Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы. Cұрақтарға жауап бер.
Қызғаныштың кесірі
Назымға анасы секіретін жіп алып берген еді. Ол күні бойы аулада жіпті айналдырды. Біресе бір аяқпен, біресе екі аяқпен секірген ол өзін цирктің әртісіндей сезінді.
Жанына көрші тұратын досы Шынар келіп, біраз қызықтап қарап тұрды да:
Екеуміз кезек-кезек секірейік. Жібіңді маған да бере тұр,-деді.
Бұл менің жібім, өзіңдікін әкел де секіре бер,- деді Назым тыржиып.
Досына ренжіген Шынар әрірек барып, орындықта біраз отырды.
Назым жалғыз өзі секіре-секіре әбден шаршады. Біраз уақыттан кейін жібін жинап алды да, қабағын түйіп үйіне келді.
Бағанадан бері ашық терезеден апасы қызының қимылын бағып тұрған болатын:
Қызым, саған не болды?-деп сұрады.
Ойын қызық емес - деді Назым.
Шынар екеуің бірігіп ойнағанда қызық болар еді, - деді апасы жай ғана.
Бұл сөзден кейін Назым есік алдына жүгіріп шықты. Бірақ маңайда досы көрінбеді.
Назым үйіне неге көңілсіз кірді?
Назымның Шынарды іздеуіне не себеп болды?
Шынар неліктен кетіп қалды?
Назымның қылығы дұрыс па? Өз ойыңды айт.
Назымға мінездеме бер.
|