- Есекжем және Квинке ісігі
- Бұлар теріні зақымдайтын аллергиялық аурулар. Аурулардың дамуы қан тамыр қабырғаларының зақымдануымен, өткізгіштігінің бұзылуымен және ісінуімен байланысты. Бұл аллергиялық реакциялар кезінде басқа ағзаларға қарағанда жүрек қан тамырлар жүйесі жиі зақымданады.
- Есекжем — бұл аллергиялық ауру. Адам денесінде кенеттен қышитын, күлдіреген бөртпелердің пайда болуымен сипатталады. Бөртпелер терінің шектелген бүртікті қабатының ісігі
- Квинке ісігі: (ангионевротикалық ісік немесе алып есекжем) бұл есекжемнің бір түрі, бұл кезде ісік терінің барлық қабатын қамтиды және кейде тері асты қабаты мен шырыштықабатты да қамтиды. Квинке ісігі мен есекжем жиі 21 жас пен 60 жас аралығында кездеседі, әсіресе әйелдер жиі ауырады.
- Себептері: дәрі препараттары, азық-түліктер, ішек паразиттері, шаң тозандар, жәндіктердің шағуы, суық ауа, ультракүлгін сәуле т.б.
- Клиникасы:
- Есекжем — кенеттен басталады, науқастың барлық денесі қышып, қышыған жерлерде қызарған күлдіреген бөртпелер пайда болады. Бөртпелер көлемі жағынан әр түрлі болып, кейде кішкене бөртпелер бірігіп, үлкен көлемді болады. Науқаста осылармен қатар: бас ауру, сырқаттық температура 39-40 градусқа дейін жоғарылайды. Аурудың жедел кезеңі бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін созылуы мүмкін, егер 5-6 аптаға созылса, онда ауру созылмалы болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |