Сипаттама: Итшомырт
туысына жататын, биіктігі 3 м-ге дейін жететін, тікенсіз бұталы өсімдік. Қабығы жылтыр, жас бұтақтарының қабығы қызғылт, әр жерінде ағарған дақтары бар.
Эллипс тәрізді, сопақша, кезектесіп орналасқан, ұзын сағақты жапырақтарының ұштары сүйір, шеттері бүтін. Гүлдері майда, көкшіл түсті жалпақтау, дөңгелек екі сүйекше. Мамыр-маусым айларында гүлдейді. Қыркүйек айында жеміс береді.
Таралуы. Сынғақ итшомырт тоғайларда, жартастар мен жыралар арасында өседі. Күнгей, Теріскей,
Қырғыз Алатауларында, Қаратауда, Көкшетауда кездеседі. Еліміздің европалық бөлігінде, Кавказда,
Орта Азияда, Батыс және Шығыс Сібірде, Иранда, Монғолияда, Батыс Қытайда, Гималайда таралған.
Дайындалуы. Шикізаты ретінде қабығын (
Cortex Frangulae) ерте көктемде 30-50 см-ге дейін көлдененең сопақша тәрізді кесінді жасап осы көлдененең кесінділерді ұзын кесінді арқылы бірімен-бірін қосып ағашынан ажыратып алады. Құрғақ кездері оны ашық ауада немесе жақсы желдетілген бөлмелерде кептіреді. Ылғалды күндері оны кептіргішке салып кептіру қажет.
Сыртқы белгілер. Түтікше тәріздес қабығының қалыңдығы 0,5-2 мм-ге дейін болады.
Сыртқы беті біртегіс, күнгірт қоңыр немесе сұрғылт қоңыр келген. Қабығының ішкі жағы қызғылт түсті. Иісі әлсіз, дәмі ащы болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: