Алғы сөз Типтік бағдарлама


Дәстүрлі дүниетаным дағдарысы



бет47/91
Дата15.09.2022
өлшемі1.15 Mb.
#460817
түріСеминар
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   91
УМКД. Мәдениет

Дәстүрлі дүниетаным дағдарысы.

  • Қазақ Ағартушылығы феномені.

  • Абай ұлы қазақ ақыны және ойшылы ретінде

    Қазақстанның Ресей құрамына енуі туралы мынадай жалпы бір схема (кесте) көп жылдар бойы “ақиқаттың бірден-бір көрінісі” деп есептелініп келді:


    Қазақстан Ресейге қосылмаса, жоңғар шапқыншылығынан халық ретіне құрып кететін еді (алайда, XVIIIғ-дың ортасында Абылай хан мемлекеті жоңғарларды түпкілікті жеңген).
    Қазақ халқы Ресей арқылы Еуропаның озық мәдениетімен танысты (бұл Америкадағы үндістердің “танысуына” тыс ұқсас).
    Ресейге қосылу нәтижесінде Қазақстанда феодализм шайқалып, озық капиталистік өндіріс тәсілі ене бастады (бай мәдени мұрасы бар үнді елінің ағылшын отарына айналғандағы “жетістіктері сияқты”).
    Дегенмен де орыс ғалымдары қазақ халқының тарихын, тұрмысын,мәдениеті мен тілін зерттеуде көп жұмыс істеді. Олардың ішінде зерттеушілер В. В. Радловтың, А. И. Левшиннің, В. В. Вельямин-Зерновтың, А. И. Добромысловтың, украин ақыны Т. Г. Шевченконың т.б. есімдерді атап өтуге болады.
    Қазақстан жерінде алғаш құрылған ірі ғылыми жағрафиялық қоғам 1868 жылы Орынборда ұйымдасқан еді. Оның қызметіне орыс саясатшысы және Қазақстан мен Орта Азияны зерттеуші Г. Н. Потанин белсене қатысты, ол Ш. Ш. Уәлихановтың замандасы және досы болған
    Елiмiздiң мәдениетi мен қоғамдық ой-пiкiрiнiң тарихын­да қазақтың тұңғыш ғалымы, аса көрнекті демократ-зерт­теушi Ш. Ш. Уәлиханов /1835-1865/ құрметті орын алады. Оның қоғамдық-саяси, ғылыми және әдеби қызметi қазақ даласында прогресшiл идеялардың тарауына үлкен жол ашты. Шоқан 1858-1859 жылдарда Шығыс Түркiстанда болып, ондағы халықтардың тарихы мен этнографиясына, сондай-ақ осы сапарда Қырғыз елiнiң. тарихына байланысты бай материал жинап, соның негiзiнде көптеген еңбектер жазды. Оның қазақ халқының. тарихына байланысты жазғандары шығыстану ғылымына зор үлес болып қосылды. Ал орыстың атақты жазушы-философы Ф. Достоевскиймен өте жақын дос болды. Оның ағартушы-демократ ретiндегi көзқарасының қалыптасуына орыстың прогресшiл революционер-демократтары Н. Г. Чернышевский, Н. А. Добролюбов ықпал жасады. Шоқан Ресейдiң ғылыми-жағрафиялық қоғамының толық, мүшесi болып сайланды.
    Қазақстанда XIX ғасырдың 60-шы жылдарында халықтық мектептердiң ашылуы аса көрнекті ағартушы, қоғам қайраткерi, жаңашыл-педагог, этнограф, ғалым, қазақтың жазба әдебиетiнiң және тiлiнiң негiзiн салушылардың бiрi – Ыбырай Алтынсариннiң eciмімен тығыз байланысты. Ыбырай орыс графикасына негiздеп қазақ әлiп-биiн жасады. Осы әлiп-би бойынша жургiзiлген сабақтар ол ұйымдастырған қол-өнер және ауыл шаруашылығы училищелерiнде қазақ балаларының дүниеге көзiн ашты. Ал қазақ қыздарын өнер-бiлiмге кеңiнен тартты. Осы мақсатта ашылған қыздар мектеп-интернаты 1888 жылы Ырғызда, 1891 жылы Торғайда, 1893 жылы Қазалыда, 1895 жылы Қарабұтақта, 1896 жылы Ақтөбеде жұмыс iстей бастады. Оны бiтiрген қыздар кейiн қазақ даласында бiлiм ұрығын септi. Ыбырай Орынбордағы ғылыми-жағpафиялық қоғамның тiлшi мүшесi болып сайланды.
    Ыбыраймен тұстас Батыс Қазақстанда өмір сүрген көрнекті қаламгер, этнограф тарихшы Мұхамбет Салық Бабажанов /1832-1872 жж./ өзiнiң шығармашылығымен кеңiнен мәлiм. Орынбордағы кадет корпусын үздiк бiтiрген ол қазақтардың медениет, бiлiмге деген ықыласын қолдап, қазақтың тарихына, тұрмыс-тiршiлiгiне, Орал казак-орыстарының зорлық-зомбылығына байланысты Петербургте, Мәскеуде, Астраханьда шығатын газеттер мен журналдарда көптеген мақалалар жариялады. Ал орыстың ғылыми-жағрафиялы қоғамының мүшесi болды.
    XIX ғасырдың екiншi жартысында өмip сүрiп өздерiнiң халықтың мұң-мұқтаждарымен үндесiп жатқан тамаша шығармаларымен танымал болған Махамбет, Шернияз, Сүйiнбай, олардан кейiн iле-шала шыққан Бақтыбай, Марабай, Шөже, Кемпiрбай қазақ мәдениетiнiң тарихында өшпес iз қалдырды. Қазақтың көрнекті ақындары Орынбай, Шөже, Бiржан, Жамбыл, Майкөт, Әсет, т.б өлең-жырлары өздерiнiң терең мазмұнымен жұртшылықты тәнтi eтті. Айтысқа түсiп жүлде алып, өлеңдерi жұрттың есiнде, аузында жүрген қазақтан шыққан қыз-келiншектер де аз болған жоқ. Сара, Айсұлу, Манат; Балқия, Рысжан, т.б. солардың қатарына жатады.
    Қазақ музыкасын дамытуға үлкен үлес қосқан Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина, Тәттiмбет, Ықылас, атақты әншiлер Мұхит, Әсет, Бiржан сал, Жаяу Мұсаның есiмдерi бүкiл қазақ даласына жайылды. Олардан қалған мол мұра бүгiнгi таңда да қазақ халқының игiлiгiне айналып отыр.
    Қазақтың жазба әдебиетiнiң негiзiн салушы - Абай Құнанбаев. XIX ғасырдың екiншi жартысында өмip сүрген ол өлеңдер, дастандар, қара сөзбен жазылған хикаялардың мол мұрасын қалдырды. Ол өз шығармаларында адамгершiлiкке, рухани тазалыққа үндедi. Оларға жат қулық-сұмдыкты, залымдықты шенедi. Ол туралы қазақтың аса көpнектi ойшыл жазушысы Мұхтар Әуезов былай деп жазды: "Абай өзiнiң кiршiксiз ақ жүрегiн тебiренткен сансыз ойларын тамаша шығармалары мен жырларының бетiне маржандай төгiлдiрдi, оның әрбiр бетiнен, әрбiр жолынан, әрбiр сөзiнен бiзге соншама ыстық, соншама жақын леп сезiледi, ол леп кешегi өткен заманның, кешегi тәркі дүниенiң соққан тынысы болса да бiзге түсінікті, жүрегiмiзге қонымды. Абай лебi, Абай үнi, Абай тынысы - заман тынысы, халық үні. Бүгiн ол үн бiздiң үнiмiзге қосылып жаңғырып жаңа өpic алып тұр".
    Абайдың ақын шәкiрттерi өз балалары - Ақылбай, Мағауия, туысы Көкбай, iнiсi Шәкәрiм қазақ әдебиетiнiң алтын қорына қосылатын көптеген шығармалар қалдырды. Әcipece, Шәкәрiм Құдайбердiұлының /1858-1931/ жазғандары көп болды. Ол соңғы уакытқа дейiн халық жауы ретiнде аталып, eсiмi жұртка белгiсiз болып келдi.


    Адамдық; борыш ар үшiн,
    Барша адамзат қамы үшiн,
    Серт қылам еңбек етем деп,
    Алдағы атар таң үшiн, ­


    деп серт еткен ол қазақ халқының мәртебесiн биiктетiп, мол әдеби мұра қалдырды. Шәкерiм жазған "Қазақ шежiресiн", "Қалқаман-Мамыр", "Еңлiк-Кебек", "Дума", "Дубровский әңгiмесi" /Пушкиннен/ деген поэмаларын, Хафиз ақын өлеңдерiнiң, американ жазушысы Бичер-Стоу Гарриеттiң "Том ағайдың лашығы" деген романының, Лев Толстойдың шығармаларының қазақ тiлiндегi аудармаларын атауға болады. Қазақтың ipi ойшыл шежiрешiсi, ақыны Мәшүр Жүсiп Кебеев те /1858-1931/ осы Шәкерiм тұстас өмip сүрiп, халық сүйiп оқитын шығармалар жазды.
    XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қазақ халқының саяси-мәдени өмiрiнде жарық жұлдыздай көзге түскен, әмiршiл-әкiмшiл заманның құрбаны болып аттары ұзақ уақыт бойы аталмай келген Ахмет Байтұрсынов /1873-1938/, Мағжан Жұмабаев /1893-1938/, Жүсiпбек Аймауытов /1889-1931/, Мiржақып Дулатов /1885-1935/ сияқты алыптардың мұраларымен қазақ халқы кейiнгi кезде ғана танысуға мүмкiндiк алды. Олардың еңбектерi мен олар туралы деректер қазiр көп жариялануда. Солардың арасында 1992 жылы "Жалын" баспасы шығарған "Бес арыс" жинағын атауға болады.
    Ахмет Байтұрсынов қазақ елiнiң тәуелсiздiгi, қазақ халқының бақыты үшiн үлкен соқпақты жолдан өтiп, қазақтың тiл бiлiмiн дамытуға зор үлес қосты. Оның аудармасында Крыловтың "қырық мысалы" қазақ тiлiнде шықты. "Маса" деген атпен өлеңдер жинағы жарық көрдi. Саясатқа, мәдениетке байланысты орасан көп шығармалар жазды. Ол "Алаш" партиясын ұйымдастырушылардың бiрi. Ол өнерлi адам болған, шығарған әндерi де сақталrан. Оның еңбектерiнiң денi тiлге байланысты, сондықтан да Қазақтың ұлттық академиясының Тiл институтына Ахмет Байтұрсынов eciмi берiлген.
    Қазақтың Пушкинi аталған Мағжан Жұмабаев сыршыл ақын болған. Мухтар Әуезов оны қазақ ақындарының қара қордалы ауылында туып, Еуропадағы мәдениетпен сұлулық сарайына барып, жайлауы жарасқан ақын деп суреттейдi. Ол қазақ әдебиетiндегi Абайдан кейiнгi аса биiк тұлғалардың бiрi. Сондай ipi тұлғалардың қатарына Жүсiпбек Аймауытовты да жатқызуға болады. Ipi драматург, қара сөзбен жазғандары, өлеңдерi көп бұл әдебиетшiнi де халық қатты қастерлеп сүйiп оқыған.

    Мен бiткен ойnаң жерге аласа ағаш,


    Eмecпін жемiсi көп тамаша ағаш,
    Қалғанша жарты жаңқам мен ceнiкi,
    Пайдалан шаруаңа жараса, алаш


    деп келетiн Мiржақып Дулатов тек ақын ғaнa емес, сонымен бiрге үлкен күрескер, саясатшы да болды. Ол "Алаш" партиясын құрып, Алаш Орда өкіметін басқаруға қатысты. Қазақ елiнiң тәуелсiздiгi үшiн жан аямай күpecтi. Әдебиеттегi осы сияқты алыптардың өнегесімен, күpecтер қызып жатқан күндерiнде ұйымдастырылған " Айқап", "Қазақ" сияқты басылымдарда көркем шығармалар, жарық жарияланымдарымен көpiнген қазақ зиялылары аз болған жоқ. Мұның өзi XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қазақтың ұлттық мәдениетiнiң жаңа деңгейге көтерiлiп келе жатқанын көрсетедi
    Әдебиет пен өнер саласындағы жетістіктер.
    20-шы жылдардың екiншi жартысынан бастап И. В. Сталиннiң басқаруымен қалыптасқан тоталитарлық жүйе Қазақстанның мәдениетiнiң дамуына үлкен кеселiн тигiздi. Оның үстемдiк eтyi нәтижесiнде Қазақстандағы мәдениет салалары Коммунистiк партияның саясатына сәйкес жұмыс iстeyre тиiс болды. Әcipece бұл халыққа бiлiм беру саласында ерекше көрінic тапты. Атап айтқанда, бұл кезде шығарылған оқулықтар, партия, комсомол және пионер ұйымдары, жас ұрпақтың санасы мен мiнез-құлқына сталинизмнiң догма­ларын талқылады. Мектептiң қызметi де бұрмаланды.
    Бұл кезде халыққа бiлiм беру iсiнде, соның iшiнде оқу орындарында партиялық өмip күшейдi. Оқу-тәрбие про­цестерiн идеологияландырудың үстінде жалпы көрсеткiштi қудалау, оқу процестерiн формальды жүргiзу өрiстедi.




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   91




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет