Таралуы. Шыққан жері – Тибет, Қытай, Ресейдің европалық бөлігінде, Беларуссияда, Прибалтикада, Солтүстік Украинада өсіріледі.
Дайындалуы. Дәріге рауғаштың тамыры (Radices Rhei) күзде не ерте көктемде жинап алынады. Тамыры мен тамырсабағын 3-4 жасар кезінде жинайды. Қазір алынған тамырды тіріген бөліктерінен алып тастап, сабақ, жапырақ, топырағынан тазартып, жуып, кесіп, бөліктерге бөледі. Сонан соң, көлеңкелі жерлерде аздап кептіріп алып соңғы сатысында кептіргенше салып 600 С температурада кептіреді.
Сыртқы белгілер. Тамыры мен тамырсабақтарының өлшемдері әр түрлі, ұзындығы 25 см, ені 3 см-ге дейін келген. Өзіне тән иісі, ащы дәмі бар.
Сандық көрсеткіштер. Ылғалдылығы 12% -тен жоғары болмауы керек. Антрацен туындылары 2,2 % -тен төмен болмауы керек.
Химиялық құрам.Шикізаттың құрамында антроцен туындылары, оның ішінде, уризофанол, алоэ-эмодин, фисцион, реин және оның монодирликозидтері, семнозид А, В, С, Д, алоэ-эмодин- диантрон, диантронгликозидтер, пектин илік заттар (10,6% ), крахмал болады.
Жапырақ сабағында органикалық қышқылдар (алма, лимон, янтарь), қант, С, В, РВ витаминдері, пектиндер, макро-микроэлементтер кездеседі.
Қолданылуы.Бұл өсімдіктің дәрілері іш жүргізетін, өт айдайтын, іштін өтуін тоқтататын қасиеттері бар. Осыған байланысты, ішектің жұмысы нашарланғанда, іш желдегенде, іш жүрмей қалғанда рауғаштың жер асты мүшелерінен дәрі жасайды. Рауғаштың тамыры дәрі ретінде көбірек пайдаланса )0,2-2г ) іш жүргізеді. Орташа мөлшерде (0,2г) өт айдайды, аз мөлшерде пайдаланса (0,05-0,2г) іштің өтуін тоқтатады. Геморрой ауруына шалдыққанда, тоқ ішектің шеті жараланғанда, үлкен дәретті сұйылтып шығару үшін де қолданады.
Дәрі-дәрмектер.Ұнтағы, таблеткалар, құрғақ экстракт, спирт тұнбасы, сироп.
Сақталу мерзімі. 5 жыл.