Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Абайдың «Жазғытұры» өлеңіндегі мәліметтерді жинақтап, суреттерді пайдаланып, постер әзірлеңіз. Постерге жазғытұры мезгілінің өзіне тән ерекшелігін, табиғат әлеміне енген жаңалықтарды, табиғат көрінісі мен ел өмірін арқау етіңіз. Постеріңізді таныстырыңыз.
Дескриптор Білім алушы
«Жазғытұры» өлеңіндегі мәліметтерді жинақтайды;
тақырып бойынша постер дайындайды;
жазғытұры мезгілінің өзіне тән ерекшелігін, табиғат көрінісін ашады;
постер мазмұнымен таныстырады.
56
• Тақырыпқа сай құрылымы сақталған эссе жазады
Тапсырма
«Қазір ұлттық қолөнер бұйымдарын қолданамыз ба?» тақырыбында құрылымын сақтап, эссе жазыңыз.
Дескриптор Білім алушы
эссе құрылымын (кіріспе, негізгі, қорытынды) сақтайды;
сұраққа жауап береді;
ойын байланыстыра, жүйелі жеткізеді.
57
Оқу мақсаты
6.1.3.1 – тұрмыстық-әлеуметтік тақырыптарға байланысты
жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсіну
6.2.2.1 - тақырып бойынша диалогті бастау, жалғастыру,
аяқтаудың ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті
формаларын білу
|