Бағалау тәртібі
Емтихан нәтижесі бойынша «Мәдениеттану» пәнінен білім алушылардың білімін рейтингтік жүйемен бағалау: 1 және 2аралық бақылаулардың қорытындысы және курс соңында жүргізілетін емтихандық рейтингіні қоса есептеп сынақ кітапшасына әріптік және пайыздық белгімен қойылады. Оқу үлгерімінің ең жоғарғы көрсеткіші 100%.
Қорытынды баға төмендегі формула арқылы есептелінеді:
ҚБ = ×0,6+Е×0,4
Мұндағы:
А1 – бірінші рейтингтік бағаның цифрлық эквиваленті (7 апта);
А2 - екінші рейтингтік бағаның цифрлық эквиваленті (15 апта);
Е - емтихандық бағаның цифрлық эквиваленті
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлері
Ағымдағы бақылау тапсырмаларының орындалуын бағалау критерийлері: БАӨЖ және БАОӨЖ тапсырмаларын тексеру, тақырып бойынша бақылау сұрақтарына жауаптары (жазбаша немесе ауызша), сабаққа қатысуы және белсенділігі ескеріліп 0-20 балл аралығында бағаланады.
Аралық бақылау тапсырмаларын орындауды бағалау критерийлері: Аралық бақылау тапсырмасы презентация түрінде болатын болса: Презентация белгіленген талаптар тұрғысынан негізінен 70 балдық жүйеде бағаланады:
Мәселенің өзектілігі мен тұжырымы – 15 балл
Берілген тақырып бойынша суреттер мен кестелердің дұрыс құрылуы-10 балл
Құрастырылан суреттер мен кестелердің сапасы-10 балл
Әдебиеттер тізімінде негізгі әдебиет көзінің қазіргі кездегі көзқарастарға сәйкестігі (монографиялар, периодты әдебиеттер)- 10 балл
Бақылау сұрақтарына жауап беруі- 15 балл
Материал бойынша жан-жақты және терең білім көрсетеді- 10 балл
Қорытынды бақылау тапсырмаларының орындалуын бағалау критерийлері: Қорытынды емтихан сұрақтары билет түрінде болады, әр билетте әртүрлі деңгейлі үш сұрақ болады. Көрсететін бағалау жүйесі кестеде келтірілген.
Бағалау
|
Критерийлер:
|
«Өте жақсы»
|
1. Теориялық сұрақтарға дұрыс және толық жауаптар берілген;
2. Материалдар логикалық жүйелілігіне сәйкес, сауатты берілген;
3. Шығармашылық қабілеттері көрсетілген.
|
«Жақсы»
|
1. Теориялық мәселелер дұрыс, бірақ толық емес жауаптар, мәнсіз қателіктері немесе дәлсіздіктер кездеседі;
2. Материалдар логикалық сауаттылықпен жасалаған.
|
«Қанағаттанарлық»
|
1.Жауаптар теориялық сұрақтар негізінен дұрыс, бірақ толық емес, дәлсіздік және логикалық қателік кездеседі;
2. Материалы сауатты, бірақ логикалық жүйелілігі қарастырылмаған.
|
«Қанағаттанарлықсыз»
|
1. Жауапта теориялық сұрақтарға байланысты өрескел қателіктер жіберілген;
2. Баяндау жауабында грамматикалық, терминологиялық қателіктер жіберілген, логикалық жүйелілік сақталмаған.
|
Достарыңызбен бөлісу: |