Жазылым бойынша қалыптастырушы бағалау тапсырмасын құру ерекшеліктері
Бөлім/тақырып
|
Отырар –Өркениет ордасы
|
Оқу мақсаты: 7.4.1.1 мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап , ресми құттықтаулар жазу. [2.24-б]
|
Сабақ мақсаты: жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап , ресми құжат (өтініш-хат) жазу.
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Қолдану, талдау, жинақтау, бағалау, сыни тұрғыдан ойлау
|
Бағалау критерийлері
|
Дескрипторлар
|
Тақырыптан ауытқымай, мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, ресми құжат (өтініш-хат) жазады
|
Құрылымын сақтайды:
кімге жазылғаны (мектептің толық атауы, лауазымы, аты-жөні, дәрежесі / атағы).
Кімнің жазғаны: (сыныбы, аты-жөні).
Құжат атауы (өтініш).
Негізгі мәтін.
Жазылған мерзімі.
Өтініш иесінің қолы.
|
Мәселеге көзқарасы айқын.
|
Мәселенің туындау себебін , өзектілігін түсіндіреді.
Мәселеге қатысты келісу-келіспеу себептерін ашық білдіреді.
Мазмұны анық, ой-пікірі жүйелі, құрылымы толық және ұсынысын білдіріп, ой қорыта біледі.
|
Стилі бірізді және тілдік бірліктерді орынды қолдана біледі.
|
Тілдік бірліктерді (кемінде 5-6) орынды қолдана алады.
|
Сөздік қоры мол, лексикалық тұрғыдан сөздерді орынды қолданады.
|
Грамматикалық сауаттылығы мен тыныс белгісінің заңдылықтарын сақтайды.
|
Сөз қайталаулар, орынсыз қолданылған сөздер, дұрыс құрылмаған сөйлемдер кездеспейді.
|
Қыстырма сөздерге (байланыстырушы сөздер) қатысты тыныс белгілерін дұрыс қолданады.
|
Тапсырма
Үйірменің бір жобасы «Отырар кешені» деп аталады. Осы үйірмені жандандыру жөнінде мектеп басшысына өтініш-хат жазыңыз. Мәселеге қатысты өз көзқарасыңызды білдіріп, сенімді аргументтер келтіріңіз. Көлемі - 50-70 сөз. Тілдік бірліктерді мәніне сай орынды қолданыңыз.
|
Достарыңызбен бөлісу: |