Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004
www.kazakhstanets.narod.ru
94
астам жерде. Солтүстігіндегі ұлы өзен Ертіс пен Есіл олар да сондай жырақта...
Оңтүстігіндегі қос алып Жейхун мен Сейхун да тым қашықта жатыр...
Шығысындағы Көкше теңіз сәл таяуырақ, бірақ жол ортасы аңырақай, шөлейт...
Әбілқайыр астанасын көп уақыт Сығанақта ұстаған. Кейін Қырымдағы Өзбекхан
мешіті мен гаремі тұрған Қара теңіз жағасындағы Қара-Даг тауынан отыз
шақырымдай жердегі Ескі Қырымға да көшірмек болған. Бертін келе Еділ
жағасындағы Ақсақ Темір бұзған Алтын Орда астанасы Сарай шаһарына апаруды
да ойлаған. Солтүстік тұсына да, тіпті Жем, Ойыл, Ақ Жайық өзендерінің бойына
да орнатсам деген. Бірақ мұның біріне де тұрақтай алмаған. Өйткені неғұрлым
Дәшті Қыпшақтың батыс шекарасына қарай
беттеген сайын соғұрлым
Мауреннахр шаһарларынан алыстап кететін болған. Бұлай істеудің жөн емес
екенін Әбілқайыр жақсы түсінетін. Батыс мемлекеттері бұл уақытта әжептәуір
күшейіп алған. Оларға түбі күшінің келмейтініне Әбілқайырдың көзі жете
бастаған. Көк Орданың бел алуы енді тек Шығыс шаһарларына ықпалын
жүргізуде деп білген... Сондықтан оның көзі Батысқа емес,
Шығысқа тігулі
болатын-ды. Сол себептен де Шығысқа жақын Орда-Базарға әлсін-әлсін қайта
орала беретін. Ал соңғы кезде бұл Орда-Базардың өзі де Әбілқайырға қуат бола
алмайтындай күйге жеткен. Ол заманда көмір, мұнай, құрыш, темір өнеркәсіптері
тіпті өркендеген кезі, ал қалалардың үлкейіп, гүлденіп кетуіне екі түрлі жағдай
керек-ті. Бірі — қала дегенің үлкен сауда жолының үстінде тұруы қажетті.
Әйтпесе кеме жүретін, бір ел мен бір ел қатынасатын,
суы мол өзен, не теңіз
жағасына салынуы керек. Ал Орда-Базарда бұл қасиеттің бірі де жоқ. Міне, осы
жағдай Әбілқайырды бөтен астана іздеуге мәжбүр етті. Жаңа астана іздемеске
болмайтын тағы бір себебі бар. Қазақ руларының біразы Моғолстанға көшіп
кеткеннен бері Ұлытау маңы хан Ордасына жайсыз тие бастады. Қойға шабатын
бөрі де, малын айдай қашатын ұры да көбейді. Әсіресе «Жалғыз көз» деген батыр
пайда болып, хан қостарына маза бермейтін бір қырсыққа айналды. Астында
желдей жүйрік ат, жанында өзіндей кілең батыр жігіт. Хан әскері бірнеше рет
соңдарынан түссе де, Қарақұмға сіңіп кетіп ұстатпай қойды.
Ал бұл «Жалғыз көз» батыр — баяғы жылқышы Орақ еді. Үңгірде
бір жыл
жатып, балгердің емдеуімен төсектен тұрған. Бір көзден айырылып, беті адам
көргісіз тыртық боп біткен. Аққозыға қайта жолығуға өзінің мына мүсәпір түрінен
қорланып, одан біржолата күдер үзген. Өзі тәрізді кедейлердің өшін Әбілқайырдан
алмақ боп атқа мінген. Бірақ әзірге соңынан ерген халқы аз болғандықтан, бар
қолынан келері аш қасқырдай хан малына тию болған. Әрине, хан бұның Орақ
екенін білген жоқ. Демек, бұл арадан көшіп, көбейіп кеткен өзіне қас адамдардан
да құтылуды жөн тапқан. Ойлап-ойлап ақырында астанасын Үргеніш шаһарына
көшіруді ұйғарды. «Жейхун дариясының жағасында, Сұлтан-Уайз-Даг қамалынан
жетпіс шақырымдай төмен тұратын Үзбой арнасы арқылы жүзіп отырып Хивас
1
теңізіне жетуге болады. Бұл теңізге шығуымыз — Түркімен, Дәшті Қыпшақ, Хива
өлкелерін уысымызға қысып ұстауымыз ғой. Ортада бір кезде Еділ, Дон,
Днепр
бойынан көшіп келген қарақалпақтар бар. Қай жағыма қарасам да көз алдымда
өзіме бағынышты елдер тұрады.
Ал тілі де, діні де бір қарақалпақтарды өз Ордама қоса салу қиынға түспейді.
Күншығыс пен оңды-солды жағың — Мауреннахр жері, солтүстік батысың —
1
Х и в а с т е ң і з і — Каспий теңізінің аты.