Алкалоидтар µсімдік организмінде т‰зілетін, жоѓары биологиялыќ, к‰рделі табиѓи органикалыќ азот ќ±рамды ќосылыстар


Құрамында лигнандар бар дәрілік өсімдіктер мен шикізаттар



бет50/52
Дата07.09.2022
өлшемі6.72 Mb.
#460403
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52
Фармакогнозия лекциялар

Құрамында лигнандар бар дәрілік өсімдіктер мен шикізаттар


Қалқанды подофилл podophyllum peltatum willd.
Бөріқарақаттар тұқымдасы Berberidaceae
Сипаттама. Биіктігі 50-см дейін жететін, тамырсабағының ұзындығы 2 м, ені 3 см, көпжылдық шөптесін өсімдік. Сабағы тұзу. Жапырағы ұзын сағақты, шар тәрізді, шеңбірі 30 см. Гүлдері жеке-жеке орналасқан, ірі, ақ түсті, хош иісті. Жемісі сары, жеуге жарамды, хош иісті, қышқыл дәмі бар. Тұқымы қоңырқай, ұзындығы 7 мм. Маусымда гүлдейді, жемісі тамыз-қыркүйекте піседі.
Таралуы. Шыққан жері Солтүстік Америка, Ресейдің еуропалық бөлігінде, (Мәскеу, Санкт-Петербург, Львов облыстарында) өсіріледі.
Дайындалуы. Дәріге өсімдіктің тамырлары мен тамырсабақтарын күзде жинап алады. Тамырын мен тамырсабағын қазып алып, топырақтарынан тазартады да, салқын сумен жуады, кесінділерге бөліп жұқалап жайып кептіргішке немесе жақсы желдетілген бөлмелерде кептіреді. Негізінен кептіргіштерде 400С температурада кептірген жөн.
Химиялық құрам. Өсімдіктің жер астындағы өнімдерінде лигнан гликозидтер, оның ішінде альфа, бета, гамма-пельтатин, подофиллотоксин, дезоксиподофиллотоксин, дегидроподофиллотоксин дегенқажетті заттар бар.

Сонымен бірге, шикізаттың құрамында флавоноидты қосылыстары микро-, макроэлементтер табылған.
Қолданылуы. Медицинада подофиллдің тамырынан дайындалған препараттар өт айдайтын, іш жүргізетін, несеп жолдары қабынғанда, жұтқыншақ, папилломатос аурулары емдеу үшін қолданады.
Дәрі-дәрмектер. Подофиллин.
Сақталу мерзімі 5 жыл.


Тесттер
1. Фенол қосылыс деп:
А) әртүрлі биологиялық және биохимиялық функцияларды орындайтын ерекше
органикалық қосылыстар тобы:
Б) ұшқыш сұйық ароматты органикалық қосылыстар қоспасы
В) беттік және гемолитикалық активтілігі бар қосылыстар
Г) өсімдік ағзасында түзілетін табиғи құрамында азоты бар қосылыстар
Д) ароматтық қатардың атомымен қосылған бір немесе бірнеше гидроксил тобы бар
ароматты табиғатты қосылыс
2. Фенол қосылысының классификациясы неге негізделген:
А) қос байланысқа
Б) фармакологиялық әсерге
В) ДӨШ ботаникалық сипатына
Г) бүйіріндегі көміртек атомының шынжырына және ароматты сақина санына
Д) ерігіштігіне байланысты
3. Итжидек жапырағы мен аюқұлақ жапырағының негізгі әсер етуші компоненті болып келеді:
А) гликозидтер
Б) жай фенолдар
В) лигнандар
Г) кумариндер
Д) оксипорич қышқылы
4. Қызғылт семізот тамырымен тамырсабағы жиналады:
А) жапырақтар өсуі кезеңінде
Б) қоңыр күзде немесе қыста
В) ерте көктемде
Г) кез- келген уақытта
Д) гүлдеу және жемістеу фазасында

5. Uvae ursi бұл


А) Қаражидек (ит бүлдірген)
Б) кәдімгі аюқұлақ
В) еркек усасыр
Г) түйе жоңышқа
Д) сасық меңдуана
6. Итбүлдірген жапырақтары МФ ХI бойынша анықталады:
А) полисахаридтер
Б) жүрек гликазидтер
В) арбутин
Г) аспидинол
Д) пеонол
7. Uvae ursi жататын тұқымдас:
А) Ericaceae
Б) Rosaceae
В) Fabaceae
Г) Vassiniaceae
Д) Liliaceae
8. Құрамында лигнандары бар ДӨШ:
А) қытай лимоннигі
Б) тікенді элеуротерококк
В) биік аңдыз
Г) қара бұрыш
Д) барлығы дұрыс
9. ДӨШ фено қосылыстары түзіледі:
А) амин қышқылынан
Б) көмірсулардан және олардың өзгерген өнімдерінен
В) май қышқылдарынан және полисахаридтерден
Г) ароматты қосылыстардан
Д) табиғаты әртүрлі гликозидтерден
10. Eleyterococcus senticosus шикізатын дайындау мерзімі:
А) көктемде сөл бөлінген кезде
Б) Жаздың басында, шілдеге дейін
В) қоңыр күзде, жемістері үлкейіп піскен кезде
Г) гүлдеген кезде
Д) жемістері үлкейе бастағанда
11. Eleyterococcus senticosus жемісінің түрі:
А) алма
Б) жидек
В) тұқым
Г) шырынды сүйекті
Д) шырынды көпжапырақты
12. Rhodiola rosea өмірлік түрі:
А) ағаш
Б) лиана
В) бұта
Г) шөптесін өсімдік
Д) жартылай бұта
13. Eleyterococcus senticosus негізгі әсер етуші заты:
А) лигнандар
Б) эфир майлар
В) майлы майлар
Г) үштерпенді сапониндер
Д) фенолгликозидтер
14. Eleyterococcus senticosus өмірлік түрі:
А) бұта
Б) ағаш
В) жартылай бұта
Г) лиана
Д) шөптесін өсімдік
15. Суда, этанолда еритін, эфирда, хлораформда ерімейтін ақ кристалды зат:
А) фенолгликозидтер
Б) жүрек гликозидтер
В) алкалоидтар
Г) полисахаридтер
Д) терпероидтар
16. Өсімдік шикізатынан фенолдар сығындалады:
А) сумен
Б) спиртпен
В) хлороформмен
Г) эфирмен
Д) органикалық еріткіштермен
17. Кәдімгі итбүлдірген өседі:
А) өзен және көл жағасында
Б) егістікпен араласқан орман шеттерінде
В) ориан сайларында
Г) қарағай, жапырақты және шыршалы ормандарда
Д) жазық шөлейттерде
18. Итбүлдірген шикізаты дайындалады:
А) гүлдей бастағанда жеміс пайда болғанға дейін
Б) гүлдегенге дейін және гүлдеу басында немесе жемістері піскеннен қар түскенге дейін
В) жемістерінің 60-80% піскен уақытында
Г) гүлдегеннен жемістері түскенге дейін
Д) қоңыр күз және қыста
19. Екі пропан қалдықтарынан С6-С3 тұратын фенилпропан димері – бұл:
А) фенолгликозидтер
Б) жүрек гликозидтер
В) лигнандар
Г) полисахаридтер
Д) терпеноидтар
20. Смолада, эфир майларында және майлы майларда жақсы ериді:
А) фенолгликозидтер
Б) кумариндер
В) алкалоидтар
Г) лигнандар
Д) терпеноидтар
21. Күл дегеніміз не.
А) микроэлементтерден тұратын зат
Б) эфир майлары бар күрделі зат
В) өсімдік материалынан күлденуде пайда болатын қалдық
Г) дұрыс жауабы жоқ
Д) барлық жауаптар дұрыс
22. 10% тұз қышқылында ерімейтін күл қалдығы қалай аталады.
А) химиялық
Б) кремне-жерлік
В) күлді топырақты
Г) фармацевтикалық активті
Д) барлық жауап дұрыс
23. Мына талдаудың қайсысы фармакогнозия талдауларына жатпайды.
А) химиялық
Б) физико-химиялық
В) люминесцентциялық
Г) микроскопиялық
Д) макроскопиялық
24. Қандай заттардың дәмін көруге болмайды.
А) ұшқыш
Б) кептірілген
В) кристалды
Г) улы
Д) иісті заттар
25. Фенолдардың классификациясы неге байланысты.
А) көміртегі қанұасына байланысты
Б) ароматты сақина санына байланысты
В) бүйіріндегі көміртек атомына байланысты
Г) барлық жауабы дұрыс
26. Дәрілік өсімдік шикізатына кірмейтін қоспа болып табылады.
А) топырақ, құм, майда тастар
Б) улы емес өсәімдіктердің басқа мүшелері
В) шыны бөліктері
Г) бір жылдық бұтақшалардың бөліктері
Д) өз түсін жоғалтқан шикізат бөліктері
27. Шикізаттың органолептикалық сипаттарына не жатады.
А) сыну сипаты
Б) сапалы реакция нәтижелері
В) түрі
Г) сыну түсі
Д)жилкования сипаты
28. Тұқымдарды сақтайды.
А) жеке, желдетіп немесе хлороформмен, себебі амбарлы бүлдірушілермен оңай зақымдалады.
Б) жеке себебі эфир майы бар
В) А тізімі бойынша
Г) Жалпы тәртіп бойынша
Д) Б тізімі бойынша
29. Тауар анықтау анализін жүргізу барысында анықтайды.
А) ылғалдын болуын
Б) золдың болуын
В) БАВ болуын
Г) Амбарлы бүлдіргендермен зақымдалу дәрежесін
Д) барлық жауап дұрыс.
30. Тұқым шикізаттың әдетте даярлайды.
А) вегетация кезінде
Б) өскен кезінде
В) гүлдену кезінде
Г) шырын қозғалу кезінде
Д) топырақ асты бөлігінің шіруі кезінде
Жауаптар эталондары:

  1. Д;

  2. Г;

  3. Б;

  4. Д;

  5. Б;

  6. Г;

  7. А;

  8. В;

  9. Б;

  10. В;

  11. Г;

  12. Г;

  13. А;

  14. А;

  15. А;

  16. Б;

  17. Г;

  18. Б;

  19. В;

  20. Г;

  21. В;

  22. Б;

  23. Б;

  24. Г;

  25. Г;

  26. В;

  27. Г;

  28. А;

  29. Д;

  30. Б.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет