Тапсырма
Өлеңнің үзіндісін түсініп оқы.
Уақыт-ай, уақыт, зырлайды, Өмірін ойлап талайдың, Артына мойын бұрмайды. Тарихын зерттеп қараймын. Кешіксең бітті, ол сені Бір күні босқа өтпепті,
Бір секунд күтіп тұрмайды. Яссауи, Шоқан, Абайдың.
Біреудің күні өтпейді, Өмірдің мәнін ұғып ал,
Біреуге уақыт жетпейді. Білім ал, бәрін біліп ал.
Есептеп үйрен уақытты, Қадірін білген уақыттың,
Еңбегің зая кетпейді. Қазақтан шыққан ұлылар.
Бұл уақыт деген шынымен, Ойлама бәрін білем деп, Өлшенбес сағат тілімен. Шалқып та тасып жүрем деп. Өлшенер уақыт – іспенен, Уақытың – алтын қазынаң, Не істедің бүгін күнімен?! Жұмсауың керек үнемдеп.
Дүбірін сезіп алыстан, Қайтарылмайды бұл уақыт, Заманмен мынау жарысқан. Қайталанбайды бұл уақыт. Уақытын дұрыс жұмсайтын Таппайсың ертең іздесең, Адамдар нағыз данышпан! Қайта оралмайды бұл уақыт.
«Уақытты бағалау» дегенді сен қалай түсінесің?
Өз уақытыңның көбін неге арнап жүрсің?
Өлең арқылы автордың не айтқысы келді? Өлеңнен автордың негізгі ойын білдіретін сөйлемдерді тауып, қоршап сыз.
Өлеңге тақырып қой.
|