Алмас қылыш



Pdf көрінісі
бет50/102
Дата04.06.2024
өлшемі1.59 Mb.
#502314
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   102
Көшпенділер - Алмас қылыш

Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
98 
Хан жолбарыс көргеннен бетер, не істерін білмей сасып қалды. Саянның 
қолындағы садақтың жебесіз екенін көріп, өзін құтқарған қас батыр осы екенін 
білді. Енді біржолата абыржыды. «Ханды ажалдан алып қалған жас батырға алғыс 
айтып басын ию керек пе, әлде өзі өлім жазасына бұйырған, рұқсатсыз қызын 
қатын қылған қас жауына жалаңаш қылышын жарқылдата қарсы шабуы керек 
пе?» 
Хан осылай шешім таба алмай абыржып тұрғанында, қызы Гүлбаһрам садағын 
алып, қорамсақтан қозы жаурын жебені әкесіне қарай кезей бастады. 
Әбілқайырдың жүрегі дір ете қалды. Өзіне шапқалы жатқан жолбарысқа ең 
болмаса бетін қорғай жалаңаш алдаспанын қарсы көтеруге жараса, бұ жолы өйтуге 
де күші жетпеді. Бүкіл денесіне қорғасын құйғандай қозғала алмады. Жанының 
тәттілігі де, дүниенің қымбаттылығы да, аңға сауыт киіп шықпағаны да — бәрі 
осы көзді ашып-жұмғандай мезетте, жүрегін удай ашытып өкіндіре санасында 
жарқ етті де, кенет сөне қалды. Шыңғыс тұқымының мейірімсіз келетіні өзіне 
мәлім, көзін жұма берді. Бірақ жүрегіне көк құрыш сүйір ұшты жебе қадалмады. 
Аздан кейін жанынан өтіп бара жатқан ат дүбірі мен Гүлбаһрамның даусын естіді. 
Бекер қолымды ұстап қалдың, — деді қызы әкесінің тұсынан өтіп бара 
жатып. — Егер, біз қолына түссек, бірден басымызды алар еді. 
Оған қоңырқай дауыс жауап берді. 
— Өз әкесін өзі өлтірген әйелмен, қанша жақсы көрсем де, бір төсекте жата 
алмас едім. 
— Онда өзің өлтіруің керек еді. 
— әкесін өлтірген адамды қандай әйел шын көңілімен ерім дейді? 
— әрине ғой, — қызы күрсінді, — садағымды тартуға менің де дәтім бармас 
еді... Тек ыза... — сөздің ар жағы естілмеді. 
Әбілқайыр аздан кейін көзін ашып жан-жағына қарады. Бірақ ешкімді көрмеді. 
Аламандар оң жақтағы қалың қарағаш арасына кіріп кетіпті. Кенет Әбілқайырға 
хабар берген керней үні шықты. Жорық дабылына үйренген Тарланкөк арқырай 
кісінеп қоя берді. Көп кешікпей серіктері де жетті. Өліп жатқан жолбарыс пен 
жолай жайрап қалған қасқырларды көрген Бахтияр-баһадур мен нөкерлері хан 
ерлігін мадақтай жөнелді. Бірақ оған Әбілқайыр ләм-мим деп тіл қатпады, қабағы 
түксиіп сазарды да қалды. Ол қазір алай-түлей өкініште еді. «Отыз жыл хан 
болсам да, осы мезгілге дейін өзіме керек адамды таңдай білмеймін. Әлгі жігітпен 
ғой тіл тапсам әскеріме қандай қолбасшы болар еді. Сондай адамдармен ғана 
әлемді бағындыра аласың! Қап! Қап! 
Хан батырлығының куәсі етіп нөкерлері жолбарыс пен арлан қасқырлардың 
терісін сойып алып, алдарына бөктеріп, кейін қайтты. Әбілқайырда әлі үн жоқ, сол 
қабағын қарс жапқан қалпында. Тек нөкерлері ханның жеңісті екенін күні бұрын 
бар әлемге дабырлата білдіріп, сырнай-кернейлерін барылдата тартып келеді. 
Шатырларына таяғандарында ғана Әбілқайыр қасындағы Бахтияр-баһадурға: 
— Егер мен жоқ жерде батыр Саян мен менің қызым Гүлбаһрам-Патшайым 
қолдарыңа түсе қалса, — деді өзгелерге естіртпей, — менің қызымның басын 
алыңдар. Ал батыр Саянды сый-құрмет көрсетіп босатып жіберіңдер. 
— Құп, тақсыр! 
Бахтияр, баһадур осы бір болмашы сөзден ханның неге үндемей келе жатқанын 
ұқты. Жолбарысты батыр Саян өлтірді-ау деп жорамалдады. «Бәсе, жолбарыс 
жүрегінен суырылған жебе хан жебесіне ұқсамайтын еді-ау». Батыр жігіттің тек 


Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
99 
жолбарысты ғана өлтірмей, ханды да ажалдан алып қалғанына шек келтірмеді. 
«әйтпесе кекшіл Әбілқайыр оны қолға түссе босатып жібер демесе керек еді». 
Осының бәрін сезсе де Бахтияр-баһадур тіс жарып ештеңе демеді. Ханның көңілін 
көтерейін дегендей ол, құйрығы мен бас терісі жерге сүйретіліп бір нөкердің 
ерінің алдына бөктеріліп келе жатқан жолбарыс терісін көрсетіп: 
— Қандай үлкен жолбарыс, — деді сәл езу тартып күлімсіреп, — егер қарсы 
шапқан кезінде қолыңыз дірілдеп кетіп садақты тарта алмай қалсаңыз ғой, жарып 
тастауы кәміл еді. Бір ажалдан батырлығыңыз құтқарды. Бұл ажалдан аман 
қалғаныңызға зор қуаныштымын. Сіз көрінбей кеткеннен-ақ «Ақсарбас!» 
садақаны айтумен болдым. 
Қарсы шапқан жолбарысқа оқ кеудесінен, не басынан, әйтеуір қарсы жағынан 
тиер еді, ал өлген жолбарыстың жебе өкпе тұсынан қадалған-ды. «Қарсы шапқан 
жолбарыстың» деген сөзінен Бахтияр-баһадурдың жолбарысты мұның өзі 
өлтірмегенін сезіп қалғанын хан бірден ұқты. Бірақ мыңдаған жауынгерлердің 
жеңісін өз жеңісі санап әдеттенген хан, «жолбарысты батыр Саян өлтірді» деу- 
ге аузы бармады. Әйтсе де баһадурдың сөзін түсінгендігін білдіре, ол қай-тадан: 
— Егер батыр Саян қолға түссе босатып жіберіңдер, — деді. 
— Құп тақсыр. Ал екінші мәртебе қолға түссе ше? 
— Онда басын алыңдар. 
Бахтияр-баһадур езу тартты да қойды. Батыр Саянның ханды жолбарыстан 
құтқарғанына енді ол тіпті күмәнданбады. «Ажалдан аман алып қалғаны үшін,
хан да оны бір рет өлімнен құтқаруын борыш санайды. Ал екінші рет қолға түссе. 
Істеген жақсылығы үшін қастық. Жақсылық та, жамандық та саудаға түскен, 
шіркін, қу заман!» Дегенмен, аламан жігіттерден сескенген Әбілқайыр бұдан 
былай қарай бұл маңға аңға шықпады. Бір апта өткеннен кейін, мыңдаған салмен 
сау-саламат Сейхун дариясының оңтүстік жағасына жүзіп шықты. Су киімдерін 
кептіріп тынығып жатқандарында, үш күн бұрын осы арадан Жәнібек пен Керейге 
қосыламыз деп Андижан маңайындағы қазақ руларының өтіп кеткенін естіді. Хан 
қашқан елдің соңынан түре қуып, қырып тастауға әскеріне атқа қонуға бұйрық 
берді. Әскері әбігерленіп, дайындалып жатқанда Самарқантты алған Мұқамет-
Жөкінің сыйлыққа жіберген көші жетті. (әттең не керек, әбусейіт Қорасаннан 
қайтқан соң, бөтен әмірлердің күшімен өз тағын қайтадан Жөкіден тартып алды). 
Жүз қызыл нарға Самарқанттың бар қазынасын арттырып жібергендей Мұқамет-
Жөкі. Ал бұл керуенде жүз нарға тиелген алтын ыдыс, парша, манат, шағи, 
дүрия, қамқа. Самарқант кілемдерінен де қымбат Әбілқайырға арналған ерекше 
қазына бар болып шықты. Ол әбусейіттің үлкен бәйбішесінен туған Ғибадат-
Сұлтан-Бегім еді. Қос анары жаңа пісіп келе жатқан алмадай қап-қатты, үлкен 
қарақат көздері қолға түскен құралайдың көзіндей жаудыраған, жаңа қыз болып 
қалыптасып келе жатқан сұңғақ бойлы жас сұлудың мысы жеңді. Әбілқайыр 
қашқан елдің көшін шабуды ертеңге қалдырды. Сол күні түнде күміс бағаналы көк 
жібек шатырдың ішінде әлі тұғырынан тая қоймаған кәрі көкжал он үш жасар 
уылжыған ақ тотының аппақ төсінен шөлі қана тояттанды. Кешеден бері Ғибадат-
Сұлтан-Бегімді көргеннен бүкіл денесін билеп кеткен қызуын баса алмаған 
Әбілқайыр, енді көңілі бір саябырлап қалың қолына көтерілуге бұйырды. Бірақ 
жіберілген ертөлелерден қашқан көш түнде Сейхун дариядан кейін, Қараталға 
қарай өтіп кеткенін естіді. Кешегі салдарды суға ағызып жіберген хан, қайтадан 
бір жеті сал тоқытып, кейін шегінгенше қыруар ел мекендеріне жетіп, бекініп 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет