Жайықта
Көктемде Жайық өңіріне аққулар қос-қостан ұшып келеді. Талқайраңдағы көк шалғынға киіз үй тіккенбіз.
Таңертең ерте оянып, тысқа шықтым. Шығыс жақ - қызыл шақпақ. Сыртта тұрып сыбызғының үніндей сұлқылдаған аққулардың даусын тыңдадым. Тобымен орман ішінде қонды. Су сабалап сыңсыған аққудың үнін естідім. Сүрлеумен өзенге қарай жүгірдім.
Жалма-жан көйлегімді шешіп тастап, аққудың қасына жүзіп жеттім. Аузын ашып, айбат шекті. Аяғына қармақ кіріп кетіпті. Аяғынан ұстадым да, қармақтан босаттым.
Рақмет айтқандай, бір сұңқ етті де, арғы беттегі жасыл құрақ ішінде қиқу салып, мұны тосып жүрген тобына барып қосылды. Өзен жағасын әнге бөлеп, аққулар аспанға көтерілді.
|