Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ тілі мен әдебиеті



бет29/30
Дата23.05.2024
өлшемі2.17 Mb.
#501744
түріСабақ
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
!3-ОШ ФО Қазақ тілі Т2 6кл

Дескриптор Білім алушы



  • мәтіндердің стилін анықтайды;

  • мәтіндердің түрін ажыратады;

  • мәтіндердің мақсатын көрсетеді;

  • мәтіндердің аудиториясын табады.

60

Оқу мақсаты 6.4.4.1 - мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып
бойынша постер, сызба-кестелер жасау


Бағалау критерийі Білім алушы

• Тақырыпқа сай мәліметтерді жинақтайды,


постер әзірлейді


Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі


Тапсырма
Мәтінді түсініп оқыңыз. Мәтіндегі мәліметтерді жинақтап, негізгі ойды қорытындылаңыз.

Менің саяхатымды жүрген жерлерімнің сипатына қарай 2 кезеңге бөлуге болады: Бірінші - менің Жоңғарияға, яғни Жетісу мен Іле сыртындағы өлкеге және Ыстықкөлге баруым. Бұл жерлердің физикалық сипаты Сібір штабының түсіріп алған жақсы карталары бойынша да әбден мәлім болатын. Ал ғылыми жағынан оларды Шренк, Влангали, Семенов, Голубев мырзалар зерттеген. Бірақ олар бұл мәліметтерінде тек физика-география мәселелерін ғана қамтып, этнография мәселесін мүлдем қозғамаған. Мен Жоңғарияда бірінші рет 1856 жылы болдым. Онда полковник Коментовский бастаған алғашқы Ыстықкөл экспедициясына қатыстым. Содан соң Құлжада 3 ай тұрдым. Сөйтіп Жоңғарияда барлығы 5 ай болдым. Бұл өлкені Алакөлден Тянь-Шаньға дейін түгел аралап шықтым.


Жоңғария Алатауының бөктерінде терең із бар. Мұны қазақтардың айтуынша, құландарды қыру үшін Жәнібек хан қаздырған екен. Ханның жас баласы атқа отыруды үйреніп жүрген кезінде оның атын құландар өз үйіріне ілестіріп әкетіп, бала қаза тауыпты. Содан кейін хан Тарбағатайдан Ілеге дейін ор қаздырып, Жоңғарияның барлық құланын соған құлатып өлтіріпті. Одан тек бір ұрғашы, бір еркек құлан ғана аман құтылып, Балқаштан әрі өтіп, өзінің ұрпақтарына: «Бұл жаққа енді жоламаңдар!» деп өсиет қалдырыпты-мыс деседі.


Мәтіндегі мәліметтерді пайдаланып, «Жоңғарияға саяхат» тақырыбында сызба-кесте дайындаңыз.




Дескриптор Білім алушы



  • мәтіндегі мәліметтерді жинақтайды;

  • негізгі ойды қорытындылайды;

  • тақырыпқа қатысты сызба-кесте дайындайды;

  • мәтіндегі мәліметтерді пайдаланады;

  • сызба-кестенің талаптарын ескереді.

61


Оқу мақсаты
6.5.1.7 - себеп-салдарлық қатынасты білдіретін жалғаулықтардың қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет