Іс-тәжірибенің бірінші аптасында тиянақты жоспармен тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағат тақырыбы: "Ұлы-дала мұрагерлері". Барлық оқушылар тәрбие сағатына белсене қатысты



Дата13.04.2024
өлшемі0.92 Mb.
#498575
мінездеие нурсерік


«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы жаратылыстану-математика факультеті 6В01510 – «химия-биология мұғалімдерін даярлау» мамандығы бойынша ХБ-201 тобының 2 курс студенті Алмас Нұрсерікке

Мінездеме

Алмас Нұрсерік Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің "Ыбырай Алтынсарин атындағы № 37 гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 01.04.2023-15.04.2023жж. аралығында психологиялық-педагогикалық іс-тәжірибеден өтті. Алғашқы күннен бастап Нұрсерік ізденімпаздылығын және ұшқыр ойлылығын көрсете білді.Мінезі байсалды, өз жұмысына ынталы, мекеменің қызметкерлерімен тез тіл табыса алады. Машықкер Нұрсерікке 7 «Б» сыныбының сынып жетекшілік міндеттері жүктелді. Іс-тәжірибенің алғашқы аптасында өзіне бекітілген 7 «Б» сыныбының сабақтарына бақылаушы ретінде қатысып, сынып оқушыларымен толықтай танысып, тез араласып кетті.Нұрсерік оқушылар алдында өзін еркін, сенімді ұстай білді.

Іс-тәжірибенің бірінші аптасында тиянақты жоспармен тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағат тақырыбы: “Ұлы-дала мұрагерлері” . Барлық оқушылар тәрбие сағатына белсене қатысты .

Машықкер сабак жоспарын үнемі сынып жетекшісімен талкылап отырды. Сыныпқа мінездеме, психологиялық тест алынды. Іс-тәжірибе барысында оқушылармен жұмыс жасауды, топпен жұмыс және де әрбір баламен жеке-жеке жұмыс жасауды меңгерді. Сабақ өткізу барысында өзінің ұйымдастырушылық қабілетін көрсетіп, мұғалім тұлғасына сай өз-өзін көрсете алды. Ол өзінің сөйлеу мәнерімен ,жүріс-тұрысымен ,ұйымдастыра алу қабілетімен ерекшеленді.

Нұрсерікке педагогикалық жұмысына сәттілік тілей отырып, болашақта жауапкершілігі жоғары,өз жұмысын жақсы атқаратын, ұқыпты ұстаз болатынына сенімдімін.

Баға: _______

Мектеп директоры : __________ Акимбаева Д.Ж

Практика жетекшісі :_________Сансызбаева Ж.А



Сынып жетекшісі: _________ Амангелді М.Ж

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет