Алибеков дархан нурманович



бет2/6
Дата30.06.2016
өлшемі0.78 Mb.
#167352
1   2   3   4   5   6
Ұлттық музыка, әсіресе дәстүрлі музыкалық өнердің педагогикалық аспектілерін, мүмкіндіктерін қарастырған ғалымдар С.А. Ұзақбаева, М. Х. Балтабаев, Т.А. Қышқашбаев, Ш.Б. Құлманова, М. Оразалиева, Б.Р.Сүлейменова, Е.Ш. Қозыбаев, Р.К. Дүйсенбінова, Б.Т. Махмутова, К.Е. Ибраева және т.б.

Дәстүрлі музыкалық өнер, әсіресе жыраулық дәстүрдің мән-мазмұнын, тәрбиелік сипатын айқындағандар Р.Бердібай, Т.Тебегенов, А. Алматов, Б.Жүсіпов, Э.Жаңабергенова.

Алайда, педагогикалық психологиялық, музыкалық педагогика салалары бойынша әдебиеттерді талдау және зерттеулер жалпы дәстүрлі музыкалық өнердің ұлттық дүниетанымды қалыптастырудағы рөлі, педагогикалық шарттарда (әдістер, формалар, тәсілдер т.с.с.) оның ішінде жастар тәрбиесіндегі маңызы әлі күнге толыққанды зерттелмей келгендігін көрсетеді. Яғни, жастарды халқымыздың ұлттық игілігі болып табылатын дәстүрлі музыкалық өнері негізінде тәрбиелеу, оқыту және олардың ұлттық дүниетанымының қалыптасуына жан-жақты мүмкіндік жасау қажеттігі айқын.

Осы орайда, Б. Момышұлының келіндердің бесік жырын, әжелердің ертегісін есітпей өскен ұрпақтың болашағына алаңдаушылығы тұрғысындағы тұжырымы, мәселенің теория мен практикада орын алып отырған дидактикалық негіздегі қарама-қайшылықтарының әлі күнге күн тәртібіндегі ашық мәселе екенін аңғартады. Яғни, зерттеліп отырған мәселенің теориялық және әдістемелік тұрғыда әлі де қарастырылмау себептері, сондай-ақ, дәстүрлі музыкалық өнер негізінде студент-жастардың дүниетанымын қалыптастыру мүмкіншілігі мен олардың оқу-тәрбие үдерісінде жүйеленбегендігі; тиімді әдістемемен қамтамасыз етілмеуі; оларды іске асырудың педагогикалық шарттарының жасалынбағандығы арасындағы қарама-қайшылық біздің зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Дәстүрлі музыкалық өнер негізінде студент-жастардың ұлттық дүниетанымын қалыптастырудың педагогикалық шарттары» деп таңдауымызға негіз болды.

Зерттеу мақсаты дәстүрлі музыкалық өнер негізінде студент-жастардың ұлттық дүниетанымын қалыптастырудың педагогикалық шарттарын теориялық негіздеп, әдістемелік, тәжірибелік-экспериментпен тексеру.

Зерттеудің нысаны – жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие үдерісі.

Зерттеу пәні – дәстүрлі музыкалық өнер негізінде студент-жастардың ұлттық дүниетанымын қалыптастырудың педагогикалық шарттары.

Зерттеу ғылыми болжамы: егер, студент-жастардың ұлттық дүниетанымын дәстүрлі музыкалық өнер негізінде қалыптастырудың теориялық негіздері педагогикалық шарттар тұрғысында айқындалып, мазмұны мен әдістемесі оқу-тәрбие үдерісінде жүзеге асырылса, онда ұлттық тәрбиені бойына сіңірген студент тұлғасын қалыптастырудың мүмкіндіктері артады.

Зерттеу міндеттері:

- студент-жастардың ұлттық дүниетанымын дәстүрлі музыкалық өнер негізінде қалыптастырудың теориялық негіздерін айқындау;

- жоғары оқу орнында студент-жастардың ұлттық дүниетанымын қалыптастырудың педагогикалық шарттарын ұсыну;

- дәстүрлі музыкалық өнер негізінде студент-жастардың ұлттық дүниетанымын қалыптастыру әдістемесінің нәтижесін тәжірибелік-эксперимент арқылы тексеру.



Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: жеке тұлға теориясы, дүниетаным туралы философиялық, психологиялық, педагогикалық жалпы азаматтық және ұлттық құндылықтар теориясы, білім туралы мемлекеттік саясат.

Зерттеу көздері: философ, психолог, музыкатанушылар, педагогтардың дүниетаным, қазақ музыкасы, дәстүрлі музыкалық өнер туралы зерттеу еңбектері; Қазақстан Республикасының Ресми материалдары, жастар тәрбиесіндегі, оларға білім берудегі этнопедагогика материалдарын тиімді жүзеге асыру жөніндегі озық тәжірибелер.

Жетекші идея: студент-жастардың ұлттық дүниетанымын дәстүрлі музыкалық өнер негізінде қалыптастырудың теориялық негіздері, педагогикалық шарттары, мазмұны мен әдістемесі ұлттық мазмұнында анықталады.

Зерттеудің әдістері: зерттеу мәселесіне байланысты философиялық, музыкалық, өнертану, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге, қазақтың мәдени-музыкалық мұраларына теориялық талдау жасау; бақылау, әңгімелесу, сауалнама жүргізу, озық тәжірибелерді зерделеу, жинақтау, қорыту, тәжірибелік-эксперимент жұмысы.

Зерттеу базасы: Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Дәстүрлі музыкалық өнер» мамандығының студенттері.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен мәнділігі:

- студент-жастардың ұлттық дүниетанымының дәстүрлі музыкалық өнер негізінде қалыптастырудың теориялық негіздері айқындалды;

- студент-жастардың ұлттық дүниетанымын дәстүрлі музыкалық өнер негізінде қалыптастырудың ұлттық мән, маңызға ие екендігі педагогикалық-психологиялық тұрғыдан негізделді.

Зерттеудің практикалық мәнділігі:

- студент-жастардың ұлттық дүниетанымын дәстүрлі музыкалық өнер негізінде қалыптастыру жүйесінің процессуалдық аспектілері, оқу әрекеттері, оқу қызметі мен студент-жастардың ақыл-ойын дамыту тәсілдері, әдістері ұсынылды;

- студент-жастардың ұлттық дүниетанымын дәстүрлі музыкалық өнер негізінде қалыптастырудың педагогикалық шарттары ұсынылды;

- студент-жастардың ұлттық дүниетанымын қалыптастыру әдістері берілді.



Диссертация құрылымы: Диссертация кіріспе, екі тараудан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспеде зерттеу мәселесінің көкейкестілігі мен маңызы негіз­делген, жұмыстың мақсаты, нысанасы, пәні анықталған, зерттеудің міндеттері мен болжамы, әдіснамалық негізі, ғылыми жаңалығы, практикалық құндылығы сипатталып, қорғауға ұсынылған негізгі қағидалар, зерттеу нәтижесінің дәлелдігі, зерттеу нәтижелерінің тәжірибеге енгізілуі тұжырымдалды.

«Дәстүрлі музыкалық өнер негізінде студент-жастардың ұлттық дүниетанымын қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері» деп аталатын бірінші тарауда зерттеудің теориялық негізі тұрғысында ғалымдардың философиялық, психологиялық, педагогикалық зерттеулердегі ой-пікірлері талданып, негізгі тұжырымдары негізге алынып, педагогикалық-психологиялық, музыкалық негізі анықталды.

«Дәстүрлі музыкалық өнер негізінде студент-жастардың дүниетанымын қалыптастыру әдістемесі» атты екінші тарауда ұлттық дүниетанымын дәстүрлі музыкалық өнер негізінде қалыптастырудың мазмұны, әдістері жасалынып, эксперименттік жұмыстардың нәтижелері баяндалады.

Қорытындыда зерттеу нәтижелері бойынша студент-жастардың ұлттық дүниетанымын қалыптастыруға қатысты қорытындылар берілген.
1. ДӘСТҮРЛІ МУЗЫКАЛЫҚ ӨНЕР НЕГІЗІНДЕ СТУДЕНТ-ЖАСТАРДЫҢ ҰЛТТЫҚ ДҮНИЕТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


    1. Ұлттық дүниетаным ұғымының сипаттамасы

Қазақтың рухани байлығының әсері адамның парасатты, білімді болуына дүниетанымдық көзқарасының жоғарғы деңгейде дамуына әсері ерекше болып табылады. Осындай үрдісте қазақ халқының дәстүрлі музыкалық өнерінің әсері өзгеше, осыны ескере отырып, біз ең алдымен “дүниетаным” ұғымына және адам баласының ежелден дүниеге деген көзқарасын қарастырып отырмыз.

Қазақ халқын тану үшін оның ұлтының бойына сіңген ұлы данышпан даналардың қалыптастырған ғасырдан-ғасырға ұласқан, ғасырлар бойы қазақ халқының қойнауын бойлаған даналық рухын тануға міндетті. Қазақтың даналық рухы даналық дүниетанымы басқа елдерде қайталанбайтын төл тума өнерінде мақал-мәтелінде, аңыз әңгімелерінде шешендік өнерінде, рухани құндылығында жатыр.

Қазақтың кең байтақ даласы тау-тасы, топырақ жануары оның дүниетанымдық көзқарастарында ерекше орын алған. Қазақ халқының даналық дүниетанымы, қазақ өмірінің болмысымен, шаруашылық тұрмыс жағдайымен, саяси қызмет ахуалымен, халықтың бойына біткен тәлім-тәрбиесімен, халқымыздың керемет бай, әрі терең ойлы асыл қазына тілімен ұлы даналардың мұраларымен тығыз байланысты.

Бүгінгі күні өзіміз өмір-тіршілігімізде қолданылатын таным түсінігіміздің түп тамыры тереңде екенін сезінген сайын тарихымызға, ұлттық пәлсәпамызға деген құмарлығымыз арта түседі. Көңіліміздің ақтығы, жүрегіміздің пәктігі, жанымыздың жомарттығы-табиғат ананың сыйы деп білеміз. Қазақ философиясындағы ұлттық дүниетанымындағы алғашқы көзқарастар табиғат тылсымымен тығыз байланысты болды.

Қазақтың ұлттық даналығы оның тілінде. Сөз өнері қазақ халқы үшін өнердің ең жоғарғы формасы. Алғашқы дүниетанымдық көзқарастарды аңыз, жұмбақ, мақал-мәтелдерге жасырған. [2] .

Қазақ халқының дәстүрлі ілімі сонау ерте дәуірден келе жатқан, ұрпақтан-ұрпаққа аманат болған мәдениетінде жатыр. Қазақ халқы басқа халықтардан өзгешеленетін оның қайталанбас төл тума тілінде, дінінде, мәңгі өшпес ұлы бабаларымыздың артына қалдырған дәстүрлі ілімінде жатыр. Артқы ұрпағына өлмес із қалдырған бабаларымыздың мұрасы мәңгі халық санасында жаңғырмақ. Адамзат өмірінде осы ілімнің қай қазақ баласының санасында ерекше орын алғанына бүгінгі күн дәлел болмақ.

Адамзат ең бірінші өзін тану үшін ұлтын, оның бойына сіңген ғасырдан-ғасырға ұласқан дәстүрлі ілімін тануы қажет. Жалпы біз өзіміздің қазақ ілімін мәңгі қастерлеп жадымызда сақтау үшін, оның дәстүрлі дүниетанымын ұмытпау қажет. Әрбір адамзат ұлттық мүддені қорғай отырып, соған сай қадам басқан жөн секілді.

Әрбір ұлттық тілі, діні, мәдениеті, салт-дәстүрі кез-келген ұлттағы өзекті мәселе болып табылмақ. Ұлттық өзін-өзі сақтау мәселесі де тереңдей зерттеуді талап етеді. Қоғамымыздың саяси-экономикалық даму үрдістері де осы ертеден келе жатқан ата-бабаларымыздың дүниетанымына байланысты. Кез-келген қоғамдағы басты мәселе адамға байланысты туындайды. Қазақтың дәстүрлі іліміндегі кез-келген мәселе адамға байланысты туындаған. Осы халық даналығын, оның дәстүрлі дүниетанымын, мәдениетін атадан балаға таза жеткізу қажет.

Қазақ қоғамында ежелден жеке адамдардың даралық қасиетін жоғары бағалаған. Кез-келген халық даналығын да, батырлар жырларын да немесе халықтың мақал-мәтелдерін қарастырсақ бәрінде де негізгі рөл тұлғаға беріліп, жігіттің батырлығы, дарқандығы, адамгершілігі, кісілігі, жомарттығы, т.б. асыл қасиеттері насихатталады. Адамдар арасындағы қарым-қатынасты түзеу, бірлікті сақтау, адамдарды бірлікке, адамгершілікке баулу қазақ дүниетанымындағы басты мәселе. Осыны тану үшін бізде терең таным, ерекше бір даналық болуы шарт. Ең бірінші кез-келген ұлттың бойындағы асыл құндылықтар оның дәстүрлі дүниетанымында жатыр. Сондықтан біз асыл қазынамызды жоғалтпау үшін адамзатқа ортақ мүддеде өмір сүре отырып, халық даналығын терең данышпандықпен толғай отырып талдауымыз шарт.

Мақалдар, ертегілер, салт-дәстүр жырлары толғамы тереңде жатқан халық даналығы. Біз осындай даналықпен сусындай отырып бүгінгі күнге аяқ басамыз. Даналардың дүниетанымын оқи отырып, бүгінді ертеңмен өлшей алмақпыз. Дәстүрлі ілімнің адамзат болашағына тигізер әсерін жоғарыда айтып өттік. Тек оған терең сауаттылық көзі арқылы сусындауымыз шарт. Қазақтың дәстүрлі дүниетанымы ұрпақтан-ұрпаққа тарап болашақ ұрпаққа үлкен септігін тигізер тамыры тереңде жатқан даналық. Біз оны зерттеген сайын әртүрлі қырлары арқылы көреміз.

Ұлттық дүниетанымдағы алғашқы көзқарастар миф, аңыз, ертегі, мақал-мәтелдерінде ерекше орын алған. Алғашқы дүниетанымдық көзқарастар адамның күнделікті өмір тіршілігімен тығыз байланысты болған. Күнделікті өмір тәржибесі адамзат дүниетанымының қалыптасуындағы басты фактор болып табылған. Адамдар өз тіршілігіне байланысты түсініктер қалыптастырған [3]. Тағдырды-тағдыр ететін адам демекші адамға байланысты көптеген көзқарастар қалыптастырған. Жалпы ұлттық дүниетаным сол ұлттың бойына сіңген даналық рухында және ұрпақтан-ұрпаққа ұласқан ұлы бабаларымыздың дүниетанымында. Ұлттық дүниетаным арқылы біз сол ұлттың мәдениетін, сол ұлтқа тән құндылықтарды біле аламыз. Қазақ халқы басқа халықтарға қарағанда ерекшеленетін ұлттық өзгешеліктеріміз өте көп.

Оны аңғару үшін біз ең бірінші ұлттың бойына тән қасиетті тануымыз шарт. Адамзат өмірінде бұл мәселелердің алған орыны өзгеше. Қазақ даналығын ең алғаш мифтік дүниетанымнан бастаймыз. Адамзат өмірінде де бұл мәселелердің күнделікті тіршілікпен біте қайнасқан ерекше дүниетанымдық маңызы бар. Себебі мифтік дүниетаным адамдардың күнделікті ойлау дәрежесіне, күнделікті білім деңгейіне айнала білді. Кез-келген мифтік дүниетаным күнделікті өмір тіршілігіне байланысты туындаған.

Алғашқы дүниетанымдық көзқарастар адамдардың күнделікті өмір тіршілігімен тығыз байланысты болды. Кез-келген дүниетанымдық ілімдер адамдардың таным түсінігімен, күнделікті тұрмыс-тіршілігімен біте қайнасты. Алғашқы дүниетанымдық көзқарастарды халық даналығында көбіне біз ерте замандағы жырлардан байқаймыз. Олар табиғат тылсымын толық түсінбеген. Сондықтан алғашқы дүниетанымдық көзқарастар адамның табиғат тылсымының сырын ашуға бағытталған десек те қателеспейміз. Халық даналығы жалпы қай уақытта болмасын мәнін жоймайтын, артқы ұрпағының жанына мәңгі рухани азық болатын өлмес құндылық.


Бүгінгі күнге аяқ басуымыз, рухани құндылықтардың арқасы. Сондықтан әрбір адам өзінің ұлтының бойына сіңген ұлттық даналығын тереңнен толғап, оның негізінде жатқан басты мәселелердің мәнін аша білу шарт.

Қазақ философиясында көшпенділер дүниетанымының да алған орны зор болды. Жалпы көшпенділер оның ішінде пайда болған қазақ деген этнонимнің өзі көп жайтты аңғартады. Көшпенділер өз табиғаты жағынан әскери жаугершілік тұрмыспен ұқсас болып келді. Көшпелілік емін-еркін өмір сүру үлгісі. Көшпенділер үшін ар-ұят бірінші орында тұрды. Сондықтан әділдікті, адамгершілікті бірінші орынға қойды. Егер зұлымдыққа зұлымдықпен жауап берсек, нағыз зұлымдық тумай ма? Ал көшпенділер үшін бірінші орынға этикалық категорияларды қояды. Өйткені кез-келген қоғам өз дамуында жамандықты емес, жақсылықты мысалға алады. Номадтық дәстүрлі мәдениет болмыстың тылсымдық ырғақтарына мән берді [4.56].

Адам дүниесін өтпелі өткінші кезең деп қарастырды. Көшпенділер дүниетанымы өзіндік ерекшелігімен айқындалмақ. Көшпенді тұрмыс адамзат дүниетанымында ерекше орын алған. Көшпенділер басқа кезеңмен салыстырғанда олардың дүниетанымында дүниеге деген көзқарасы өзгеше болды. Жалпы қазақ халқының даму тарихында бұл кезеңнің орыны өзіндік көптеген өзгешелігімен айқындалмақ. Халықтың дүниеге деген көзқарасы көшпелі өмірде мүлдем басқа кезеңмен салыстыруға келмейтін өзгешеліктермен дамыды. Көшпелі өмірде адамның дүниетанымына ерекше әсер еткен ол табиғи орта болып табылды. Адам тарихи дамуында айғақ болар кезең деп те атауға болады. Халық санасында мүлдем басқа көзқарастар қалыптасты.

Жалпы, адамзат өркениеттегі әйгілі мәдени ошақтардың ұдайы көшпелілер мекені мен жапсар өңірлерінде дүниеге келіп отырғаны кездейсоқтық емес. Әлемдік діндердің бастау тегіне Тәңірлік діннің өзекті қағидалары арқау болған. Тәңірлік дін уақыт пен кеңістікті игеруге талпынған, қоршаған ортамен тіл табысуға ұмтылған адам баласының алғашқы таным түсінігі еді. Тәңірлік дін көшпелілердің өмір сүруінің кепілі болып, өмір салтына айналды. Қазақтар күні бүгінге дейін таңның атуы мен күннің батуына дейінгі уақытты 5-ке бөледі: таң, сәске, түс, екінді, ақшам. Қазақтар әрбір маусымды өз ішінде 3-ке бөледі: қоңыр күз, сары ала күз, қара күз немесе қыстың басы. Осынау өмір салтының өзегінен бір жылды 12-айға бөлетін таным-түсінінікті бастау тегі аңғарылды. Көшпелілер мәдениеті өзінің 3-мың жылдық ғұмырында Жерорта теңізі мен Қиыр шығыс елдеріне қарағанда шығармашылық эволюцияны бастан өткерді. Көшпелілік өмір салты адамзат өмірінде көптеген жайтты аңғартты. Адамзат өмірінде бұл ілімнің алған орны зор болды. Көбіне бұл табиғат тылсымымен тығыз байланысты. Номадтық мәдениет дүниетанымында философиялық категориялардың да алған ролі зор болды [5.24-29].

Кеңістік, уақыт, қозғалыс, біртұтастық, синкретизм, тақуалық секілді категориялар ерекше орын алады. Көшпелі өмір қазақ даласының дарқан, кең екенін аңғартты. Көшпелі өмір салты арқылы қазақ халқы өз даласынан ерекше әсер алды. Қазақ дүниетанымында кеңістік категориясы ерекше орын алған.

Күнделікті ойлауы, өзара қатынастары, қоғамдасу формаларының қалыптасуы, кеңістік ұғымы зор болды, сол арқылы қабылдады, сипаттады, түйсінді. Кеңістік ұғымы сандық өлшемге ие болды. Көшпенділер кеңістік ұғымын көш басында аңғарды. Осыдан өлшем ұғымы қалыптасты. Мысалы байлықтың өлшемі жылқының өлшемімен анықталды.

Қазақтың ата тегінің еңбек әрекетімен, сан мың шақырымдық көш жолдарының белгілі бір күн мен айға басылып өтілуін белгілеумен кеңістік ұғымы басталды. Күндік көш, апталық көш, қозы көш, бір көш т.б қашықтықтың өлшемдерін белгіледі [6.13].

Қазақ дүниетанымында уақыт категориясының да алған орны зор болды. Уақыттың шеңберінде қазақ болмысы жақсы дамыды. Уақыт болмыстың формаларымен қатар өсті. Мысалы: ерте заманнан осы кезеңге дейін бір-біріне ұқсамайды, соған сәйкес кеңістік басқаша ұйымдастырылып, уақыт та басқаша өтті.

Ең бірінші ру, тайпа, адам, халық қалыптасты. Бұл кезде адамдар әр түрлі толысқан деңгейге жетті. Сондықтан әрбір қоғамның өзіндік даму уақыты бар деп айтуға болады. Уақыттың кереметтілігі оның қайтып келмейтіндігінде және оның өткіншілігінде. Уақыт тоқтаса адам өмірі де тоқырайды сондықтан қазақ уақытты жоғары бағалаған. Өткен өмірі арқылы бүгінгі күнін анықтаған.

Көшпенділер басқа халықтарға қарағанда уақытты ерекше таныған. Алыс көш жолдары, бай жайлау мәселелері, жыл мезгілдеріне байланысты ауа-райының өзгерістері, уақытты түсінуге мәжбүр етті. Уақыт ең бірінші бағдар ауа-райы болды. Көктемгі күн мен түннің теңелуі, осының бәрі уақыттық өзгерістерді көрсетті. Аптаған ыстық, жайылымдардың күйіп кетуі, өткел бермес сең, көктемгі алғашқы балауса шөп, қардың түсуі, күнгейге көшу уақытқа тәуелді болды. Күн сәулесінің шаңырақ бойы жылжуы және уықтар ерекше бір уақыт өлшегіш сағат ретінде қызмет атқарды.

Қазақ халқының дүниені игеріп, бүгінгі күнге қол жеткізуі қозғалыс категориясын көрсетпек. Қозғалыс адамның дүниеде болу формасы, негізгі өмір сүру жолы, жалпы дүниенің негізгі болу формасын шындығын қозғалыс категориясын анықтады [6.15].

Қазақ тұрмыс-тіршілігінде табиғаттағы, қоғамдағы осы күнге дейінгі барлық өзгерістер қозғалыс категориясын түгел қамтыды. Номадтық мәдениеттің синкретизмі мұнда дүниетаным біртұтас жүйеленбеген күйде болды, ғылым да, дін де өзіндік өзгешеленбеген біртұтас жүйеде болды. Көшпелі өмір салты арқылы табиғат сырын меңгерді, алғашқы танымдық түсініктер бүгінгі күнге жетті.

Бүгінгі күні өзіміз өмір -тіршілігімізде қолданатын таным түсінігіміз түп төркінінің таным түсінігі тереңде екенін сезінген сайын тарихымызға, ұлттық ой толғауымызға, ұлттық пәлсапамызға деген құмарлығымыз арта түседі. Адамзат өмірінде бұл мәселелердің алатын орны зор. Жалпы қазақ халқының күнделікті өмірімен біте қайнасқан.

Қазақ халқының дүниетанымы космологиялық көқарастар ұлттық өмір салтында бейнеленеді. Қазақта бата бергенде «жұлдызың жансын» немесе бағы жанған адамды «жұлдызы жанды» деп жатады. Бұның бәрі ғарыштық дүниетаным негізінде туған. Түркілердің де дүниетанымында ерекше орын алған. Аспан (тәңір), әсіресе күн адамдарды тудырған, оларға нұр шашып, өмірді үнемі жандандырып, жайнататын күш. Одан қымбат еш нәрсе жоқ, ол және құнды деп білген. Ал жер асты қойнауы өмір дүниесі, адамдарға жат қорқынышты, көбінесе жамандық әкелетін жақ. Яғни олар үшін құндылықтың ең бастысы - Аспан, Күн. Ертедегі адамдар үйлерінің есігін үнемі шығысқа, яғни күннің туатын жағына, немесе күннің ең қуатты жағы - оңтүстікке қаратқан. Күннің шуағы оның нұры адамдарға бақыт, нұр, жақсылық әкеледі деп таныған. Күн ұясынан шығысымен адамдар ұйқыдан оянып, тіршілігін жасаған. Оның өзінде үлкен дүниетанымдық ой жатыр.

Қазіргі космологиялық моделдердің мәні зор, ол жалпы шексіз әлемді танып білудің процесіндегі маңызды қадам болып табылады. Аспан әлемі барлық жарықты таратушы, адамды қайта тудырушы ұлы күш ретінде таныған. Сондықтан қазақ дүниетанымында космологиялық түсініктердің алатын орыны зор. Өзіне жақын тартып жанындай жақсы көрген адамдарды айым, күнім деп жақын тартып жатады. Жалпы, космонологиялық ілімнің адамзат өмірінде алатын орны зор. Демек біздің күнделікті тұрмыс тіршілігімізбен де бұл ілім тығыз байланысты. Бұл ілімнің философиялық тұрғыдан да алатын орыны зор болды. Бұның барлығы космонологиялық түсініктерге байланысты қалыптасты [7.63].

Қазақтың халықтық шығармаларындағы дүниетанымдық ізденістердің де қазақ философиясына қосқан үлесі зор. Көбіне халықтық шығармалар даналыққа толы болды. Ертегілердің де, мақал-мәтелдердің де философия тарихында өзіндік орын алды. Қазақтың халықтық шығармалары даналыққа толы. Оларды басты қазақтың ертегілері, мақал-мәтелдері дәстүрлі дүниетанымынан аңғарамыз. Халықтық шығармалар көбінесе күнделікті өмір тіршілігіне байланысты қалыптасты. Осыған байланысты әр түрлі дүниетанымдық көзқарастар пайда болды. Жалған дүние, пендешілік, тәуба, Алла деген секілді ұғымдар қалыптасты [5.89].

Бұл өмірдің өткіншілігін бүгін бар дүниенің ертең жоқ екендігін жалған дүние ұғымы түсіндірді. Бірақ адам өмірді жалған деп жатсынбай, керісінше оған құмар болуы шарт. Пендешілік әр адам өз табиғатынан тыс әрекетке салыну (ішсем,жесем,байысам) деп аяқ басуы. Тәуба әр адам иманға келу, өзін-өзі тежеу, тоқтауға салыну. Тәубасыз болу шайтанға ғана жарасады. Рухтың қалыптасуына ең алғашқы мифологиялық ертегілердің де өзіндік ролі зор болды. Бір бай өлейін деп жатып баласына өсиет айтады. Балам әр қаладан үй сал, апта сайын қыз ал, не жесең де бал же деп өсиет етеді. Баласы әр қаладан үй салады, апта сайын қыз алады, не жесем де бал жеймін деп ең соңында кедейлікке душар болады.

Ақырында бір қарт адамға жолығып әрбір қаладан үй сал дегеніміз, әр қалада өз үйіңдей үйің болсын деген сөз. Апта сайын қыз ал дегеніміз сен алған жолдасыңды жаңа ғана алғандай көрсең өмір бақи сыйлап өтесің деген мағынада деп таныған екен. Ал не жесең де, бал же дегені өзіңнің адал еңбегіңмен же, сонда ол бойыңа балдай сіңеді деген мағынада айтылған екен. Өмірде еш нәрсе адамға дәлме-дәл күйінде айтылмайды. Сондықтан біз кейде шатасып жатамыз. Өмірдің өткелінің қайда екенін білмей аяғымызды шалыс басатын себебіміз сондықтан.

Қожанасыр ілімін көбіне біз жай сықақ ретінде көреміз. Шындығында онда да үлкен философиялық ой жатыр. Мысалы: Қожанасыр қаншама жыл намаз оқып, Аллаға құлшылық етіпті. Олар кедей болған екен. Бір күні оған жұбайы ұрысып, сенің намаз оқып, Аллаға табынғаның қайда, бізге Алланың бергені қайсысы-деп ұрысады. Қожанасыр үйінен шығып, үйін шатырлап жатқан бір адамның жанына келіп Аллаға жалбарынады.

Ей, Алла маған бере көр,- деп. Сонда үйін шатырлап жатқан адам оған ақша береді. Қожанасыр риза болып үйіне қайтады. Екі-үш күн өткеннен кейін Қожанасырдан қайта ақшасын сұрап келеді. Сонда Қожанасыр тұрып мен сенен сұрадым ба? Мен Алладан сұрадым. Алла сенің қолың арқылы маған берді -деп жауап береді [7.47].

Қазақ халқының мақал-мәтелдерінде де үлкен философиялық мәселелер жатыр. «Сусыз жерде қамыс жоқ, азған елде намыс жоқ». Бұл мақал да халық даналығынан туындаған. Расында сусыз жерге қамыс өспейді, азған адам на-мыстың не екенін білмейді. Азған деген сөзі бұл жерде адамның намысын оятардай, адамға жанына түрткі боларлықтай сөз. Қазақ халқы дана, әсіресе ешбір халықтың тіліне аударылмайтындай, өзіміздің ұлтымызға ғана тән халық даналығында кейбір сөздер бар. Көбіне сол сөздерді біз мақал-мәтелдерде кездестіреміз. «Бидай сен қашқанмен қайда барасың, сенің орның диірмен». Адамның тағдырында біз түрлі жазымыш заңдылықтарын көреміз. Кейбір кезде біз қанша бұрмаласақ та бұрмалауға келмейтін тағдыр бар. Жазмыштың жазған жазуы бар. Адамның басына жазған жазымышы бар. Сол жазымыштан ешкім қашып құтыла алмайды, бас тарта алмайды. Халықтық дүниетанымда ерекше көзқарастар, түсініктер қалыптасты.

«Ақ түйенің қарыны жарылды» - деген сөз тіркесі Алла жарылқады, ісіміз оңға басты деген мағынада айтылған сөз. «Жақсының жақсылығы жақынына білінбес, шамның жарығы түбіне түспес» - деген мақал туысыңа істеген жақсылық ол саған бір міндет секілді болып көрінеді, ал оған сен қанша жақ-сылық жасасаң да білінбейді дегені. Бұлардың түбінде қазақтың даналығы жатыр. Тіпті өзіңді-өзің өзгедей сезінуге, туыстыққа бірлікке шақырады. Сен өзіңнің туған туыстарыңа ғана емес, жалпы адамзатқа ортақ мүддеде өмір сүр деп үйретеді. Оны мына сөзден аңғарамыз. «Жақсылыққа жақсылық әр адамның ісі, жамандыққа жақсылық ер адамның ісі». Расында жақсылыққа жақсылық істеу кез-келген адамның парызы. Ал жамандыққа жақсылық істеу, кез-келген адамның қолынан келе бермейді. Осыған байланысты «өзінің көзіндегі бөренедей затты көрмей біреудің көзіндегі қылтанаққа көзі түсті»-деген халықтың даналық сөзі бар [9.11].

Кейбір адамдар кейде өзінің кім екенін білмей басқа біреуге ақыл айтып, басқаны сынап жатады. Сондықтан адам ең бірінші өзінің кім екенін тануы шарт. Содан кейін барып қана әрекет ете білу керек. Бір адам бір адамның айнасы деген сөз тегін айтылмаса керек. Адамзат өмірінде аса маңызды өзіндік өзгешелігімен анықталатын қазақ философиясында бұл категориялардың алатын орны ерекше.

Қазақ халқының шығармалары дүниетанымдық, даналық мәселелерге толы. Бір күні бір адам кедей болады. Ол жол бойында келе жатып: «Ей, құдай-ай, мені соншама бейшара қылып жараттың ғой!», - деп қатты налыпты. Аяғына киіп жүрген кебісі де жыртылып қалыпты. «Ең құрымаса маған аяғыма киетін кебісімді де түзу қылып бермедің», - деп қатты ренішін білдіріп, айқайға басып келе жатады. Сөйтіп ұзақ жол жүріп келе жатса, жол бойында аяғы жоқ адамды көріпті. Сөйтіп ол өз тәубасына келеді. Тәуба мен аяғыма киетін кебіс үшін жылап жүрсем, оның кебіс киетін аяғы да жоқ екен ғой деп [10]. Міне халық даналығы. Мақал-мәтелдер, ертегілер, халықтық шығармалар данышпандықтың сүзгісінен өткен, ертелі-кеш өз мағынасын жоғалтпайтын халық даналығы ұлтының санасында мәңгі жаңғырмақ.

Қазақ халқының ұлттық санасының қалыптасуы оның даналық дүниетанымының қалыптасуының ең басты жолы. Халық санасында ерекше орын алған мәселелер оның күнделікті өмір тіршілігіне байланысты туындады. Халық санасына оның тереңінде шөгіп жатқан құндылықтарға сәуле түсірген ол ғылым-білім болды. Халықтық дүниетанымның қалыптасуы күнделікті өмір тіршілігімен тығыз байланысты болды. Көптеген ұлттық даналықтың қалыптасуына әсер еткен ол күнделікті өмір әрекеті. Адам жалпы өз тағдырын жасаушы өмірдің негізін құрушы басты себепші, өзгертуші пенде болса, оның өмірінде ерекше орын алған құндылық оның ұлттық санасы.

Жалпы қазақ халқының дүниетанымында ұлттық ілімнің идеялары басым. Жалпы адамды өзге тіршілік иелерінен өзгешелендіретін оның ұлттық санасы. Қазақ халқының ұлттық санасы өте биік, ұлттық сананың өзіндік ерекшелігі басым екенін анық дәлелдей аламыз. Біз оны ұлы даналарымыздың дүниетанымынан және жыраулар ілімінен аңғара аламыз. Халық дүниетанымындағы ұлттық рухтың биіктігі, ол біздің ұлттық санамыздың жемісі. Сондықтан халық санасының қалыптасуы өзіндік қайталанбас әртүрлі кезеңдерден өтті.

Қазақ философиясына жыраулар дүниетанымының да қосқан үлесі зор. Жыраулар шығармаларындағы философиялық мәселелердің адамзат өміріндегі алған орны да ерекше. Жыраулар шығармаларындағы дүниетанымдық мәселелер және философиялық категорияларға толы болды. Қазақ философиясында ерекше бір патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік, эндогендік идеялар, осы жыраулар поэзиясынан басталады [11]. Қазақ халқы қалыптастырған рухани құндылықтардың арасында ақын-жыраулар шығармашылығы маңызды орын алды. Қазақ халқының даналық рухының дүниетанымында «Ерлік», «Еркіндік», «Адамгершілік» рухының көрінісі қалыптасқан.

Жыраулар өздерін толғандырған мәңгі философиялық мәселелерді өз шығармаларында бейнелей отырып орасан зор күш жігерді қорытты. Халық даналығының қайнар бұлағын суарып отырды. Қазақ даналығына өзіндік үлесін қосқан ол жыраулар поэзиясы. Жыраулар ілімінің жалпы адамзат өміріндегі орыны зор болды. Олар халық санасында жатқан құндылықтарға сәуле түсірді. Жалпы адамзат өміріндегі өзекті мәселелерге тоқталды. Адамзат өміріндегі еркіндік, бостандық, азаттық рухын аңсаған осы жыраулар ілімі екен.

Жыраулар дүниетанымында философиялық категориялардың да алған орыны зор болды. Жыраулар шығармаларында сана, ұлттық сана, қоғамдық сана, өзіндік сана, таным, намыс категоиялары ерекше орын алды. Сол замандағы ойшылдардың дүниетанымында ұлттық сана жоғары болған.
«Ереулі найза қолға алып,

Ажалымыз қайдан дүр» - деп жырлай отырып жауға қарсы тұрған [12.33-39].

Ұлтарақтай жерін қасық қаны тамғанша, ұлтқа деген сүйіспеншілік, ұлттық намыстың биіктігімен және ұлттық рухтың арқасында қазақтың кең байтақ даласын сақтап қалған. Бұған әсер еткен қазақ ұлтының санасының биіктігімен, даналық рухының биіктігінде. Жыраулар қай уақытта болмасын қарапайым халықтың басына күн туған кезде, тілмен тосқауыл бола білген. Толғаулары ерлік пен еркіндікті дәріптей берген. Әлбетте қолына найза ұстап ауыл арасында аттандап жүрген екі кісінің бірі батыр саналмайды, ол үшін жүректің түктілігі, білектің мықтылығы жеткіліксіз соны бір тани алатын ерекше таным қажет. Ол үшін адамда ерекше рухани құндылық қажет. Кемеңгерліктің кемелі Геродот «адамдарда баяғыдан келе жатқан кемеңгерлердің тамаша нақыл сөздері бар, біз олардан үйренуіміз керек»-деген екен. Ендеше біз Асан Қайғы, Қазтуған жырау, Доспанбет жырау, Ақтамберді жырау, Бұқар жырау, Шал ақын және т.б сипатты сөз зергерлерінің ұлы мүдделерін зердемізде ұстауымыз қажет.

Бізге, қазақ халқына, тәуелсіз елімізге бостандық пен еркіндік оңай жолмен келген жоқ, егерде сол кезде өзі дана, өзі батыр жыраулар болмағанда біз әлі күнге дейін құлдық дәрежеде болуымыз мүмкін еді. Сол кездегі ұлттық сана, ұлттық дүниетанымның мықтылығының нәтижесінде осы күнге қадам бастық. Жыраулардың дүниетанымындағы басты мәселе халқының санасын оятып, елдің ұлттық рухын биікке көтеруді талап етті. Қазақ философиясының философия тарихында алған орны зор. Адамзат өміріндегі аса маңызды мәселелердің бәрін анықтай білген. Әрбір қазақ баласы ұлтының кім екенін білу үшін, оның ұлтына тән ой-тұжырымын білуі шарт деп ойлаймын.

Тек болмыс шеңберіндегі заттар мен құбылыстардың ішкі сырын ашу арқылы ғана адамзат оны ерікті түрде шығармашылық жолмен қайта өзгерте алады. Бізді айнала қоршаған «екінші табиғат» - неше түрлі машиналар мен механизмдер, электр стансалары, байланыс жүйелері, т.с.с. – адамның дүниетаным мүмкіндігі, рух құдіретінің шынайы көріністері [13.19].

Таным деп біз адамның айнала қоршаған ортаны зерттеудегі ерекше рухани іс-әрекетін айтамыз. Ол әрқашанда даму үрдісінде. Адамзаттың мыңдаған жылдарға созылған тарихы танымның өте күрделі көпдеңгейлі құбылыс екенін мойындайды. Миллиондаған адамдардың дүниетану әрекетінің негізінде әртүрлі жырақтар мен бұлақтардан қосылған өзен арнасы сияқты, қоғамдық мағынасы зор таным үрдісі қалыптасады. Алайда жеке адамның санасында қалыптасқан кейбір түсініктер жалған болуы, я болмаса кейбіреулері өз заманының арнасынан шығып, бүгінгі өмірдің сұранысын тудырмауы да мүмкін. Сондықтан нақтылы тарихи қоғамның сұранысына байланысты «табиғи таңдауға» ұқсас үрдістердің негізінде жеке адамның санасындағы ойлар қоғамның рухани байлығына айналады. Ол үшін адамдар өз білімдерімен бір-бірімен бөлісулері қажет. Ол негізінен университеттердің мінбелері, жарық көрген мақалалар мен кітаптар арқылы, олардың мазмұнын сынау, тиімді және тиімсіз жақтарын қоғамдық санаға көрсету, т.с.с. жолдармен жүріп отырады [13.79].

Дүниетанудағы негізгі мақсат – зерттеліп жатқан заттар мен құбылыстардың ішкі сырын ашу, яғни оларды білу. Білім - әрқашанда шындықтың идеалдық бейнесі, өйткені бірнәрсені білу дегеніміз – сол жөнінде идеалдық түсініктің болуы. Олай болса, танымды күрделі үрдіс, ал білімді белгілі бір нәтиже ретінде қарауымыз керек.

Тарихи ғылыми білім дүниеге келместен бұрын, күнбе-күнгі өмір тәжірибесінен пайда болған қарапайым күнбе-күнгі білім дүниеге келеді. Ол адамның кәсіби танымдық іс-әрекетінен емес, күнбе-күнгі өмірдің қажеттіліктерінен (аң аулау, балық ұстау, еңбек құралдарын жасау, үй салу, бала тәрбиелеу, жеміс-жидек жинау, т.с.с.) пайда болады. Оған күнбе-күнгі өмір тәжірибесінен қорытылған халық даналығын көрсететін мақал-мәтелдерді, адамгершілік нормаларды, әдет-ғұрыптарды т.с.с. жатқызуға болар еді. Осындай өмірлік білімнің негізінде адамдар айнала қоршаған ортаны бағдарлай алатын дәрежеге жетеді.

Ал ғылыми білімге келер болсақ, ол арнаулы білімді меңгеру мен оны шығармашылық жолмен дамытудың негізінде пайда болады. Оның қайнар көзі бертінде, ой еңбегінің дене еңбегінен бөлінуінен басталады.

Жүре келе, ғылыми зерттеудің тақырыбына байланысты білімнің әртүрлі салалары пайда болады. Табиғатты зерттеудің барысында астрономия, механика, физика, химия, геология, биология т.с.с. негіздері қаланады. Олардың басын біріктіріп, жаратылыстану ғылымдары дейміз. Адам мен қоғамды зерттейтін білім салалары гуманитарлық, қоғамдық пәндерді тудырды. Оларға философия, психология, саясаттану, мәдениеттану т.с.с. пәндер жатады. Гуманитарлық білімдердің ерекшеліктері – олардың мазмұнында нақтылы-тарихи өмір сүріп жатқан әлеуметтік топтардың мүдделері мен мақсат-мұраттарының бейнеленуі. Сондықтан белгілі бір қоғам өміріндегі құбылысқа әрбір әлеуметтік топ өзіндік баға беруі мүмкін. Сонымен қатар бұл пәндердің бәрінің басын біріктіретін құндылықтарға келер болсақ, олар – адамды сүю, ізгілік, жақсылық, жетілгендік, әсемдік, әділеттілік, еркіндік, теңдік т.с.с.

Гуманитарлық білім саласында көркемдіктануды ерекше алып қарауға болады. Оған әдебиет, поэзия, қылқалам, әуен т.с.с. өнер саласындағы туындыларды зерттеуді жатқызамыз.

Дүниетану - өте күрделі құбылыс, ол үшін адам барлық жан-тәнінің мүмкіндіктерін пайдаланады. Нақтылы-тарихи өмір сүріп жатқан қоғамдағы құндылықтар, солардың негізінде қалыптасатын қоғамдық қатынастар, өндіргіш күштердің деңгейі т.с.с. таным үрдісінде өз орнын алады.

Олай болса, дүниетану негізінде жатқан негізгі құбылысты анықтамай болмайды, сонда ғана оның терең мәнін ашуға болады. Сана, рух болмысының өзегі білімде болғаннан кейін, мыңдаған жылдардың шеңберінде ойшылдар танымның негізін адамның санасынан көрді: «таным үрдісін дамытатын ақыл-ой жаттығуы, жетілуі», «шығармашылық ізденіс», «білімге деген құштарлық», «туа біткен табиғи дарын» т.с.с. Әрине, аталған факторлардың танымдағы орнын терістеуге болмайды. Бірақ олардың негізінде толыққанды таным теориясын жасау мүмкін емес. Ол үшін біз адамның басқа тіршіліктерден бөлек, тек өзіне ғана тән өмір сүру тәсілін анықтауымыз керек. Ал, оның өзі бізді адамның «таза табиғатқа» қанағаттанбай, оны қайта құру, өзгерту іс-әрекетіне әкеліп тірейді. Оны философия тілінде «практика» дейміз.

Практика (praktikos – грек сөзі, белсенділік, іс-әрекет) ұғымы айнала қоршаған ортаны өзгертудегі адамның саналы, мақсатқа лайықты іс-әрекетін бейнелейді [3.490-492]. Әрине, адам да қайсыбір тіршілік секілді, айнала қоршаған ортасыз өмір сүре алмайды. Қайсыбір жануар өзінің дене құрылысы, табиғатына байланысты айнала қоршаған ортаның шеңберінде өзінің орнын тауып өмір сүреді. Ол тек қана өз тіршілігіне тікелей, я болмаса жанама қатысы бар заттар мен құбылыстарды ғана сезініп, қабылдай алады. Яғни оның мүмкіндіктері әрқашанда шектелген. Ал адамға келсек, ол қоршаған ортамен универсалды, жан-жақты қатынасқа түседі. Айнала қоршаған орта нақтылы-тарихи өмір сүріп жатқан адамның игеру мүмкіндігінен әрқашанда басым болғаннан кейін, адамның шексіз дүниетану мүмкіндігін тудырып, оның жаңа күш-қабілеттерін оятады.

Дүниетанымның басты категориясы «дүние» мен «адам» болып табылады, ол әлемді танушы адам дегенді ұғындырады. «Дүние» - араб сөзі. Ол көптеген ұғымды білдіреді, ең негізгісі - дүние өмір, тіршілік ретінде түсіндірілсе, енді бірде дүние ұғымы-қоршаған орта, табиғат, әлем ретінде қарастыруға болады [5.312].

Кейбір философтардың пайымдауынша ұлттық дүниетанымды: адамның дүниемен байланысы, оны тануы белгілі ұлттық жағдайда қалыптасқандықтан, дүниетанымның ұлттық белгілері болады деп, дүниетанымының түрлеріне мақал-мәтелдер, жырлар, дастандар, аңыздар, ертегілер, термелер, жоқтауларды жатқызады. [4.6].

Философия ғылымында дүниетаным сыртқы дүниенің адам санасындағы жай ғана көрінісі емес, тұлғаның дүниеге қарым-қатынасы деп қорытындылауға болады. Қарым-қатынас тек білім түрінде емес, наным, идея, құндылық, адамның ынта-талабы, іс-әрекеттің танымдық және тәжірибелік ұстанымдары нысанында да көрініс береді. Бұл-адамның қоғамдық сана-сезімінің құрылымы. Дүниетаным адам сана-сезімінің құбылысы ретінде, оның қызметі мен дамып-өрістеуіне тәуелді болады [4.6].

І.Ерғалиев, Ғ. Телібаев зерттеулерінде «Дүниеге көзқарас - бізді қоршаған табиғи және қоғамдық болмыс, адам оның өмірде алатын орны туралы түсінік жиынтығы», - деп жазады [14.50].

Жоғарыда айтылған ой-тұжырымдарға сүйене отырып, біз дүниетанымды әрбір жеке тұлғаның көзқарасынан, сенімі мен мұратынан байқалып, ол адамның өзін қоршаған табиғат пен әлеуметтік болмысы, яғни тұрмыс-салты, өмір тәжірибесі мен эмоциялық сезім күйі, бағыт-бағдары, қоғамдық қарым-қатынастар жүйесінен тарихи орын алып, жеке тұлға дүниетанымының бүкіл өмір мұратын құрап, оның іс-әрекеті мен мінез-құлқында байқалатынын айтып өткіміз келеді.

Жеке тұлғаның ішкі жан дүниесінің қалыптасуына қоғамның рухани-мәдениетінің даму деңгейі мен салт-санасы ықпал етеді. Адам баласы сыртқы дүниедегі барлық құбылысты сезіне білуі дүниетанымның шексіздігінде.

Дүниетаным - адамның табиғат, қоғамдық өмір туралы білімдерінің жүйесі. Адамдардың ұжымшылдықты, гуманизмді (еңбек адамын құрметтей білу) оптимизмді (жарқын болашаққа сену) дәріптеп қана қоймай, әр адамды дүниені қайта құру жолындағы жан қиярлық күреске баулиды. Дүниетанымның негізі бастауыш мектептің өзінде қаланады да бала кәмелетке келгенде оның дүниетанымы біршама қалыптасады. Адамның алдына қойған мақсатының айқын болуы, дүниетанымның өмірмен байланыстылығы берік сенімнен туады. Сенім мен дүниетаным қатарласып жүрсе ғана адам санасы нұрлана түседі. Өйткені бұл екеуі, құстың қос қанатындай, адамның ең асыл қасиеттері болып табылады. Дүниетанымды қалыптастыру үшін адамға бәрінен бұрын білім негіздерін меңгеру қажет. Өйткені білім дүниетанымды қалыптастыратын негізгі құрылыс материалы [15.112].

Адам ойы кеңістігіндегі дүниетаным негізгі және аса күрделі түсініктердің бірі. Дүниетаным негізін салуда грек философтары Демокрит, Платон, Аристотель үлкен роль атқарды. Олар дүниетанымның негізі ретінде «ақылды» пайдаланды. Өйткені адам баласы қоршаған дүниесін сана арқылы қабылдайтыны мәлім.

«Дүниетаным - ақиқатты рухани қажетті игеру жүйесі, оның ішінде тұтастай алғанда білімі мен нанымы, ар-ождан мұраттары мен әлеуметтік құлықтың реттеушісі, қоршаған ортаға психологиялық және эстетикалық көзқарасы» - деп көрсетеді, италияның ұлы сүретшісі Леонардо да Винчи. «Ол дүниетаным ұғымын қалыптастырып, оның жалпы адамзаттық мәдени құбылысқа айналдыруда қосқан үлесі зор болды [7.121].

Ғалымдардың пікіріне сүйенсек, дүниетаным әлем, тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршіліктің мән-мағынасы туралы көзқарастардың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы деуге болады. Дүниетаным көзі – білім. Адам тіршілігінің көзі - табиғат. Дүниетаным – дүние және тану деп аталатын екі бөлімнен тұрады. Адамның әрбір даму кезеңіне байланысты дүниені тану шеңбері мен оның мазмұны ұлғайып, тереңдей түседі. Қоршаған дүниені білу - танымға байланысты. Таным - адам санасын дамытудың негізі және ол арқылы адам өзін қоршаған ортаны игеру мүмкіндігі [15.45].

Дүниетаным - «дүниеге көзқарас – адамдар, жеке адам іс-әрекетіне терең әсер ететін әлем және оның даму заңдылықтары жөнінде, табиғат және қоғам құбылыстары мен базистары жөнінде біртұтас тиянақты көзқарастар жүйесі. Дүниеге көзқарастың көзі тұтасынан алғанда қоғамның көп қырлы материалдық өмірі, қоғамдық болмыс болып табылады» - деп анықтайды [15.17]

Дүниетанымды зерттеудегі келесі мәселе – дүниетану жолындағы ашылған білімнің ақиқаттығы. Әңгіменің қиындығы мынада: қайсыбір білімнің екі жағы бар. Біріншісі – адамның биологиялық табиғаты, яғни оның түйсіктері, жүйке мен ми ерекшеліктері, сонымен қатар нақтылы-тарихи жағдайдағы қоғам құрылымы, оның мәдени ерекшеліктері, ғылыми ақпаратты өңдеп, пайдалану тәсілдерімен байланысты. Екіншісі, танымда бейнеленетін объективтік шындықтың өз қасиеттері мен ерекшеліктерін анықтау болмақ. Танымның осы екі жағы бір-бірімен өте тығыз байланыста екені сөзсіз. Олай болса, біздің білім мазмұнының қай жақтары жеке адам, я болмаса адамзатқа тәуелсіз түрде зерттеліп жатқан заттың шынайы қасиеттеріне сәйкес келеді? Бұл сұрақ білім ақиқаттығы мәселесінің өзегін құрайды.

Әрине, жалпы түрде алғанда өзімен-өзі өмір сүріп жатқан шынайы білім дүниеде жоқ. Ол – адам, әлеуметтік топ, я болмаса жалпы қоғамның білімі. Ол бітімі жағынан субъективті. Сонымен қатар онда дүниедегі зерттеліп жатқан заттар мен құбылыстардың ішкі бізге тәуелсіз мәндік жағы ашылады. Осы тұрғыдан алғанда, ақиқат деп дүниедегі заттар мен құбылыстардың адамның санасында сәйкес бейнеленуін айтамыз.

Сонымен қатар есте ұстар нәрсе, дүниені зерттеуде адамзат шегіне жеткен ақиқатқа ешқашанда жете алмайды, өйткені ол – шексіз үрдіс. Сондықтан да ақиқат жөніндегі ілімде оның объективтік, салыстырмалы, абсолютті, прагматистік, когеренттік т.с.с. жақтары ерекше бөлініп алынып талданады [16.62].

Қазақ халқы – арғы тегі ежелден келе жатқан этнос. Оның тарихы мыңдаған жылдарды қамтиды. Оған дәлел – қазақ халқының тілі, әдет-ғұрыптары, салт-санасы, өмір салты, шаруашылығы. Қазақ халқының тек киіз үйі соңғы мың жылдықта ешбір өзгеріске ұшырамаған. Сонда сол киіз үй қай заманда дүниеге келген, қалай дамып жетілген деген заңды сұрақ туындайды. Тіпті басқаларын былай қойғанда, қонақ күту, дастарқан басына отыру, табақ тарту, етті мүшелеп, әр сүйекті мағыналы бөлу, бас тарту кәдесі Атилла заманында да дәл қазіргідей болуы мүмкін. Мұның бәрі арнайы зерттеулерді керек ететін проблемалар.

Қазақ халқының ұлттық дүниетанымын мақал-мәтелдерден де байқаймыз. Өмірдің қай саласы болмасын, оның әрқайсысына да түрлі жағдайына сай тиісті мақал-мәтелдері бар. Олардың әлеуметтік, танымдық, тәрбиелік проблемаларын, қырларын байқау қиын емес. Әрбір мақал-мәтелден өмір тұжырымдарын, философиялық ойларды, ұлттық дүниетанымды көруге болады. Мақал-мәтелді халық қашанда әңгіменің желісі ретінде де, ой тоқтамына келтіру үшін де, уәжге дәлел етіп те қолданып отырған. Солардан біз халқымыздың соқыр сенім, діни нанымдардардан гөрі, ой елегінен өткізілген, өмірде талай дәлелденген, әбден сұрыпталған тұжырымдарды жоғары бағалағанын көреміз. «Өмір алды – тірлік, ырыс алды – бірлік» дейді халық. Шешен адамдар қашанда ойын мақалдап айта білген. Мақалдардың түрі көп. Солардың кез келгенін алайық: «Жаяудың шаңы шықпас, жалғыздың үні шықпас»; «Құс қанатымен ұшады, құйрығымен қонады», «Ат шаппайды, бап шабады», «Байлық – қолдың кірі, жусаң кетеді», «Көңіл жүйрік пе, көк дөнен жүйрік пе?» [17.36]. Осы келтірілген мақалдарда ұлттық дүниетанымдық ой-толғамдар мен пікірлер жатыр.

Бұдан басқа жұмбақтар, жаңылтпаштар кең тараған. Олардың адамдардың дүниетанымын дамытуға тигізген әсері мол болған. Қазақ халқында тіпті оның арғы аталарынан бастап, жазба әдебиеттен гөрі ауыз әдебиеті көбірек дамыған. Қазақтарда бір естігеннен ұмытпай, жаттап алып, сол күйінде бұлжытпай қайталап отыру кезінде дағдыға айналған.

Қазақ халқының діни көзқарасына келсек, ол да әрқилы. Қазақтар мұсылман халқына жатады. Бірақ қазақ даласына ислам діні ҮІІ ғасырда ғана келе бастады. Ол араб елдерінің Еділ бойын, Орта Азияны, Қазақ жерінің оңтүстік аймақтарын жаулап алуына байланысты еді. Солармен бірге араб дінін таратушы миссионерлер, саудагерлер келе бастады. Олар Сунақата, Сауран, Яссы (Түркістан), Отырар, Талас (Тараз), Баласағұн, т.б. қалалардың тұрғындарына айналады. Кейін сырттан келушілер қазақ жеріне әбден сіңісіп, жергілікті халықтың тілін, әдеп-ғұрпын бойына сіңірген соң қазақ атанып кетті. Қожалар молдалық жасап, ел аралап, балаларды сүндетке отырғызып, мектеп ашып, ислам дінін таратты. Кейін бұл жұмысқа батыстан татарлар, түстіктен өзбектер араласты. Бірақ қазақ еліне ислам терең сіңбеді. Аты мұсылман болғанмен, бұрынғы Тәңірге, көк аспанға сиыну, Айға, Күнге табыну, шамандық дінді ұстау, бақсыларға сену, әулиелердің басына түнеу қазақтарда кең таралды. Оның себебі ислам дінінің әдет-ғұрыптарын бұлжытпай орындауға ұдайы кедергі жасаған көшпелі тұрмыс еді. Мал соңында ылғи көшіп-қонып жүрген елге күніне бес мезгіл дәрет алып, намаз оқу, мешіт ұстау, бала оқыту, сауат ашу қиын болды. Сондықтан қазақтар негізінде дерлік сауатсыз қалды, намаз оқып, ораза ұстай алмады. Олар, сондай-ақ, кендерге, ескі қорымдарға, ұсталық дүкендерге, жапан далада өскен жалғыз ағашқа сиынды. Әулиенің басына түнеп, садақа беріп, ағаш басына шүберек байлап, оған ақша түйіп отырған. Дәл осы ағаштарға шүберек байлау кәдесі түріктерде, бүгінгі жапондарда да сақталған [18.87].

Қазақ халқы балаға ат қойғанда: «Аллаберген», «Алдаберген» деген есімге «Құдайберген» «Тәңірберген» деген сияқты есімді де тең мағынада кең қолданған. «Таңғы тамақ – тәңірден» деген мақал да соның айғағы. Ел арасында бақсы-балгерлік кәде, зікір салып, үшкіру сияқты әдеттер күшті болды. Түрлі науқастарға бақсы шақырып, ойын көрсетіп, адамның ауруын қуыршаққа аудармақ болған, түрлі жазылмай жүрген жаралардан «бәдік» оқып сауықтырмақ болған. Құмалақ ашып, жауырын сүйекке қарап болжам жасау, көкке қол жайып, тілек айту, аспан денелері – Айға, Күнге, жұлдызға табыну, отқа сиыну, күл шашпау не оны баспау, үкі құстың үлпілдек ақ қауырсынын кілемге, тақияға, домбыраға, шымылдыққа тағу, жыртқыштардың тырнағын бесікке ілу, үйге қарай жүгірмеу, иттің ұлығанынан қорқу, әйелдер шашын жалбыратып жүрмеу, т.б.ырымдар – исламға дейінгі ескі шаман дінінің сана мен отбасы салтында сақталған жұрнақтары. Олар көзден, тілден сақтанған. Нәрестелерге Итемер, Қабан, Күзен деген сияқты аттар қойған. Бірақ қазақ халқы осылардың бәрін ислам дінімен қабат ұстаған, оларды тіпті ажыратпаған. Қазақтар Ораза, Құрбан айттарын айттап, дәулеттілері Меккеге де барып, қажы атанған. Дегенмен, қазақ халқы қандай діннің болса да соқыр сенімінен аулақ болған.

Қазақтар: «Ақ қойдың кәлласы, қара қойдың кәлласы, мен құдайдың пендесі» деп те намаз оқыған деген сияқты халық арасында ол туралы айтылған күлкілі әңгімелер көп [18.77]. Мақал-мәтелдерінде елдің түсінігі стихиялық материализмге жақын болған. «Сиынғаныңнан сүйенгенің күшті болсын», «Пәлен жерде пәлендей әулие бар, барсаң алдыңнан шайтан шығады», «Алтын көріп, періште жолдан тайған» деген сияқты мақалдар – соның айғағы. Сондай-ақ мақал-мәтелдер адамгершілікке, азаматтыққа, адалдыққа, ынтымаққа тәрбиелеген. «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» немесе «Алтау ала болса, ауыздағы кетер, төртеу түгел болса, төбедегі келер», «Ит тойған жеріне, ер туған жеріне», «Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген мақалдардың әлеуметтік, тәрбиелік, патриоттық мәндері мол және шығу тегі мыңдаған жылдарға созылады. Осындай мақалдар «Кодекс Куманикуста» да кездеседі [17.23].

Қазақ халқы имандылықты сүйген, жек көрген әділетсіз адамды имансыз деп сөккен. Үлкенді сыйлаған, әйел-қыздар ер адамның жолын кеспеген, үлкендерге иіліп сәлем берген, жастар үлкендердің қолына су құйып, сүлгі-орамал ұстатып, батасын алған. Ас қайырғанда жақсы тілектер айтып, рахметін білдірген. Жақсы адамдарды үлгі тұта білген, мәселен: «Жақсыдан – шарапат, жаманнан – кесапат» деген. Қазақтарда ата-анасын, жесірлерін, жетім балаларын тентіретіп жіберу деген болмаған. Темекі тарту, арақ-шарап ішу, карта ойнау – қазақ арасына кейін кірген жаман әдеттер. «Бай – бір жұттық»,

«Шалқайғанға – шалқай, төбең көкке жеткенше, еңкейгенге еңкей, басың жерге тигенше» деген мақалдарда да терең философиялық мән бар [17].

Ақыл-ой, әдет-ғұрып айналадағы ортаға байланысты екенін де білген. «Көлде жүзген қоңыр қаз, қыр қадірін не білсін, қырда жүрген дуадақ, көл қадірін не білсін» деп мақалдап айтқан Асан Қайғы сөздері философиялық ойлардың қалыптасуына әсер етті [18.91].

Қазақ халқы уәжге тұрған. Сөздің мәнін бағалаған. Бұл – Геродот айтқан скиф Анахарсистен де бұрын келе жатқан дәстүр. Көптеген шет жер саяхатшылары қазақтарды ұзақ, шұбалаңқы сөйлейді деп түсінген. Шынында, мәселе олай емес. Көп, ұзақ сөздің түймедей түйіні бар. Сол түйінді жан-жақты талдап, талқылап барып, қорытынды келтіреді. Сонда ол әбден ширатылып, дәлелденіп, дәйекті болып шығады. Түйінсіз сөз – бос, мылжың сөз. Мәнсіз, сөлсіз сөзді қазақтар қалай қабылдайтынын «Абай жолы» романында Мұхтар Әуезов Қырт Жұман образы арқылы сомдап, әжуалап көрсетеді. Сөздің парқы деген де – осы. Соны білген, дұрыс қолданған адам сыйлы болатыны сондықтан емес пе. 13 жасар Әйтеке ел аузына ілініп, би болған, жетім бала Абылай құрметке бөленіп, хан сайланған [18.55].

Біздің заманымыздан бұрынғы ҮІІ-ҮІ ғасырлар арасында ертедегі Эллада еліне көшпелі скифтерден әр кезде келіп, гректермен араласып, олардың арасында көп жылдар тұрған Токсарис (Тоқсары), Иданфирис (Идабарыс), әлгі айтқан Анахарсис (Анарыс) өздерінің уәжбен сөйлеген сөздері, ой толғамдары, пайымдаулары, іс-әрекеттері, имандылығы арқылы көшпелі елдің дүниетанымдарымен, әдет-ғұрыптарымен гректерді таныстырып, балгерлік жасап, үлкен сый-құрметке бөленіп, әулие атанған. Платон, Аристотель, Геродот, Лукиан, Страбон шығармаларында олар жоғары бағаланып, есімдері құрметпен аталған [19.37].

Байқап отырсақ, әлгі бабаларымыздың айтқандары, келтірілген уәждері соңғы кездегі қазақтардың ой-пікірлеріне өте ұқсас екен. Бұл тегін емес. Біздің көшпелі ата-бабаларымыз Эллада елін білген, араласқан. Бұған Геродот тарихының ІҮ томы дәлел болады. Бұл том түгелдей скифтерге арналған. Біздің ата-бабаларымыз Қара теңіздің, Азов теңізінің солтүстік жағында, Днепр, Дон, Еділ, Сыр бойларында көшіп-қонып жүрген. Геродот айтқандай, Каспий теңізінің шығысында орналасқан дай тайпасы адайға ұқсас. Маңғыстау жерінде жүздеген тарихи қорымдарда ертедегі грек мәдениеті үлгілерімен жасалған құлпытастар көп. Кир мен Дарий, Александр Македонскийлердің көшпелілер елін жаулап алу мақсатында жасаған жорықтары сәтсіз аяқталған. Қазақтардың «Барған жерің – Балқантау, ол да біздің көрген тау» немесе «Ұлы Ұрымға, қызы Қырымға кетті» деген мақалдары тегін емес, осы байланыстардан хабар беретін сияқты. Бұл тарих сабақтастығы ерте заманнан келе жатқанын, оның тамырлары терең әрі бай екенін аңғартады. [19.178 ]

Дүниетанымның қалыптасуында ұлттық мәдениет үлкен рөл атқарады. Ал ұлттық мәдениет – мінез-құлық негізінде қалыптасады. Яғни ол жеке ұлттарға, этносқа тән сезімдер жиынтығы болып табылады. Өйткені адамның жеке көзқарасы, айналаны қабылдауы тарихи қалыптасқан дәстүрлі ұлтының дүниетанымына да байланысты болып тұрады. Қазақ халқының ежелден келе жатқан тарихында негізінен түркі халықтарының, соның ішінде қазақ халқының көзқарасы ертеде мифология арқылы қалыптасып жатты. Мұны мынандай мысалдан байқауға болады:

«Шанюй ертеңмен Қосынан (лагері) күнге табыну үшін, кешке айға табыну үшін шығады. Ол сол жақты бетін солтүстікке беріп отырады». Ғұндардан қалған бұл дәстүр түріктерге ауысты. Бұл ғұндардың алғашқы түріктер екендігі жайлы болжамды қуаттайды. Таным бағдарында шығысты құрмет тұтушылық көне тас балбалдардан да көрінеді. Түріктердің ежелгі молаларының барлығының беті шығысқа бағытталады. Күлтегін ескерткіштерінде былай келтіріледі: Ілгері-күншығысқа, оңға-түстікке, кейін батысқа, солға-терістікке делінеді [19].

Аспан – космостың бір бөлігі ретінде руна жазуларында Көк Тәңірі әдеттегі мәнінде көк ауа ретінде бұрыннан танылған. Бұл аспанның құстар ұшатын алыс, биік, жақын болып бөлінуін білдіреді. Ал, жер текстерді жазулардың ұғымында төртбұрышты кеңістік болып ұғылды, оның жиектерін түріктерге дұшпан халықтар мекендейді. Әлем шекарасын белгілеу үшін Руникада «Бұрыш» қарашығы. Түріктер осы жерді мекендеп, олар «алдыға», «оңға», «солға», әлемнің төртбұрышын бас идіру үшін жорыққа аттанды», - деп тұжырымдады «Орхон -Енисей» жазбаларын зерттеген түріктанушы ғалым С.Г. Кляшторный [20.11].

Бұл тұрғыдан алғанда әлем көлденең космологиялық дүниетанымда төртбұрышты жазық кеңістік ретінде таныды. Кеңістікті «Туған жер», «ата жұрт», «ата қоныс» ұғымдарында Отанын сүю, қастерлеу, табиғатты қорғау, оған деген жауапкершілік сезімдері айқындалады. Сондай-ақ, түркілер үйдің, шаңырақтың, ошақтың қамқоршысы Ұмай анаға да табынған. Тоныкөк ескерткіштеріндегі «Тәңірі», Ұмай, қасиетті жер-су жеңіс берген екен» деген жолдардан жауынгерлерге жеңіс сыйлаған құдай ретінде көрініс береді.

Белгілі ойшыл-ғұлама Жүсіп Баласағұнның әлемнің төрт бұрышына таралған «Құтты білік» дастанында тәңірдің құдіреттілігін суреттеген кезде оның бар болмысы – айды, күнді, жерді, көкті жаратқандығы айтылады. Сандық қатынастардың кеңістік пен уақыттан тыс екендігі көзден жырақ, бірақ көңілге жақындығын көреміз. Әрине, бұл – дүниетаным қалыптасуының ерекше қыры [21.52].

Ежелден келе жатқан салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар көп жағдайда адамның дүниетанымы қалыптасуында әсер еткен. Мысалы, Ұлыстың ұлы күнінде, яғни, Наурызда кең киелі рәсім - көк жиектен шапақ шашып шашырай шығып келе жатқан күнді қарсы алу дәстүрі. Мұндайда ақ жаулықты аналар тостағанға ақ құйып алып шығып, күн көзіне қарата шашып, үш мәрте тізе бүгіп тағзым ететін. «Атар таңға, шығар күнге тәу-тәу, басымызға амандық, малымызға береке дарыта көр» деп тілек тілейді. Қазақтың қариялары ай жаңа туғанда оған қарап тағзым етеді. Содан соң қолын көтере, алақанын жайып: «Ай көрдік, аман көрдік. Бақытты байлық заман көрдік. Амандықпен осынша жасқа келдік. Ескі айда есіркедің! Жаңа айда – жарылқа!»-деп бетін сипап тілек етеді. Үлкендер «Көкте тәңір бар, жерде әулие бар»-балалардың аяғын аспанға көтертпейді. Жазда алғаш жаңбыр жауса: «Дерттерден басымды аман сақта» деп, жалаңбастанып жаңбырға басын төсейді. Жазғытұрым найзағай алғаш күркірегенде: «Алла, ырыздығымды молынан бер. Малымыздың желінін сау, сүтін мол қыл» - деп ақ айран немесе сүт алып шығып оны босағаға төгіп және үйдің жабығына жағады. Әйелдер қолдарына шөміш немесе сүзгі алып үйді айнала жүгіріп «Сүт көп, көмір аз» деп киіз үйдің үзігін төмпештейді. Бұл сүт көп, ақ мол төл аман болсын жаратқанға жасалған ақ тілеу, мінажат. Көмір аз дегені отқа табыну, отты құрметтеу. От құдайдың адамға жіберген сыйы деп түсінген. Қазақта «Түтіні түзу», «Түтінің өшпесін» деулерінде де осы құрмет жатады. Қазақта «түтіні өшті» деген сөз бір шаңырақтың тіршілігі аяқталғанын білдіреді. Ал «түтіні түзу»-біреулердің тұрмысы оңалды, бағы жанды, кәсібі өрледі дегені. Ал мына «көмір аздың» мәнісі көктемдегі жамырай төлдеп жатқан малдың шығынының аз болуында. Бұл жерде мәселе көмірдің аз-көбінде емес, сол көмірдің тегі отқа табынуында. Оттың көмірі аз болғанымен жарылқайтыны мол дегені. Үйге кірген жыланды ақ құйып айдап шығу да киелі ұғымнан туған. Жаңа түскен келін үлкен үйдің босағасын алғаш аттаған кезде отқа май салады. Жаңа түскен сәбиді бесікке салады: «Алас, алас, әр пәледен қалас» деп бесікті отпен аластайды. Осындай тиымдардың астарында мифтік-діни наным-сеніммен қатар нақтылы өмірлік талғам-талаптан туындап жатқан қажеттіліктерді де аңғарамыз. Мәселен «Отты шашпа», «Отты баспа», «Отқа су құйып өшірме» деген тыйым түрлерін отты шашса өрт кететінін, өртке күйіп немесе отты қайтып тұтатудың қиын болатынын нақтылы өмірлік тәжірибе арқылы бақылауға болады [22.131].

Бұрынғы заманнан келе жатқан қазақ тұрмысындағы үй ішіндегі пірлері: Шопан ата (қойдың), Зеңгі баба (сиырдың), Қамбар ата (жылқының), Ойсыл қара (түйенің), Сексек ата (ешкінің) болып келуі, малға ауру-індет келгенде әр түліктің иелеріне арнап мал сойып, тасаттық беріп иелеріне жалбарынып отырған. Қарапайым халық мал басының көп болуы осы түлік аталарының мал иелеріне деген көңіл күйіне байланысты деп білген. Сол себепті мал баққан халық малдың басынан ұруды, әсіресе тебуді аса үлкен күнә: құт, байлық қашыратын әрекет деп санаған. Мәселен, көшпелі қазақ «Малды ноқтамен ұрма» дейді. Мұндай келісімсіз іс әрекеттерге «Обал болады», «Жаман болады» деп тыйым салып отырған. Осы бір қарапайым елеусіз тыйымнан – оны орындау немесе орындамауда емес, сол тыйым арқылы көшпелілер тіршілігіне тірек болып отырған төрт түлікке деген кісілікті қарым қатынастың орнауы мұрат тұтынуда. Яғни «Малды ноқтамен ұрма» деп келетін тыйымнан малды пір тұтуға сол арқылы күнкөріс көзіне деген кісілікті қарым-қатынасты қалыптастыруға негізделген [22.132].

Қазақтар кейбір жыртқыш аңдарды киелі деп санаған. Қасқыр, жолбарыс, бүркіт сияқты түз аңдарының тұяғын, тісін, құлағын, терісін жас нәрестенің бесігіне тұмар ретінде іліп қою немесе терісін бесікке жауып қою соның қалдығы болса керек. Ұлан байтақ кең далада мал бағып, ұзақ күндерді кең байтақ құшағында мал өрісінде, түндерді жұлдызды аспан астындағы мал күзетінде өткізген қазақ халқы табиғат құбылысын бақылаудан туған көп жылдың тәжірибелерін қорытып, жұлдызды аспан туралы астрономиялық түсініктерін анықтаған. Ауа-райы қазақтар үшін уақыттың ең бірінші бағдары болды. Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер қыстың соңғы күндерінен соң көктемгі алғашқы көкке ілігумен қайта түлеу, өзгеріс келетін. Көктемгі күн мен түннің теңелуімен жаңа жыл – наурыз келеді. Бұл айда жыл басына меже болатын Ұлыстың ұлы күнінің өтетіні өз алдына, сонымен бірге көшпелі ел қыстан қысылып шығып, жазылып жадырар шақты тықырши күтеді. Қазақтың ата тегінде көктем мен жазда түстіктен терістікке көшу және күздегі терістіктен оңтүстікке бағытталған көштің басындағы осы ұзақ қашықтықты өз уақытында алу үшін уақытты өлшемдердің болғандығы көрсетеді.

Біздің халық әрбір маусымды өз ішінде үшке бөледі: қоңыр күз, сары ала күз, қара күз немесе қыстың басы, қыстың ортасы, қыстың аяғы, т.б. Төрт маусымның әрқайсысын үшке бөліп қарастыру және соған қарай шаруашылық жайын бейімдеу арқылы көшпелілер жыл бойынан он екі бөлікті, яғни он екі айды саралап шығара білген. Қазақтар дүниенің төрт жағын күн көзінің күндізгі қозғалысына қарап «Күншығыс», «Күнбатыс», «Оңтүстік», «Солтүстік» деп атаған. Біз мұны жоғарыда «Күлтегін» ескерткішіндегі жазбалардан кеңістіктегі ориентирде белгіленгенін көрсеткенбіз.

Мүшел жылы есебінің қазақ өмірінде үлкен рөлі бар. Адамның жас мөлшерінде де осы мүшел жылы бойынша есептеген. Әрбір жыл хайуан атымен: тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз деп атаған. Қазақтың баяғы күнтізбесі 12 айды бір жылға, 3 айды бір тоқсанға, 7 күнді бір аптаға, 1 күн, 1 түнді бір тәулікке есептеген. Жылдың басы көктемдегі күн мен түннің теңелуі (наурыздың 22) болса, бұл күні жаңа жыл – «Наурыз» мейрамы өткізіледі.

Ата-бабаларымыздың күн тізбек пен жыл қайыруды саусақтың көмегімен де жазып отырған. Ғ.Ақпанбековтың «Қазақ халқының дүниетанымы» атты еңбегінде қазақтардың уақыт, жыл, ай мерзімдерін төрт саусақпен белгілегенін атап көрсеткен. Мәселен, төрт саусақтың буындарының жалпы саны он екі, яғни төрт саусақ жылдың төрт мерзімі мен оның буындары он екі айды белгілейді. Сұқ саусақ көктем: наурыз, сәуір, мамыр. Ортаңғы ұзын саусақ - жаз: маусым, шілде, тамыз. Аты жоқ саусақ- күз: қыркүйек, қазан, қараша. Шынашақ - қыс: желтоқсан, қаңтар, ақпан. Әр саусақтың ұзындығы жыл бойындағы күннің ұзақтығын білдіреді. Наурыз бен қыркүйекте күн мен түн теңеледі, сондықтан сұқ саусақ пен аты жоқ саусақтың ұзындықтары шамалас. Ортаңғы ұзын саусақтың бірінші буыны-маусым айы, бұл айда күннің ең ұзақтығы - 22 маусымға дәл келеді. Ал түннің ең қысқасы 22 желтоқсанға тура келеді. Ортаңғы ұзын саусақтың бірінші буыны мен шынашақтың басы бір деңгейге шамалас екендігі көрінеді [23.34].

Көлденең дүние төрт жақтан тұратындығы: Шығыс пен Батыс, Оңтүстік пен Солтүстіктен. Осыған байланысты халқымыз дүниенің төрт құбылысына әр түрлі мән-жай енгізу рәсімге айналған. Мысалы: таң нұрын шашатын жағымды, оң мағынада атап, күн бататын батыста теріс, ұнамсыз мағынада қолданған. Солтүстікті қара құрымға ұқсатып, Оңтүстікті қызыл шырынға балап, дүниенің оң жағы деп есептеген. Адамның денесі оң және сол жақ боп бөлінетінін білеміз. Оң жақ күн жақ, сол жақ ай жақ деп санаған, әрине адамның оң-күн жағы әлдеқайда мығым саналған. Оң жақтан-күннен төгілер шуақтың жағымды ықпалынан өрбіген тәрізді оң тілеу, оң жол. Жалпы оң дегенім өте қасиетті. «Асты оң қолмен алу керек» деп жатады.

Кәдімгі сандардың өзінде де танымдық жүйелілік қалыптасқан. «Бір»-жалқының, Жаратушы, Күн мен Ай; «екі»-адам, тіршілік жұбы, көз, қол, құлақ, аяқ; «төрт» - әлем, дүние, үй, қамал; «бес» пен «он»-адамның бес саусағы, екі қолы, яғни есептің шегін білдірді және белгілі бір мәнге ие болады.

Небір шебер дүние тудыратын бес саусақ әлемдік құрылымның бейнесі екенін ата-бабамыз ертеден білген. Ел аузындағы «бес саусақтай білу», «алақанға салғандай» деген сөздерден де аңғаруға болады.

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз...

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ-

Бес дұшпаның білсеңіз,

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым, ойлап қой-

Бес асыл іс көнсеңіз - деп ұлы Абай айтқан болатын [24.36].

Бабаларымыз бес саусақ арқылы бес тұзды: сор, жоса, мүсәтір, ашудас, ас тұзды бейнелеп, тұжырым жасап отырған. Міне, бұдан ата-бабаларымыздың дүниеге деген көз қарасының шексіздігін көреміз. Сонымен бірге қазақ халқының тұрмысымен байланысты жағдайлары, оның ерекше дүниетанымын қалыптастырғаны да анық.

Қайсыбір тіршілік сияқты, адам да айнала қоршаған ортаның шеңберінде өмір сүреді. Алайда оның өмір сүру тәсілі басқа тіршіліктерден мүлде өзгеше. Егерде жануар өзінің дене құрылысы мүмкіндігіне сай айнала қоршаған ортаға бейімделген, дүниедегі сан алуан құбылыстардың ішінде тек өз тіршілігіне тікелей, я болмаса жанама қатысы бар заттар мен құбылыстарды ғана сезініп, тек соған сәйкес өмір сүретін болса, адам дүниеге өз санасы арқылы жан-жақты қарай алады. Сонымен қатар, айнала қоршаған орта нақтылы тарихи өмір сүріп жатқан адамдардың таным мүмкіндіктері мен оны игеру деңгейінен әрқашанда асып түседі. Олай болса, ол адамдардың дүниені зерттеп игеру жолындағы шексіз мүмкіндіктерін тудырады.

Ұлттық дүниетанымды қалыптастыруда салт-дәстүрлердің атқаратын орны ерекше. Ұлттық дүниетаным дегеніміз – ең алдымен, белгілі бір ұлттың өкіліне сүйіспеншілікпен қарау, оның ұрпақтан ұрпаққа үзілмей жалғасып келе жатқан құндылықтарын бойына сіңіру. Тереңірек пайымдасақ, мұның өзі ұлттарды ұлылауға бағытталып, ілгеріде жүргізілген кереғар ұлт саясатының кесірінен ұмтылып қалған дәстүрлердің жаңғыруы арқылы әрбір адамның патриотизмін күшейте түсу болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет