Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы.
Ән құдіреті
Балапанның нәзік қанатындай дірілдеп, нәзік көтерілген ән ырғағы бірте-бірте ширап, қатайып, әуелей берді. Берден ә дегенде елең етіп, қалт бұрылған қалпы серігінен көз алмай қарап қалды. Мұндай әсерлі дауысты бұрын естіген емес-ті. Жүрегі езілердей болып, елти, елжірей тыңдады. Мына дүниені ұмытып, өзге бір сырлы әлемге еніп кеткендей, өң мен түстей күйде еді. Егіліп, әлденеге ағыл-тегіл жылағысы келеді. Біресе кеудесіне шым-шымдап жылы шуақ құйылып жатқандай, сол шуақтан көңілі шаттыққа толып, қуанышқа бөленгендей. Бар ықыласы сағыныш сазды әнге ауып, ән айтып отырған келіншекке сүйсіне, қызыға қарай берді.
Ән тыңдаушыға қалай әсер етті?
Автор әннің әсерін қалай сипаттаған? Мәтіннен әннің әсерін, құдіретін сипаттайтын көркем сөздерді теріп жаз.
|