Аллергия —


Аллергендерді екі үлкен топқа бөлуге болады



бет2/5
Дата13.03.2024
өлшемі0.54 Mb.
#495405
1   2   3   4   5
,аллергиялық аурулары бар науқастарды тексеру әдістері.Аллергиялық аурулар жүйе

Аллергендерді екі үлкен топқа бөлуге болады: 
1.Экзоаллергендер ағзаға сырттан түседі
2. эндоаллергендер-ағзаның өзінде аутоиммундық аурулар , созылмалы вирустық жұқпаларда , жарақаттарда, күйік, үсік және т.б. жағдайлардың нәтижесінде түзіледі.
Жұқпалы емес аллергендер:тұрмыстық,эпидер-мистік,тағамдық,дәрілік,өндірістік.
Жұқпалы аллергендер: бактериялық,саңырауқұлақтық,вирустық.

Есекжем (urtіcarіa) — теріде және шырышты қабатта кенеттен қызарып, күлдіреп, қышымалы бөртпелер түрінде болатын ауру; денені қалақай шаққан кездегі күлдіреуікке ұқсайды.


Классификациясы:
Аллергиялық есекжем
азық-түліктер, дәрі-дәрмектер әсерінен пайда болады
Аллергиялық емес есекжем
морфин, кодеин, декстран және қалақаймен, медузамен, жұлдыз құртпен, актиниялармен жұғысқанда пайда болады.

Жедел
Кейбір тағамдардың (жұмыртқа, құлпынай, шоколад, бал, цитрустар, т.б.) және дәрі-дәрмектің (көбінесе, антибиотиктердің) организмге кері әсер етуінің салдары. Организмдегі аллергиялық реакция нәтижесінде де пайда болады


Созылмалы
Мезгіл-мезгіл қайталайтын, кейде бірнеше айға дейін созылатын Есекжем, әдетте, ішкі мүшелердегі (бауыр, ішек-қарын жолы, бүйрек) ауруларға, организмдегі зат алмасудың бұзылуын іштегі гельминттерге немесе баяу өтетін инфекцияға (бадамшаның созылмалы қабынуы — тонзиллит, мұрын, құлақ қуыстарының қабынуы) байланысты


  • Физикалық есекжем – теріге әртүрлі физикалық факторлардың әсер етуі салдарынан дамиды:

  • Терінің механикалық тітіркенуі– діріл, қысым т.б (механикалық, дермографиялық, қысымдық есекжем)

  • Күн сәулесі әсерінен (күндік есекжем)

  • Су (аквагенді есекжем)

  • Физикалық жүктеме, тар бөлмеде болу (холинергиялық есекжем)

  • Жыллы нысана (жылулық есекжем)

  • Суықнысан, суықауа (суықтықесекжем)

  • Терідәрі, тағам, жәндікшаққандатікелейжанасуы (контакттыжәнепапулездыесекжем)

  • Сирек кездесетін физикалық есекжем (вибрационды, адренергиялық)




  • Ағымына қарай:

  • жедел -6 аптаға дейін

  • Созылмалы- 6 аптадан аса ауырған жағдайда

  • Диагностикалық критерийлер
    Шағымдар және анамнез:
    Шағымдар:
    · біртексіз пішінді ірі түйіндақтарға бірігетін, терінің деңгейінен көтеріңкі тұратын, ісінген ашық қызыл түсті күлдіреуіктер түріндегі бөртулердің күтпеген жерден пайда болуы, элементтердің бір бөлігі шектеулі болып қала береді (жіті есекжем кезінде);
    · ізсіз кетіп қалатын күлдіреуіктер (кейде бірнеше минуттан кейін);
    · папулалар (созылмалы есекжем кезінде);
    · кенеттен тері мен тері асты шелмайының шектеулі ісігінің пайда болуы (Квинке ісігі);
    · күтпеген жерден қышудың, ашып ауырудың, қалтыраудың немесе қызыну сезімінің, тұншығудың пайда болуы;
    · жалпы жай-күйінің бұзылуы: қызба (есекжем қызбасы);
    · дауыстың қарлығуы, демікпе.
    Анамнез:
    · бұрын Квинке ісігін, есекжем эпизодтарын бастан өткеруі;
    · тұрмыстық химия өнімдерін, дәрілік препараттарды, шығу тегі өсімдік және жануар болатын тағам өнімдерін, косметикалық құралдарды көтере алмау (әртүрлі көріну нұсқаларындағы аллергиялық реакциялар).

  • Физикалық зерттеп-қарау:
    Құбылмалы экссудаттық жолақсыз элементтер/күлдіреуіктер:
    · ісінген, тығыз, ашық қызыл түсті;
    · тері деңгейінен көтеріңкі тұратын;
    · әртүрлі өлшемдегі (диаметрі 0,5 см-ден 10-15 см-ге дейін);
    · әрқилы кесіндегі (дөңгелек, ірі фестондық және т.б.);
    · ортасының ақтаңдақ болуы жиі кездеседі.
    Терінің шектеулі ісігі (алып есекжем, жіті шектеулі Квинке ісігі):
    · сілемейлі қабықтардың (тіл, көмей, көздің коньюктивтері,мұрын жұтқыншақ), беттің (ерін, ұрт, қабақ және т.б.) және/немесе жыныс мүшелерінің;
    · субъективті сезінулердің болмауымен бірге, тері мен сілемейлі қабықтар тығыз серпінді консистенцияда, ақ, сиректеу – қызғылт түсті болады.

    Зертханалық зерттеулер [5, 6, 7, 8, 9, 10]:
    Жалпы қан талдауы: эозинофилдердің көбеюі (эозинофилия).
    Қан ИФА: қан сарысуында себептік-маңызды аллергендерге телімді IgE және жалпы IgE деңгейінің көтеріңкі болуын айқындау.
    Аспаптық зерттеулер:
    Аллергендермен сызаттаушы (скарификациялаушы) сынамалар: белгілі бір аллергендерге оң нәтижелер

Квинкеісінуі-бұлаллергиялықреакцияныңжайылмалытүрі, терініңбарлыққабатындабұлшықеткедейіналлергиялықреакцияныңжайылуыменсипатталады. Қолмен басып көргенде шұңқыр қалмайтын сұр инфильтрат пайда болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет