Алғы сөз Типтік бағдарлама


Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері



бет58/91
Дата15.09.2022
өлшемі1.15 Mb.
#460817
түріСеминар
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   91
УМКД. Мәдениет

Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Бағдарламаның мақсаты елдің рухани және білім беру саласын дамыту, мәдени мұрасының сақталуын және тиімді пайдаланылуын қамтамасыэ ету.
Алға қойған мақсатқа қол жеткізу мынадай міндеттерді шешу арқылы жүзеге асырылады:
– елдің маңызды тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қайта жаңғырту;
мәдени мұраны, соның ішінде қазіргі таңдағы ұлттың мәдениетті, ауыз эдебиетін, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды зерделеудің тұтастай жүйесін жасау;
– ұлттық әдебиет пен жазудың сан ғасырлық тәжірибесін қорыту, көркем және ғылыми толық дестелерді шығару;
– әлемдік ғылыми ой-сананың, мәдениет пен әдебиеттің таңдаулы жетістіктерінің негізінде гуманитарлық білім берудің мемлекеттік тілдегі толыққанды қорын жасау.
Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі
Бағдарлама 2004-2006 жылдар аралығындағы кезеңге іске асырылады және мәдени мұраны сақтау мен өркендетудін. негіэгі бағыттары:
– оларды зерделеудің түтастай жүйесін жасау, ежелгі және орта ғасырдағы кенттерге, қоныстарға, қоррандарға археологиялық эерттеулер жүргізу, олардың базасында қорық-мұражайлар құру, оларды туризм инфрақұрылымының жүйесіне енгізу;
– Қазақстанның қайталанбас тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру, түмшалау мен пайдалану; – ғылыми білім-білікті кеңінен насихаттау, тарих ғылымының теориялық пробле-маларын әзірлеу, ғылыми, көркем және энциклопедиялық әдебиетті шығару;
– Қазақстан Республикасының тарихы мен мәдениеті ескерткіштерінің томдарын жинағын баспаға дайындау жөнінде жүйелі жүмысты жүзеге асыру;
– облыстық мемлекеттік инспекциялардың, қалпына келтіру ұйымдарының қызметіне бірыңғай басшылықты қамтамасыз ету, тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғау саласында бекітілген бағдарламалар мен жобаларды іске асыру міндетіне кіретін тарихи-мәдени мүраны қорғау мен белсенді пайдалану жөнінде республикада ұтымды құрылымды құру туралы мәселені шешу;
– мемлекеттің мәдени мұрасы және ақпараттық ресурсының объектісі ретінде Ұлттық мұрағат қорын пайдаланудың тиімділігін арттыру;
– мемлекеттік тілде ұлттық әдебиет пен жазудың таңдаулы үлгілерін, әлемдік ғылыми ой-сананың жетістіктерін дайындау және басып шығаруды жүзеге асыру арқылы көзделеді. Бағдарламаның іске асырудың осындай негізгі бағыттарына сәйкес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет