Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004
www.kazakhstanets.narod.ru
20
десең, бұдан былай қарай қарамағыңа Қыпшақтарды ұстама. Қыпшақтарға менен
қашу жеңіл, — олардың үйі-күйі жоқ, шатырда тұрады, ал сенің үйің бар,
жерің
бар, қалаларың бар. Менен қалай қашып құтыласың» деп қорқытқан Бату.
Бір мың екі жүз жиырма тоғызыншы жылғы Лаврентьев шежіресінен қыпшақ-
қазақтардың монғолдардан ығып, өзі жау тепкісіне түскен Еділдегі бұлғарлар
жеріне, Россияға, Польша, Литваға барғандарын көреміз. Бір кездегі көшпелі
жауынгер елді Құждай мықты бекзада, ел билеген батырлары енді жат жерде
бетегеден аласа, қойдан жуас күйге ұшырайды.
Қазақтардың біразы Қиыр күншығысқа, Монғолия, Қытайға да апарылады.
Шыңғысхан мен Жошы кезінде қазақтардың бірнеше бекзада, батырлары Монғол
императорының Ұлы Ордасында қызметке әкетілген.
Қысқасы бір кездегі
айбынды елді дұшпандары талан-таражын шығарып, ұлын ұрымға, қызын қы-
рымға шұбыртады. Қазақтың батыр жігіттерін топтап құлдыққа, мүсінді қыз-
келіншектерін үйіріп күңдікке сата бастайды.
Көп кешікпей монғолдар мен мұсылман саудагерлері Европа мен Сирия,
Солтүстік-батыс Африканы, әсіресе Египетті Дәшті Қыпшақ жерінен әкелінген
құлдарға толтырады.
Осындай жағдайда Египеттің халифаттық гвардиясы он үшінші
ғасырда дені
Қыпшақ жігіттерінен жиналған болатын. Ал Египетке ер жүрек, мықты әскер өте
керек еді. Мұндай әскерді мамлюктер
1
құра білді.
Бұл кезде Египетке Шығысынан монғол шапқыншылары төнсе, он екінші
ғасырда ұрыста жеңілгеніне қарамай, батыс жағынан Таяу Шығысты әлі де болса
өзіне бағындырмақ боп, Кресшілер шабуылға шыққан-ды. Енді бүкіл мұсылман
қауымының кіндігі, оның мәдениет, көркем өнер, ғылым-білім орталығы Египет
пен Сирия басына шын қауіп-қатерлі қара бұлт түнерген-ді.
Дәл осы сәтте бала кезінде Қыпшақ жерінен
құлдыққа сатылып әкелінген
Сирия әскерінің қолбасшысы Бейбарыс баһадур соңынан мамлюктерден құрылған
гвардиясын ертіп, Бағдатты алып, енді сарқырамадай Сирияға құлаған Иран шахы
Құлағу әскеріне қарсы шықты. Құр ғана қарсы шыққан жоқ, Құлағуды жеңіп, екі
жылдан кейін оны бүкіл Египет жерінен қуды. Ал бір мың екі жүз тоқсан бірінші
жылы Қыпшақ мамлюктері әбжіл қимылдап Сириядан Крест ұстаушыларды бір
жолата қуып, рыцарлардың Шығыстағы ең ақырғы қорғаны Аққа қаласын алды.
Сөйтіп, өз жерінен қуылған, құлдыққа сатылған мамлюктер араб жауын-
герлерімен бірігіп, Египет пен Сирияны монғол басқыншыларының күйретуінен
құтқарды. Әлемге әйгілі өнер-ғылым ошақтары болған Отырар, Самарқант,
Киевтердің халіне жеткізбей, Каир, Алжир, Кордаваларды күл-талқан етуден аман
сақтап қалды.
Енді қыпшақ бекзадаларының, әскер басшыларының
қаны араб қанымен
араласты. Біріне-бірі қыз беріп, қыз алысты. Осы құл сату арқылы құр ғана
Египетте емес, Солтүстік теңіз бен Жерорта теңізінің жағасындағы Европа
халықтарының қанына орыс, татар, черкес, түрік, африка ұлдарының қаны
қосылды.
Жошын мамлюк сұлтандары басқарған Египет жерінде Қыпшақтар Алтын
Орда мен қазақ жерінің әдет-ғұрпын, тәртіп-дәстүрін енгізуге тырысты. Ата-
бабасы Қыпшақтан шыққан мамлюк сұлтандарының
енді серуенге барар
1
Мамлюк мемлекет құлы деген сөз. Шығыс адамдары мемлекет сатып алып гвардия құрғандықтан солай аталған.