерiнiң дүниеге келуi едi. 1938 жылы "Аманкелдi" фильмi экранға шығып, ұлттық кино өнерiнiң ipreci қаланды.
    1936 жьлы май айында Москвада өткен Қазақстан әдебиетi мен өнерiнң aлғaшқы онкүндігi қазақ әдебиeтi мен өнер жетiстiктерiнiң айғағы болды. Үкімет қазақ халқының әдебиет пен өнер қайраткерлерiнің таланты мен шеберлiгiн жоғaры бағалады. Жазушылардың, артистердiң" мәдени құрылыс қайраткерлерiнiң үлкен бiр тобы - Ж. Жабаев, С. Сейфул­лин, А. Жұбанов, Т. Жүргенов және басқалар үкiмeт награда­ларына ие болды. К. Бәйсейiтова КСРО Халық артисi деген жoғaры атақ алды, ал көп адамдаpғa Қазақ КСР-iнiң халық артисi және еңбек сіңірген артисi деген атақтар берiлдi.
    Қорытып айтқанда, көптеген қиыншылықтарға, бұрмалау­шылықтapғa, кемшiлiктeрге қарамастан Қазақстанда 20-шы және 30-шы жылдарда мәдени дамуда бiрсыпыра iлгерлеушi­лiктер орын алды. Егер 1937-1938 жылдары «сталиндiк жезтыр­нақ аппарат» қазақ зиялыларын қудаламағaнда бұл табыстар қомақтырақ болуы мүмкiн eдi. Сондай-ақ: республика мәдениетiнiң одан әpi кеңiнен дамып, құлаш жаю процесiне1941 жылы басталған Ұлы Отан соғысы да кepi әcepiн тигiздi.
    Сталин қайтыс болғаннан кейiн 50-шi жылдардың орта шенiнен бастап жеке адамға табынушылықтың зардаптарын жойып, социалистiк зандылықтарды қалпына келтiруге бағытталған бiрсыпыра шаралар iскe асырылды. 1950 жылы 26 желтоқсанда "Правда" газетiнде жарияланған "Қазақстан тарихының мәселелерi мapкcтiк ­лениндiк тұрғыдан баяндалсын" деген мақаланы талқылауға байланысты бүкiл Одаққа, тiптi дүние жүзiне танымал тұлғалы қайраткерлер М. О. Әуезов пен Қ. И. Сәтбаев, сондай-ақ, республиканың басқа да көрнекті жазушылары мен ғалымдары орынсыз жазғырылып, датталды.
    "Жылымық жылдары" деген атпен тарихқа енген 50-шi жылдардың екiншi жартысынан былайғы кезеңде көптеген игi ic атқарылды. Басшылықтың ұжымдық принципi енгiзiлiп, әкiмшiл-әмiршiл басқару жүйесi босаңси бастады. Қағазбастылықпен, жиналыс, мәжiлiс өткiзумен әуестенушiлiкпен күрес күшейдi. Ұлт мәселесiндегi бұрмалаушылықтар түзетiле бастады. Ұлттық республикалардың құқықтары кеңейтiлдi.
    Сол жылдардағы рухани мәдениеттегi субъективизм мен тұрпайы социализм элементтері бiрқатар қиындықтарға әкелдi. Мәселен, әдебиет пен өнердің өмірді көпе-көрнеу боямалайтын тартыссыз шығармалары одан әрі туындады.
    Кино өнерiнде картиналарды аз жасау керек, бiрақ олар бipден "асыл қазыналар" қатарына кipyi керек, әрбiр фильмде қазiргi заманның аса маңызды күрделi мәселелерi, барлық жақтары мiндеттi түрде көрсетiлуi керек деген нұсқау бойынша жұмыс жүргiзiлдi. Әрине, мұндай көзқарас кезiнде "асыл қазынаның"-сырт көзге қомақты, бiрақ ic жүзiнде өмір шындығынан, көркемдiк шеберлiктен аулақ, атүсті жасалған шығармалар көбейдi. Мұндай сипат әдебиетшiлердiң айтуынша, белгiлi дәрежеде "Жамбыл" фильмiне тән болды. Кеңес әдебиетi мен өнерінде "тартыссыздық теориясы" елеулi зиянын тигiздi. Оның рухымен жазылған шығармалар сахнада ұзақ өмip сүре алған жоқ.
    Бұл кезде мәдени-ағарту мекемелерi әлi де жетiспейтiн едi, олардың көпшiлiгi нашар жабдықталған және бiлiктi мамандармен қамтамасыз етiлмеген болатын. Күрделi құрылысқа және мәдени-ағарту мекемелерiн жөндеуге қаржы жеткiлiктi мөлшерде бөлiнбедi.
    1951 жылдан 1955 жылға дейiн республикада 8 жаңа жоғары және 22 арнаулы оқу орны ашылды. Қарағандыда eкi жоғары оқу орны - медицина және тау-кен институттары, Семейде малдәрiгерлiк-зоотехникалық және медицина инсти­туттары жұмыс icтей бастады. Жаңа жоғары оқу орын­дарының Ақтөбе медицина /1957 ж, Целиноград ауьшшаруашылық /1958 ж) Өскемен құрылыс-жол /1958 ж/ иниституттарының ашылуымен бiрге бұрыннан бар жоғары оқу орындары кеңейiп, оларда жаңа факультеттер пайда болды. 1956 жылдан бастап Шымкент технология иниституты құрылыс материалдары кәсiпорындарының жабдықтарын монтаждау және пайдалану жөнiндегi инженер-механиктердi даярлай бастады. Қазақ ауыл шаруашылығы институтында электрлендiру және гидромелиорация мамандықтары бойын­ша жаңа инженерлiк факультеттер мен бөлiмдер ашылды.
    Қорытып айтқанда, 50-шi жылдар Қазақстан үшiн одақтық баланстағы рөлi өскен, индустриялық қуаты артқан, мәдениетi бiраз дамыған, сөйтiп экономикасы өрлеу жолына түскен кезең болды.
    Осы жылдарда мәдениет саласының материалдық ­техникалық негiзiн нығайтуда бiраз жұмыстар icтелдi. Республикада мәдени объектiлердiң құрылысы жаңа типтiк жоба бойынша, мектеп пен мәдени мекемелерiнiң алдына өмiрдiң өзi қойған жаңа талаптар ескерiле отырып жүргiзiлдi.
    Тоғызыншы және оныншы бесжылдық кезiнде жаңа баспалар құрылды. Бұлар: "Қайнар", Қазақ Совет Энциклопедиясы, жастарға арналған "Жалын" , "Өнер" баспалары. Республикада жылма-жыл қазақ, орыс, ұйғыр, нeмic, корей тiлдерiнде 30 миллиондай дана таралыммен 2 мыңға жуық кiтап шығып тұрды. 70-80 жж. бес томдық "Қазақ ССР тарихы", он томдық "Қазақ тiлiнiң түсiндiрме сөздiгi", он бiр томдық монографиялық жұмыс - "Қазақ­станның металлогениясы", тоғыз томдық "Қазақстанның өсiмдiктерi" және диалектикалық логика жөнiнде бiрсыпыра iргелi монографиялар жарық көрдi. Бiр жолғы тиражы 5 миллион данамен 415 rазет, ондаған жорнал шығарылды.
    Селолық жерлерде 6 мыңнан астам клубтар мен мәдениет сарайлары қызмет көpceттi. Оларда 12 мыңнан астам көрке­мөнерпаздар ұжымы icтедi. Ондаған халық театрлары, ән-би ансамбльдерi, қазақ ұлт-аспапты халықтық оркестрлерi, халық хорлары құрылды.
    Қазақстан селоларында мәдени-бұқаралық жұмыстың мәдениет университетrерi мен мектептерi, көшпелi өнертану кафедралары, көркемдiк шығармашылық бiрлестiктер, атеизм автоклубтары және т.б. сол секiлдi жаңа формалары кеңiнен тарады.
    Село тұрғындарының тұрмысына телевизия, радио, баспасез, кино бұрынғыдан да көбiрек ене бастады. Ауыл мен деревняның, мәдени дәрежесi Қазақстанның село зиялы­ларының сан және сапа жағынан едәуiр өcyiмен сипатталды. Орта есеппен бiр колхоз бен совхозға 70-шi жылдардың басында 45 жоғары және арнайы орта бiлiмi бар маманнан келдi.
    1970 жылға қарсы телевизия республиканың барлық облыстарына дерлiк ендi. Қазақстанда телевизияның 15 программалық орталығы және осынша студиясы, сондай-ақ телевизия бағдарламасын тарататын және қабылдап алып қайта тарататын жүйелер iстедi. 4 республикалық және 19 облыстық бағдарламалар арқылы радио хабарлары қазақ, орыс, ұйғыр, корей тiлдерiнде жүргiзiлдi.
    1976 жылдың аяғында республикада 10282 кино қондырғысы болып, олар бiр жылда 290 миллион кино көрерменіне қызмет көрсеттi. Халық aғapтy ici де бiрсыпыра алға басты. Мәселен, республиканың жалпы бiлiм беретiн 10154 мектебiнде 1970 жылы 3 миллион 140,8 мың бала оқыса, 1977 жылы 9217 мектепте 3 миллион 266,1 мың бала оқыды. 1970 жылы Қазақстанда 46жоғары және 190 арнаулы орта оқу орны болып, оларда 416 мыңнан астам студент бiлiм алды. Студенттердi 160 мамандық бойынша әзiрледi. Респуб­ликаның техникумдарында жастар 182 мамандық бойынша оқытылды. 1986 жылы республикада жоғары оқу орын­дарының саны 55-ке, ал арнаулы орта оқу орындарының саны 246-ғa жеттi. жоғары оқу орындары мен техникумдарда 550 мыңдай студент оқыды. Республика халқының әрбiр 10 мың адамына 160 студенттен келдi.
    ХХ ғ. 60-80 жж. қазақ әдебиетi 1. Есенберлиннiң, Ә. Нұр­шайықовтың, М. Мақатаевтың, Т. Айбергеновтың, О. Сүлей­меновтың, М. Шахановтың, К,. Мырзалиевтiң, Ф. Оңғар­сынованың, Ә. Кекiлбаевтің, О. Бекеевтiң және басқалардың шығармалары арқасында елеулi табыстарға жеттi. Сазгерлер Ш. Қалдаяқовтың, Л. Хамидидiң, Н. Тiлендиевтiң, Ә. Еспаевтың, І. Жақановтың әндерi Қазақстанның музыкалық мәдениетiнiң алтын қорына кiрдi. Ә. Қашаубаев негiзiн салып кеткен ән өнерiндегi игi дәстүрдi Б. Төлегенова, Е. Серкебаев, Ә. Дiнiшев, Р. Жаманова, Р. Бағланова, Р. Рым­баева т. б. Жалғастырып, байыта түсті. "Ботагөз", "Аққан жұлдыз", "Meнің атым Қожа", "Қыз Жiбек", "Атаманның ақыры", "Транссiбiр экспресi" , "Бейбарыс сұлтан" кинофильмдерi республика кино өнерінің таңдаулы туындылары деп бағаланды. Бiрақ экономикадағы тежеу мен тоқырау құбылыстары қоғам өмірінің мәдени салаларына да салқынын тигiзбей қоймады.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   91




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет