Алгоритм әрекеті



бет2/31
Дата08.06.2023
өлшемі0.77 Mb.
#474825
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
алгоритм

Әрекеттер алгоритімі:

  1. Киім салынған стерильді биксті сөреге қойып, нықтаңыз.

  2. Сыртынан бикстің маркерін, залалсыздығын тексеріңіз.

  3. Биксті басқыштың көмегімен ашып, оның стерильдік индикаторын алып, күйін бағалаңыз.

  4. Бикстен шапанды жағасынан сол қолмен алып, созылыңқы қолмен айналасындағы заттарға тигізбей жазыңыз, оң қолыңыздан киіңіз.

  5. Кейін жағасын оң қолмен ұстап сол қолдан киіңіз.

  6. Екі қолды кеуде тұсына созып, жеңдерін бекітіңіз.

  7. Шапанның артқы жоғарғы бауларын бекітіңіз.

  8. Қалтасынан белбеуді шығарып өзіңізден 30-40 см ара қашықтықта ұстаңыз, ұштарын көмекшіге беріңіз.

  9. Қалтадан стерильді қалқаны шығарыңыз. Қалқаны бетке жақындатып, үстіңгі бауын көмекші ұстай алатындай етіп, стерильді қолға тигізбей ыңғайлап ұстаңыз.

Ескерту: залалсыздандырылған шапан қолды хирургиялық әдіспен өңдегеннен кейін киіледі.


5.3. Хирургтың киіну техникасы.
Мақсаты: ота кезіндегі асептикалық шарттарды қалыптастыру.
Қоры: стерильді киім мен жаялықтар салынған бикс, қолды залалсыздандыратын ерітінді.
Әрекеттер алгоритімі:

  1. Киім салынған стерильді биксті сөреге қойып, нықтаңыз.

  2. Сыртынан бикстің маркерін, залалсыздығын тексеріңіз.

  3. Биксті басқыштың көмегімен ашып, оның стерильдік индикаторын алып, күйін бағалаңыз.

  4. Шапаңды жағасынан алып, хирургтың созылған қолына киюге ыңғайлы етіп ұстаныз.

  5. Шапаңды хирургтың иығына тастаңыз.

  6. Шапаң артындағы бауларды байлаңыз.

  7. Хирург жеңіндегі бауларды байлаңыз.

  8. Қалтасынан белбеуді шығарып өзіңізден 30-40 см ара қашықтықта ұстаңыз, ұштарын көмекшіге беріңіз.

  9. Қалтадан стерильді қалқаны шығарыңыз.

  10. Қалқаны бетке жақындатып, үстіңгі бауын көмекші ұстай алатындай етіп, стерильді қолға тигізбей ыңғайлап ұстаңыз.

  11. Бауларды көмекші байлайды.

Ескерту: залалсыздандырылған шапан қолды хирургиялық әдіспен өңдегеннен кейін киіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет