Тапсырма
Мәтінді дауыстап оқы.
Балалық шақ
Менің туған отбасым – кәдімгі отбасыларының бірі. Әкемнің аздаған білімі болатын. Қолы өнерлі еді. Сондықтан ол ағаш ұстасы, шешем сауыншы болды. Тұрмыс жақсарып, жұрт дәулетті тұрды. Біздің үйіміз ауылдың шетінде тұратын. Кішкене бақшамызда алма, шие, алша, қарақат өсетін. Үй сыртындағы алаңда балалар асыр салып ойнайтын. Өзімнің үш жасар кезім әлі есімде. Апам мейрам күні мектепке ала барды. Мен орындыққа шығып тұрып, тақпақ айттым. Оқушылар мені мақтап, қол шапалақтады. Содан былай мен мектепке баруды арман еттім. Ағам мен апамдай сабақ оқығым келді. Құрбыларыммен бірге мектептің терезесінен сығалап, шәкірттердің жазу жазғанын қызыға қарап тұратынмын.
Сұрақтарға жауап бер.
Кейіпкердің ата-анасы қандай адамдар?
Олар қалай тұратын?
Кейіпкердің 3 жасар кезінде қандай оқиға болды? Сол оқиғаны баяндап бер.
|