Тапсырма
Мәтіндерді түсініп оқы. Тапсырмаларды орында.
Қазақ жерінде тамырын тереңге тартқан қалалар өте көп. Соның бірі өзінің 2000 жылдығын атап өткен - Тараз қаласы. Орта ғасырларда Тараз Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан қалаларының бірі болған. Ескерткіштердің түгелдей жойылғанына қарамастан көп жылғы археологиялық жұмыстардың нәтижесінде Тараз өмірінің әртүрлі кезеңдерін сипаттайтын елеулі материалдар жинақталған.
Түркістан қаласының іргетасы V-VІ ғасырларда қаланған. Есім ханнан бастау алып, XІV-ХVIIІ ғасырларда Қазақ хандығының астанасы болған. Археологтар қаланың тарихы тереңде жатқанын дәлелдеп отыр. Түркістан қаласының айналасындағы ескерткіштер бұл өңірде адамдардың кем дегенде 550 мың жыл бұрын мекен еткенін көрсетеді.
Отырар VIIІ ғасырдың басынан Фараб аймағымен белгілі болған. Қала ІХ ғасырдың өзінде-ақ ірі қала болған. Кейбір зерттеушілердің пікірінше, қалада сол кезде әлемдегі аса ірі кітапхана және көптеген мешіт-медреселер болған.
1219 жылы Отырарға моңғолдар шауып, қала қиратылып, тұрғындары қырғынға ұшырайды. Қазіргі уақытта Отырар бесбұрыш тәріздес төбе болып көрінеді.
Мәтінді және басқа да дереккөздерді пайдаланып, көне қалалардың бірі туралы мәлімет жинастыр. Ақпараттарды кестеге түсір.
Кестеге сүйеніп, сипаттап айт.
Тараз Түркістан Отырар
|