Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Жаратылыстану 5-сынып Құрметті мұғалім!



бет10/13
Дата13.03.2024
өлшемі2.56 Mb.
#495193
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
ФО Жаратылыстану 5 кл каз (1) (1)

Тақырыбы:Қозғалыс

Оқу мақсаты

5.5.2.1 Тірі және өлі табиғатта қозғалыстың
маңыздылығына мысалдар келтіру және түсіндіру

Бағалау критерийлері

Білім алушы

  • Тірі және өлі табиғаттағы қозғалыстардың маңыздылығын сипаттайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма




а) Суреттердегі тірі және өлі табиғаттағы қозғалыстарды екі топқа жіктеңіз. (әр суреттің нөмірін жазыңыз).



Тірі табиғаттағы қозғалыс Өлі табиғаттағы қозғалыс





  1. №6, №12 суреттердегі қозғалыстың маңыздылығын сипаттаңыз.


Дескриптор Білім алушы

    • сурет бойынша тірі табиғаттағы қозғалысты анықтайды;

    • сурет бойынша өлі табиғаттағы қозғалысты анықтайды;

    • №6 суреттегі қозғалыстың маңыздылығын сипаттайды;

    • №12 суреттегі қозғалыстың маңыздылығын сипаттайды.




Тақырыбы: Қозғалыс

Оқу мақсаты

5.5.2.2 Әртүрлі жануарлардың қаңқа түрлерінің ерекшеліктерін зерттеу

Бағалау критерийлері

Білім алушы

  • Әртүрлі жануарларды қаңқа түрлеріне қарай жіктейді

  • Қаңқа түрлерінің ерекшеліктерін салыстырады және сипаттайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары денгей дағдылары

Тапсырма




1. Суреттерде ұсынылған жануарларды қаңқа түрлеріне қарай жіктеңіз.


A B C
D E F
G H I J K
Ішкі:
Cыртқы: Гидростатикалық:

  1. Кестені толтырыңыз.



Қаңқа түрлері



Қаңқа құрылысы мен құрамының
ерекшеліктері

Атқаратын қызметі

1




Ішкі қаңқа







2




Сыртқы қаңқа







Дескриптор Білім алушы

  • ішкі қаңқа түріне ие жануарларды көрсетеді;

  • сыртқы қаңқа түріне ие жануарларды көрсетеді;

  • гидростатикалық қаңқа түріне ие жануарларды көрсетеді;

  • балықтың қаңқа құрылысындағы ерекшеліктерді сипаттайды;

  • көбелектің қаңқа құрылысындағы ерекшеліктерді сипаттайды;

  • ішкі қаңқа түрінің атқаратын қызметін сипаттайды;

  • сыртқы қаңқа түрінің атқаратын қызметін сипаттайды.







Тақырыбы: Қозғалыс

Оқу мақсаты




5.5.2.3 Денелер қозғалысының себебін анықтау

Бағалау критерийлері

Білім алушы

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну

Тапсырма







  1. Мәтінді мұқият оқыңыз. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңыз.




    1. Табиғатта әр түрлі күштер кездеседі. Күш денелердің қозғалуына әсер етеді. Егер партаның үстіндегі кітапты жай қозғасаңыз ол бірден қозғала қоймайды. Оған себеп болған .............. күшінің әсері. Кітапты қатты қозғасаңыз ол бір бағытта сырғанай бастайды. ............... күшінің әсерінен кітап біраз жерге барып тоқтауы мүмкін. Кез келген дененің үстіңгі беті біз ойлағандай теп-тегіс емес. Дененің беті бұдыр болып келсе ............ күші жоғарылайды. Сондықтан қағаз бетіне қаламсаппен жазған кезде оның ізі қалады. Егер біз бір нәрсені қолымыздан түсіріп алсақ, ол әрдайым жерге құлап түседі. Бұндай күшті деп

атайды. Осы аталмыш күш болмаса жер бетіндегі денелер ғарыштық кеңістікке ұшып кеткен болар еді.



    1. Мәтіндегі ақпаратты қолданып тұжырымдамалық кестені толтырыңыз.

Тұжырымдама «Иә» немесе «Жоқ»


Әйнектің бетіне жазсақ, оған жазу түседі. Мұз айдынындағы сырғанақ тебушілердің конькиінің табаны өте тегіс болады.
Тебілген доп та, бұтағынан үзілген алма да жерге түседі.



    1. Кестедегі тұжырымдамаларға неліктен «иә» немесе неліктен «жоқ» деп белгілеу себебін жазыңыз.

Дескриптор

Білім алушы




  • мәтіндегі денелер қозғалысына әсер ететін күштің түрлерін анықтайды;

  • мәтінге байланысты дұрыс тұжырымдамаларды белгілейді;

  • мәтінге байланысты бұрыс тұжырымдамаларды белгілейді;

  • кестедегі денелер қозғалысының себебін түсіндіреді.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет