Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Әдебиеттік оқу 3-сынып


Бөлімше 1.4 Тыңдарманның назарын аударту



бет46/56
Дата03.01.2022
өлшемі0.91 Mb.
#450164
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   56
faae59c0-6797-4c09-975e-dc03507d5c33

Бөлімше 1.4 Тыңдарманның назарын аударту

Оқу мақсаты

3.1.4. 2 Сөйлеу барысында иллюстрациялар/көрнекіліктер/ фото/ суреттер қолдану

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Сөйлеу барысында суреттер/иллюстрациялар қолданады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Берілген ережелер мен суреттерді пайдаланып, «Судағы қауіпсіздік» тақырыбына сөйле.



Судағы қауіпсіздік ережелері


  • Қоршау белгісінен тысқары жүзбеңіз!

  • Тыйым салынған жерде шомылмаңыз!

  • Шомылып жүрген балаларды қараусыз қалдырмаңыз!

  • Өтіп бара жатқан кемелер мен қайықтарға қарай жүзбеңіз!

  • Таныс емес жерден суға секірмеңіз!







Дескриптор


Білім алушы

  • тақырыпқа сәйкес ой қорытып айтады;

  • сөйлеу барысында иллюстрацияларды тиімді қолданады.




Бөлімше 1.5 Тыңдалған шығарма бойынша пікір білдіру

Оқу мақсаты




3.1.5.1 Өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу

Бағалау критерийі




Білім алушы

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Мәтінді мұқият тыңда. Мәтіннен еліміздің көрікті жерлерінің атауын теріп жаз.

Қазақстан - табиғаты көркем, жанға жайлы әсем жерлерге өте бай өлке. Жер жаннаты Жетісу, асқар шыңды Алтай, емдік қасиеті мол Алакөл, көрген көзді таң қалдырар Балқаш, суы балдай, шөбі шүйгін Баянауыл, ауасы шәрбат Қарқаралы...

Біздің елдегі осы іспетті көрікті жерлерді айтып тауыса алмайтындайсың!

Қарасаң көзің тоймайды!

Жер шарының ең көрікті жерлері саналатын Ақмола облысының аумағында

«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы орналасқан. Бурабай Қазақстандағы ең танымал демалыс орындарының бірі. Биік таулар мен қылқан жапырақты орман, айдынды көл және таза ауа. Табиғаттың шипалы қуаты жақсы демалуға және денсаулықты қалпына келтіруге мүмкіндік тудырады. Бурабайдың балшығы мен минералды суы емдік қасиетке бай.


  • Мәтінге сүйеніп, көрікті жерлердің бірі туралы әңгімеле. Мәтіндегі көркем сөздерді пайдалан.

Дескриптор

Білім алушы

  • мәтіннен қажетті ақпаратты теріп жазады;

  • еліміздің көрікті жерлерін көркем сөздерді қолданып сипаттайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет