Алгоритм әрекеті


Қалып «Желкеге Х тәріздес таңғыш қою техникасы»



бет14/31
Дата08.06.2023
өлшемі0.77 Mb.
#474825
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31
алгоритм

5.29. Қалып «Желкеге Х тәріздес таңғыш қою техникасы».
Мақсаты: Желке мен мойын артына таңғыш қою.
Көрсетілім: желке аймағындағы жарақат, мойын аймағындағы отадан кейінгі кезең.
Қоры: ені 10-12см дәке.
Әрекет алгоритімі:

  1. Науқасты өзіңізге қаратып отырғызып, тынышталдырыңыз.

  2. Науқасты қарап, жарақат түрін анықтаңыз.

  3. Манипуляция мақсатын түсіндіріңіз.

  4. Ені 10-12см дәке алыңыз.

  5. Дәкені маңдай аймағына қойып екі бекітуші айналым жасаңыз.

  6. Таңғышты желкеге қарай түсіріп, мойынның алдыңғы бөлігіне өтіңіз.

  7. Қарама – қарсы беттен таңғышты құлақ үстінен алыңыз, тағы да желке мен басты айналдыра бекітіңіз.

  8. Бірнеше рет қайталаңыз.


V.V. Сезімсіздендіру.
5.30. Қалып « А.В.Вишневскийдің инфильтраттық анестезиясын жүргізу техникасы».
Мақсаты: жергілікті сезімсіздендіру.
Көрсетілім: Біріншілік хирургиялық жара өңдеу, тігіс қою, іріңқапты союда қолданылады.
Қоры: анестетиктер – 0,25 % 500мл новокаин, 0,5% 250мл новокаин, шприц 5-10-20мл, 1% йодонат, 70% этил спирті, егу инелері, стерильді таңғыш, стерильді лоток, резеңке қолғап, КБУ.
Әрекет алгоритімі:

  1. Резеңке қолғап киіңіз.

  2. Пинцетке қыстырылған стерильді салфеткамен теріні орталықтан переферияға қарай йодонатпен кейін спиртпен 2 рет өңденіз.

  3. Шприцке новокаин ерітіндісін теріңіз.

  4. Егу инесің тері астына еңгізіңіз.

  5. «Лимон қабығы» пайда болғанға дейін баяу еңгізіңіз.

  6. Новокаинді еңгізе отырып инені тіндердің астына жылжытыңыз.

  7. Инені алып 3-5 мин сайын тектері жүргізіңіз.

  8. Қолданылған қолғапты, инені, шприцты, таңғышты КБУ-ға тастаңыз.

Ескерту: Жергілікті анестезиядан кейін науқасқа күтім жүргізу:

  1. Науқасты тексеруге ыңғайлы қалыпта жатқызыныз.

  2. Егер жүрек айну болса жастықты алып тастаңыз.

  3. Кері әсері болмаса жастыққа жатқызыныз.

  4. Науқасты 2 сағ бақыланыз: қан қысымын, тамыр соғысын өлшеңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет