СӨЖ №6. Логикалық есептерді шешу.
Тапсырмалар:
1. 9 күміс теңгелердің біреуі жалған жасанды теңгенің жеңіл екенін біле отырып екі ыдысты – гирлері жоқ таразының көмегімен екі рет өлшеу жүргізіп жалған күміс теңгені қалай табар едіңіз.
2. Сыйымдылығы 3 литр суды және 5 литр ыдыстардың көмегімен ағып тұрған судан 4 литр суды қалай алуға болады?
3. Арыстан қойды 2 сағатта, қасқыр 3 сағатта, ит 6 сағатта жеп бітіре алады. Үшеуі қатар жесе, қанша уақытта жеп бітіре алады?
4. Ақмарал, Сара, Жадыра және Лаура – оқу озаттары. Олар мектепте өткізілген (математика пәні бойынша) олимпиадаға қатысып жүлделі 4 орынды өзара бөлісті. Олар қандай орынды жеңіп алды екен? – деген сұраққа осы кластың оқушылары былайша жорамалдап жауап берді.
1. Ақмарал II, Сара III
2. Ақмарал I, Жадыра II
3. Лаура II, Сара IV
Бұл жауаптардың біреуі дұрыс, екіншісі жалған болып шықты. Кім қандай орынды жеңіп алған?
5. Қайрат, Болат, Алмат, Самат төртеуі жарыста алғашқы төрт орынды жеңіп алды. Кім қандай орын алды деген сұраққа, олардың үшеуі былай жауап берді.
Қайрат 1-ші де, 4-ші де емес
Болат 2-ші
Алмат соңғы емес.
Сонда олар қандай орынды жеңіп алды?
Достарыңызбен бөлісу: |