ҚҰРАМЫНДА ФЕНОЛГЛИКОЗИДТЕР МЕН ЛИГНАНДАР БАР ДӘРІЛІК ӨСІМДІКТЕР МЕН ШИКІЗАТТАР
Фенолдар – бұл молекулалардағы гидроксил топтары бензол ядросымен байланысқан органикалық қосылыстар. Олар ароматты көмірсутектерінің туындылары.
Фенолдардың номенклатурасын құрастырғанда бензол сақинасындағы көмірсутегі атомдарының гидроксил тобымен байланысқан көміртегі атомынан бастап 1-ден 6-ға дейінгі санмен белгілеу қабылданған:
Химиялық қасиеттері бойынща фенолдың және оның туындылары спирттерден өзгешілігі бар. Бұл айырмашылық фенол молекуласындағы гидроксил тобы мен фенил радикалы /С6Н5/ деп аталатын бензол ядросының өзара әсеріне байланысты. Бұл әсердің мәні мынада: бензол ядросындағы п-электрондар өз сферасына гидроксил тобындағы оттегі атомның бөлінбеген электрондық жұбын тартып, нәтижесінде оттегі атомындағы электрон тығыздығы азаяды. Бұл өзкезегінде он байланысының электрон тығыздығын сутегіден оттегіне қосымша ығысуына әкеледі, сутегі қышқылдық қасиетке ие болып жылжығыш және реакцияға қабілеттілеу болады.
Сондықтан, олар күйдіргіш сілтілермен оңай әрекеттесіп, сулы ерітінділерде тұрақты фенолдар түзеді.
Өсімдіктердің және жануарлардың құрамында фенолдар туындылары кең таралған. Фенолгликозидтер бірнеше топқа бөлінеді. Олар жай фенолгликозидтерді, лингнандар, антрогликозидтер, илік заттар, α- және γ- пирон туындылары (флаваноидтар, кумариндер, фенолкарбон қышқылдары).
Фенолгликозидтер суда жақсы ериді, органикалық еріткіштерде ерімейді. Агликондар суда ерімейді, бірақ хлороформда, ацетонда, спиртте, этилацетатта, бензолда т.б. жақсы ериді. Сапалық жағынан анықтауда, мысалы арбутинге түрлі-түсті реакцияларды қолдануға болады. Егер сулы қайнатпасына Мор тұзының кристалын қосқанда, сонда қызыл не көк түске боялуы және арбутин тұнбаға түседі, ал фосформолибдаттың ерітіндісі көк түске боялады.
Адам организмінде жай фенолгликозидтер фенол тұзын түзіп бөлініп шығады. Ол бактерицидтік қасиетке ие және асқазан сөл бездеріне әсер етеді. Бұл қосылыстар кейбір өсімдіктер тұқымдасында ұшырасады. Олар бересектер (Erecaceae), шегіргүлділер (Violfceae), қаражидектер (Rosaceae), лалагүлділер (Lilieceae), тасжарғыштар (Saxifragaceae) т.б. болып табылады.
Қазіргі кезде олардың түрлі биохимиялық, физиологиялық процестерінде маңызы, активті екендігі анықталған.
Достарыңызбен бөлісу: |