Алкалоидтар µсімдік организмінде т‰зілетін, жоѓары биологиялыќ, к‰рделі табиѓи органикалыќ азот ќ±рамды ќосылыстар



бет21/52
Дата07.09.2022
өлшемі6.72 Mb.
#460403
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   52
Фармакогнозия лекциялар

Қызыл күлгін дигиталис. Сабынкөктер тұқымдасы
Digitalis purpureа-J. Scrophulariaceal.
Сипаттама. Дигиталис туысына жататын, биіктігі 1 м-ге жуық екі жылдық шөптектес өсімдік. Бірінші жылы тек қана тамыр жапырақтары, екінші жылы сабағы шығады. Тамыржапырақтары ірі, сопақша келген, қанатша, сағақтары ірі, ұзындығы 30 см-ге жуык, ені 15 см. Теменге сабақ жапырақтарының ұзындығы 12-20 см, сопақша, шеттерінде тістері бар. Қолдың саласы сияқты жапырақтын жоғарғы жағы әжімделген, қою-жасыл, төменге оймақ тәрізді, ірі, ұзындығы 3-4 см, сырты қызыл-күлгін, ішкі жағы ақтүсті, күлгін дақтары бар.
Таралуы. Елімізде жабайы түрінде кездеспейді. Украина және Краснодар
өлкесінде мәдени өсімдік ретінде қолдан өсіріледі.
Дайындалуы. Дәрі жасау үшін жапырақтарын /Folia Digitalis/ өсімдік гүлдеген кезінде, жас айларында жинап алады. Жұқалап жайып көлеңкелі жерде кептіреді.
Химиялық құрам. Жапырақтарының құрамында мынадай жүрек гликозидтері бар: пурпуреагликозидтер А және В, дигитоксин, гитоксин, гиталоксин, глюкониталоксин, гиторин, гитозид, - ацетилдигитоксин



Бұдан басқа, шикізаттың құрамында дигитанолгликозидтер, флавоноидтар, стероидты сапониндер (дигитонин, гитонин), макро-, микроэлементтер кездеседі.
Қолданылуы. Дигиталистан жасалған дәрілердің жүрек ауруына қарсы ем болатын қасиеттері бар. Дигиталистің тұнбасы жүрек қызметін жақсартып, оның соғуын реттейді, қан тамырларын кеңейтіп, несеп жүруіне күшті ықпал жасайды. Оның тұнбасы орталық нерв жүйесін тыныштандырып, ұйқыны жақсартады, кебіл-күйді көтереді. Ғылыми медицинада дигиталистің тұнбасы мен препараттарын аса шұғыл дәрілік көмекті қажет ететін жүрек қан айналысының қатты бұзылуы мен гипертонияны, ревматикалық ұстамаларды, стенокардияны және басқа да жүрек ауруларын емдеуге қолданады.
Дәрі-дәрмектер. Тұнба, құрғак экстракт, гиталин, кордигид, дигитоксин, ұнтағы.
Сақталу мерзімі 6 ай 1 жыл.
Түкті дигиталис Сабынкөктер тұқымдасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет