Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004
www.kazakhstanets.narod.ru
22
болмай шықты. Арғын, Қыпшақ би-ақсақалдары бір келісімге келе алмады.
Сондықтан да бұл дауды хан шешсін деп ұйғарды. Күнәкар деп табылған
Арғынның жиені Саян батырды Қыпшақ жағы өлім жазасына бұйырды. Жас
батырды күнәсіз деп тапқан Арғынның игі жақсылары оны ақтады. Екі жақ бірдей
тоқтайтын би шықпады. Дау аяғы қанды сойылды жанжалға айнала жаздап әзер
басылды.
Расында бұл дауда хан тағына қауіп тудырардай астар бар-ды. Бату ханнан
кейін, 1361 жылы Шыңғыс ұрпағы Болат Темір хан Еділ бұлғарларын екінші рет
шапты. Бұлғар мемлекетін жермен жексен етті. Осы жерге он бесінші ғасырдың
басында Әбілқайыр өлтірген Жұмадүк ханның әкесі
Ұлығ Мұхамбет кеп Қазан
қаласын салды. Өзін хан атады. Он сан Ноғайлының ең ақырғы Ұлы биі Алтын
Ордадан мүлдем қуылып, Орда тағдыры Жошы ұрпақтарының қолына біржолата
көшкен соң осы Қазан хандығының қол астына Орманбет бидің ұрпақтарының
біразы келіп қосылған-ды. Және Алтын Ордаға деген қастығын тоқтатпаған-ды.
Затымыз бір ел-жұртпыз деп кешегі үстемдігін зар еткен кей билері астыртын
қазақ руларына кісі салып, Әбілқайырдан бөлін деп демігуде еді. Ал кей жау
жүрек батыр ұлдары, қастарына саяқ жинап кейде хан тұқымының мыңдаған
жылқысын барымталап әкететін.
Осындай
бір шабуылдан кейін, ызасы кеудесіне сыймаған Әбілқайыр, Қазан
ханының жеріндегі Орманбет бидің ұрпақтарының аулын шабуға үш түмен қосын
мен бақан бойлы, шоқпар қолды Қыпшақ Қобыландыны аттандырған. Бұл атақты
Қажымұқан балуанның он екінші атасы. Қазақ пен Ноғай бөлінгенде айтылған
«жылау, жылау, жылау күй» жырындағы «қара орманынан айрылған», Торғай мен
Ор бойына Қаратау маңынан, Арыс пен Бадам өзендерінің тоғысқан жеріндегі
Қараспан тауынан көшіп келген, қазақтың атан жілік, арқар мүйіз батырларының
бірі.
Ол тыныш, ертелі-кеш күлкіні ермек етіп, қаннен-қаперсіз жатқан Ноғайлы
ауылдарының күлін көкке ұшырып, бар малын алдына салып айдап, мүсінді деген
қыз-келіншектерін олжа етіп, жақында ғана жорықтан қайтқан.
Ақ түтек борандай қаһарына жан шыдамаған
Қобыланды батырдың бұл
жеңісін бүкіл Әбілқайыр қол астындағы ел, ол бір Стамбул мединасын шауып
қайтқандай, үш күн тойлаған. Той тарқар алдында, әкелінген қыз-келіншекті
олжаға бөліп беру үшін, хан осы жорықта қай батырдың қандай асыра ерлік
көрсеткенін сұраған.
Асат, әсет
1
айларының аяқ шеніндегі ыстығы басылған ала көбеңденуге таяу
кіші бесін әлеті. Орда толы ала таяқты ақсақалдар, ат-жарақты батыр, сұлтандар...
Қобыланды батыр алақандай көзінің қиығымен ханға қарап, ерлік көрсеткен кеуде
соғар батырлардың атын атап келіп, кенет сәл кідірген. Аз уақыт үн-түнсіз тына
қалып құлағына дейін жететін білектей қара мұртының ұшын шиыршықтай түсіп:
— Өзге батырларға олжа сұрасам, Арғынның жүз жігітін бастап барған жас
бөрі, Қотандай абыз қарттың жиені Саян батырға өлім жазасын талап етемін, хан
ием, — деген.
Ордада отырған жұрт дір ете қалған.
Саянның нағашысы ханның оң жағында отырған маймене, асқан күш иесі, әрі
шешен,
әрі әнші, екі иығына екі адам мінгендей, төртпақ келген қара сұр Қотан
1
Асат, әсет — июнь, июль айлары.