Алипбаева Г. А., Нурова А. К


ТАРАУ 1. Қоршаған айналаны оқыту әдістемесінің теориялық-әдіснамалық негіздері



бет3/38
Дата03.12.2023
өлшемі240.59 Kb.
#485256
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
дүниетану оқыту әдістемесі

ТАРАУ 1. Қоршаған айналаны оқыту әдістемесінің теориялық-әдіснамалық негіздері




    1. Қоршаған айналаны оқыту әдістемесінің пәні және міндеттері


Жоспары:


  1. Қоршаған айналаны оқыту әдістемесі пәнінің мазмұны

  2. Қоршаған айналаны оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеттері

  3. Қоршаған айналаны оқыту әдістемесі пәнінің басқа ғылымдармен байланысы



    1. Қоршаған айналаны оқыту әдістемесі пәнінің мазмұны.


Қоршаған айналаны оқыту әдістемесі – педагогика ғылымының негізгі бағыты. Бұл қоршаған айналаны негіздері циклінен алған білім- деріне сүйене отырып бастауыш сыныпта қоршаған айналаны оқытуға қажетті теориялық, әдістемелік білім мен білікті, педагогикалық шебер- лікті үйрететін курс болып табылады.
Қоршаған айналаны оқыту әдістемесінің объектісі қоршаған айна- ланы негіздері туралы теориялық білімді, яғни қоршаған орта, ондағы заттар мен денелер, құбылыстар мен үдерістер, қоғамдық қатынастары- нан бастауыш сынып оқушыларына жас ерекшеліктеріне сай білім беру- дің әдіс-тәсілдерін, формаларын және баланың жалпы құзыреттіліктерін қалыптастырып, жетілдірудің жолдарын меңгертетін курс болып табыла- ды. Кіші жастағы оқушылар дүниені біртұтас күйінде қабылдайды, оның көріністерін биологиялық, физикалық, химиялық құбылыстарға бөлмейді. Қоршаған айналаны білімін интеграциялап оқытудың алғашқы кезеңінде табиғат құбылыстары туралы дұрыс, біртұтас түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді, табиғат туралы ғылымдарды одан әрі саралай оқып үйренуге белгілі бір негіз қалайды. Оны оқып-үйрену барысында дүние- нің материалдығы мен танымдылығын, құбылыстардың өзара байланы- сын, заңдылықтар мен эволюция идеяларын түсінуге қадам жасалады.
Қоршаған айналаны оқыту баланың ақыл-ойын дамытуға бағыттал-
ған үлкен міндеттерді шешеді. Нақты обьектілер мен құбылыстарды оқып-үйрену кезінде оның бақылау қабілеті дамиды. Байқағыштық – заттар мен құбылыстарды саналы түрде қабылдай білу, олардың өзіне тән және ортақ белгілерін табу, белгілі заңдылықтарды байқау, оларды талдап қорытынды жасай білу қабілеті. Байқағыштық жүйелі жаттығу- лардың барысында біртіндеп дамиды. Мұның бәрі баланың ойлау қабілетін дамытуда, қоршаған ортаны танып білуінде маңызы зор. Жара- тылыс ғылымдары логикалық индукция және дедукция әдістеріне үйре- теді, құбылыстардың мәніне терең бойлау дағдысын қалыптастырады.
Жаратылыс ғылымдары логикалық индукция және дедукция әдісте- ріне үйретеді, құбылыстардың мәніне терең бойлау дағдысын қалыптас- тырады.
Логикалық ойлаудың дамуы бірнеше кезеңнен тұрады.

  1. Фактілер мен құбылыстарды бақылау.

  2. Жауапты іздеу үшін мәселе (шарт) қою.

  3. Бақыланып отырған нәрсе бойынша мүмкін болжамдар жасау.

  4. Болжамды зерттеу және дұрыс жауапты тәжірибе жүзінде тексе- ріп, логикалық тұрғыда талдап, тиянақты қорытындылай білу.

Қоршаған дүние обьективті түрде өмір сүретін болғандықтан, ондағы заттар мен құбылыстары алдымен санада бейнеленеді. Көру, сезіну, түйсіну арқылы сезім мүшелерге материалдық түрде әсер етеді де біз оларды қабылдаймыз. Қабылдау барысында сыртқы сезім мен ішкі се- зімдер біріге отырып танымды нақтылай түседі. Сезім арқылы таныған дүниені ғылыми біліммен байланыстырғанда ғана білім қалыптасады.
Оқу үдерісінде баланың қызығушылығын, өздігінен үйрену, танып бі- лу белсенділігін арттыру мақсатында жүргізілетін оқу жұмыс формала- рын ұйымдастыруға үйретуді. Қоршаған айналаныдың жалпы әдісте- месінің аса маңызды міндеттерінің бірі-ғылым ретінде жаратылыс пен оқу пәні ретінде қоршаған айналаны арасындағы байланысты анықтап береді.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет