Жұмыстардың бірдей көлеміндегі еңбек шығыны бірінші жағдайда – 210 адам-күнді, ал дәстүрлі жұмыс технологиясында (түсірулер мен камералдық өңдеулер) – 1105 адам-күнді құрайды.
Бір адам/күн еңбек шығынының құны сәйкесінше 1780,95 және 338,5 теңге, жабдықты пайдалану коэффициенті – 0,42 және 0,36 болды. Жаңа жабдықты пайдалану рентабелділігі (0,9%) дәстүрлі әдістен (10,1%) төмен, жаңа жабдықтың салыстырмалы өзін өзі ақтауы 13,2 ай, ал дәстүрлі – 1,2 айды құрайды.
Бұл көрсеткіштер жаңа жабдықтар мен құралдар рентабелділігі мен өзін өзі ақтауының төмен көрсеткіштері, олардың жоғары бағасына да, әрі репсубликадағы еңбек шығыны төлемінің төмендігі тірі еңбек экономиясы есебінен технология бағасының қымбаттылығын жаба алмайтындығына да байланысты екенін көрсетеді. АҚШ-та жабдықтың осындай бағасындағы осы жұмысты орындайтын қызметкерлердің еңбек ақысы он есе жоғары.
Жоғарыда келтірілген мәліметтер GPS-қабылдағышын қолданудың максималды тиімділігіне шағын объектілердегі жұмыстарда ғана жетуге болатындығын көрсетеді, келтірілген мысалдар көлемі жағынан үлкен емес. Бұдан басқа, компьютерлік есептеу-өңдеу жабдығымен бірге бір кешендегі электронды өлшеу құралдарын қолдануға негізделген, геодезиялық, картографиялық және жерге орналастыру жұмыстарын жүргізудің жаңа технологиясын практикалық пайдалану, оның басты артықшылықтары – нәтижелердің неғұрлым жоғары дәлдігі, өлшеу және есептеу жұмыстарын автоматтандыру мүмкіндігі мен нәтижелерді құрылып жатырған жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен қосу мүмкіндігі екендігін көрсетеді.
Біз кеңес уақытындағы және ҚР құрылып отырған жер кадастрының түрлерінің, құрамдық бөліктерінің және қызметтік блоктарының салыстымалы талдауын келтірдік, өзгерістер анықталып, қазіргі заманғы жер кадастрының құрамдық бөліктерінің, қызметтік блоктарының, сондай-ақ негізгі принциптерінің жаңа мазмұнына негіздеме берілді. Бұл өзгерістердің ішіндегі негізгілері ауыспалы нарық кезеңіне тән жаңа экономикалық және құқықтық жағдайларға, яғни жерге жеке меншікті енгізуге, жер пайдалану түрінің өзгеруіне, жер учаскесі мен жер пайдалану құқығына жылжымайтын мүлік статусын беруге байланысты.
Мұның бәрі негізгі есептік-тіркеу бірліктеріндегі өзгерістерді белгіледі, құқықтық негіздер мен жер учаскелерін және жер пайдалануларды мемлекеттік тіркеудің ролі күшейтті, жер-есептеу жұмыстарын жүргізу мен жер есебін жүргізу әдістеріне өзгерістер енгізді, өйткені олардың басты сипатты белгісі бұл жұмыстарды автоматтандыру болды, жер учаскесін бөліп беру және құқық куәләуші құжаттарды ресімдеу бойынша жұмыстарды орындау тәртібі қиындап кетті.
Республикада белсенді түрде жүргізіліп отырған әртүрлі деңгейдегі жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін (ЖК ААЖ) құру бойынша жұмыстар жөніндегі материалдар жинақтап қорытылды және жүйелендірілді, ұйымдастыру және қызметтік құрылымдардың схемалары, жабдықтардың қажетті жинағы, жабдықтар жинағын алуға, бағдарламалық қамсыздандыру мен кадрларды дайындауға қажетті қаражат есебі берілді. Жерге орналастыру-кадастр жұмыстарын жаңа электронды құралдар мен жабдықтарды пайдалана отырып жүргізудің дәстүрлі технологиямен салыстырғандағы экономикалық тиімділігін негіздеудің есебі келтірілді.
Қазақстан Республикасында автоматтандырылған көп мақсатты жер-ақпараттық жүйе ретіндегі МЖК құру қазіргі уақытта өзекті болып табылады. Дамыған шетелдер мен Ресейдегі қазіргі заманғы кадастрлық жүйе құру тәжірибесін зерттеу, жер кадастрының қолда бар жүйесін, Қазақстанның жер ресурстары жөніндегі мәліметтердің біріктірілген қолда бар банкін автоматтандырылған ақпараттық-техникалық жүйеге біртіндеп айналдыру неғұрлым перспективалы екендігін көрсетті.
Сонымен орасан зор кадастрлық құжаттарды заман талабына сай ету мен кадастрлық карта жасауды сандық түрге ауыстыру мәселесін шешу қажет. Жаңа жағдайларда меншік иелері мен жер пайдаланушылардың заңды және экономикалық құқықтарына кепілдеме беру, сондай-ақ кадастрдың негізгі қызметінің бірі – салық қызметін дамыту маңызды мәселе болуда. Республиканың осындай сипаттамаларға ие көп мақсатты МЖК нарық қатынастарының талаптарына жауап бере алатын болады. Біздің пікірімізше, қазіргі уақытта қалыптасқан республиканың көп мақсатты МЖК заман талабына сай ету – мемлекеттік басқару мен қаржыландыруды талап ететін өзекті ғылыми-техникалық мәселені шешуге мүмкіндік береді, сондай-ақ ол келесідей негізгі шараларды жүргізуді де қажет етеді:
-
мемлекеттік жер кадастрының қазіргі заманғы талаптарға жауап беретін заңды және нормативтік-техникалық база жүйесін әзірлеу;
-
МЖК-ның жылжымайтын мүлікке берілетін құқықты және олармен мәмілелерді мемлекеттік тіркеу жүйесін құру және дамыту мақсатында жылжымайтын мүлік объектілерінің кадастрлық есебімен өзара байланысын қамтамасыз етуге бағытталған, “Мемлекеттік жер кадастрының көп мақсатты автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құру” мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру;
-
азаматтар мен заңды тұлғалардың кадастрлық ақпараттарды аулға мүмкіндігін қамтамасыз ету, оны алу үшін төлемдерді белгілеу;
-
жер кадастрын жүргізудің автоматтандырылуын қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық кешенін енгізу;
-
кадастр мәліметтерінің базасына жер учаскелерінің, кварталдардың, аудандардың (қалалардың) электронды карталарын енгізуге мүмкіндік беретін карта жасаудың сандық әдісіне көшу;
-
мемлекеттік жер кадастрының салалық (экологиялық, қала салу, орман, су және т.б.) кадастрлармен өзара байланысын біртұтас принциптер, формалар және процедуралар негізінде ұйымдастыру.
ҚР Үкіметі Республикалық мақсатты “ҚР МЖК көп мақсатты автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құру” бағдарламасын қабылдауы қажет, оны 2003-2005 жылдар кезеңінде жүзеге асыру мемлекетпен қаржыландырылуы тиіс. Автоматтандыру бағдарламасын жүргізудің бірізділігі: - тіркеу бөлігі; сандық және сапалық есеп; жерді жаппай кадастрлық бағалау.
Бағдарламаның негізгі міндеттері:
-
МЖК-ын автоматтандырылған түрде жүргізуді компьютерлік жүйелер мен ақпараттық технологиялар негізінде қамтамасыз ету;
-
меншік иелері мен жерді жалға алушылардың құқытарын мемлекеттік қорғау механизмінің қызметін қамтамасыз ету, тиімді өндіріс пен инвестицияны ынталандыру;
-
жылжымайтын мүлікке берілетін құқықтың және олармен мәмілелердің Біртұтас мемлекеттік тізілімін (реестрін) жүргізу органдарын, өзге де ақпарат тұтынушыларын жер-кадастр ақпараттарымен қамсыздандыру;
-
жер және өзге де жылжымайтын мүлік нарығының қызметін қолдау;
-
жер салығы мен жерге өзге де төлемдер мөлшері есебінің механизмін жетілдіру, жерге төлемдердің түсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік жасау;
-
жер ресурстарының бары және жай-күйі туралы әртүрлі деңгейдегі мәліметтер банкін басқару;
-
жерге орналастыру, жер мониторингі, жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды, аумақтың дамуын реттеуді қпараттық қамсыздандыру және қолдау.
МЖК құру – кадастрлық ақпарат жердің азаматтық айналымы (сатып алу-сату, сыйға беру, ипотека және т.б.) саласындағы қызметтері үшін қажетті жеке және заңды тұлғалардың ынталарын қанағаттандыруға, сондай-ақ банктердің, сақтандыру компанияларының, бағалаушы-лардың, нотариустардың, ивесторлардың және т.б. кәсіпкерлік қызметін ақпараттық қамсыздандыруға мүмкіндік береді. МЖК межелік дауларды, сондай-ақ соттың ресми сұрау салуларын қажетті ақпараттармен қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды.
Бөлімге сұрақтар:
-
ЖКААЖ деген не?
-
ЖКААЖ орталықтарын қандай деңгейлерде ұйымдастыру керек?
-
Жер кадастыры бойынша қандай жұмыстар түрлері автоматтандырылған?
-
Ақпарат мәліметтер банкі деген не?
-
ЖКААЖ орталықтарына компьютерлік және коммуника-циялық жабдықтардың қандай түрлері кіреді?
8.2. Жер учаскелерін тіркеу мен жерледі есепке алу, есеп беруді құрастыру және ақпаратты беру жұмыстарын автоматтандыру
Республика аймақтарының климаттық, топырақтық және экономикалық жағдайлары мен оларда жерлерді пайдалану сипаты әр түрлі болғандықтан облыстар мен республикада жер кадастрын жүргізудің ең бір маңызды міндеті - ауыл шаруашылық өндірістің табиғи–экономикалық аймақтар және әкімшілік аудандар бойынша жағдайларын даму ерекшіліктерін анықтауға мүмкіндік беретін мәліметтерді алу болып табылады. Облыста және республикада жер кадастрінің объектісі сол әкімшілік–аумақтық бірліктер шегінде орналасқан мемлекеттік жер қоры болып табылады. Мұнда кадастрдің ең негізді әдісі ретінде жер кадастрлік құжатты жүргізуге, сол аумақтардың әр түрлі түсірулеріне, ізденіс-зерттеулердің мағлұматтарына, құжаттарына, жерге орналастыру, мелиорация және басқа жобаларының мағлұматтарына сүйенген құжаттық әдіс қолданады.
Республика, облыстардың жер ресурстарын басқаруда мемлекеттік жер кадастры мәліметтерін қолдану ауыл шаруашылығында топырақ құнарлығын жоғарылату және пайдалану тиімділігін көтерумен қатар, жер қорын санаттар арасында қайта үлестіруде құнды жерлердің сақталуын және экономикалық қорғалуын қамтамасыз етеді. Сондықтан кәзіргі кезде жерлерді тіркеудің ролі және мәні өсіп отыр.
Жер учаскелерін тіркеу-кадастрлік іс-әрекет ретінде жер кадастрының барлық құқықтық бөлік негізі деп санаймыз. Оның үстіне нарықтық қатынастарға көшу, Қазақстанда жерлердің кейбір санаттарына жеке меншік еңгізумен байланысты мемлекеттік жерлермен қатар жерге жеке меншіктің құқықтық қорғалуының қажеттілігі туындап отыр.
Бұл жағдай жер учаскелерін мемлекеттік тіркеудің ролін және мәнін одан сайын күшейтеді.
Тіркеуді мемлекеттік жазу деп қарау керек. Оның негізінде заңды түрде жерді пайдаланушылар және нақты жер учаскелерін жалға алушылар, меншік иелерінің құқығы рәсімделеді. Бұл жазу жерді пайдалану, иелену және билік ету заңдылығын дәлелдеуде заңдық, құқықтық сипатта болады. Жер учаскелерін мемлекеттік тіркеу әр түрлі бұзушылыққа жол бермейді, жерді пайдаланудың тұрақтылығын және нысаналық орналуына сәйкес дұрыс пайдалануды қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік тіркеуде есептік–тіркеу бірлігі болып жер учаскесі алынады. Бұл жер учаскесі түсінігі ерекшеліктерінен шығады. Жер учаскесі бір уақытта пайдалану және меншіктеу құқығының объектісі әрі учаскеге құқық субъектінің шаруашылық немесе басқа іс-әрекет объектісі болып келеді. Жаңадан құрылған жер учаскесін тіркеу негізі оны бір белгілі мақсаттарда берілу туралы құзыретті мемлекеттік органның шешімі және жерді үйлестіру жобаны орындау мен жер учаскесінің шекарасын жергілікті жерде бекіту туралы құжат болып келеді.
Жерді пайдалану немесе меншіктеу құқығына рәсімдеген акт және учаскенің құрастырылған жер кадастрлік ісінің құжаттары негізінде жазу жүргізіледі.
Жер учаскелерін мемлекеттік тіркеудің міндеті жерлердің құқықтық жайлары туралы мәліметтері жүйеленген және көрнекі түрде жинау мен сақтаудан тұрады. Сондықтан жер учаскесі туралы барлық негізгі ақпарат компьютердегі магниттік сақтауға түсіріледі. Сөйтіп, әр жер учаскесі бойынша ақпарат қолда болғандықтан ауданның, қаланың, облыстың, республиканың барлық жерлері бойынша толық ақпаратты біліп отырамыз. Мұнда сақтаушыларға жер учаскелерінің тек қана құқықтық жайы туралы ақпарат түсірілмейді. Сонымен қатар оларға жер кадастрлік іс құжаттарындағы қалған барлық ақпарат /учаскеге құқық субъектісі, орны, нысаналы арналуы, бөлінуі, сервитуттар, ауыртпалықтар, алқаптардың аудандары және құрамы, олардың сапалық сипаттамасы, бонитет баллы, учаскенің құны және т.б. мәліметтер/ түсіріледі.
Былай айтқанда, бір уақытта жерлерді негізгі және күнделікті есепке алу үшін ақпаратты түсіру мен баланс, есеп беруді құрастыру процесі жүріп жатады.
Тіркеу алдында жергілікті жерде шекараны заңды түрде рәсімдеу, жерді пайдаланудың /жер учаскесінің/ кемшіліктерін жою, шекараның дәл орналасуын анықтау, шекараларды межелік белгілермен бекіту, учаске шекарасы бойынша сызықтық және бұрыштық шамаларды өлшеу, алынған мәліметтерді есептік өңдеу мен ұштастыру, учаскенің жалпы аудандарын анықтау және жоспарын құру жұмыстары орындалады. Бұл жұмыстар шаруашылықаралық жерді үйлестіру тәртібінде өткізіледі. Мұнда да компьютерлік техниканы қолданады. Бағдарлама негізінде шекаралардың бұрылма нүктелері координаттарын және шекаралардың бұрыштық, сызықтық өлшеулер мәліметтерін компьютерге еңгізіп, оператор барлық есептелінген аудандарымен, керекті ақпаратпен қоса, жер учаскесінің дайындалған жоспарын шығарып бере алады. Сонымен қатар компьютерде жерді пайдалану немесе меншіктеуге құқық беретін мемлекеттік актін және жоспарды жасайды. Осы көрсетілген жұмыстарды жүргізу жерді пайдаланушыға немесе иеленушіге негізгі құқықтық құжатты – мемлекеттік актін беруге мүмкіндік жасайды. Жерді уақытша пайдалану жалға беру шарттарымен, актлермен, заңдылық органдардың шешімдерімен және жерді пайдаланудың заңдылығын растайтын басқа құжаттарымен рәсімделеді.
Жер учаскесінің мемлекеттік тіркеу құжаттарында жерді пайдаланушы немесе меншік иесі аттары, орны, оны беру негізі, ауданы, нысанасы, орналасуы көрсетіледі. Пайдаланатын жерлердің құқықтық жайларында болған өзгерістер /учаскені сату, айырбастау, бөлу, ауданын, шекараларын өзгерту және т.б./ мемлекеттік тіркеу құжаттарында және жерлерді күнделікті есепке алуда көрсетілуі керек. Тіркеу ауданның /қаланың/ жер кадастрлік кітабында жүргізіледі. Жер санаттарына қарамай барлық жер учаскелері тіркелуі керек.
Учаскенің кадастрлік нөмірі, учаскеге құқықты субъектінің аты, оның орны, атқарушы оргадардың актлері, орны, мөлшерлері, учаскенің және жерді пайдалану құқығының базалық құны, нысаналы арналуы, бөліну, бөлінбеуі, сервитуттар және атқарушы органдар белгілеген жерлерді пайдалану бойынша шектеулер туралы ақпарат /жер кадастрлік іс, магниттік сақтауыштардағы ақпарат/ жазылып, сақталатын тиісті әкімшілік аудандар /қалалар/ деңгейінде мәліметтер жинақталады. Осы көрсетілген мәліметтер меншік түрлері және жерлер санаттары бойынша жүйелендіріледі.
Жер кадастры базалық құжаттарына:
-
жер учаскеснің жер-кадастрлік ісі;
-
тиісті әкімшілік–аумақ бірлігінің мемлекеттік жер кадастрлік кітабы;
-
жер – кадастрлік картасы жатады.
Кәзіргі уақытта осы құжаттардағы /қағаз сақтауыштардағы/ барлық кадастр ақпараты компьютерге түсіріліп, магниттік сақтауыштарда сақталады. Мұндайда текстік ақпаратпен қатар учаскелердің жоспарларын және электрондық карталарды өңдеуге, сақтауға беруге мүмкіндек пайда болады. Сонымен республикамызда жер кадастрының негізгі операцияларын және жұмыстарын жүргізу компьютерлік технология негізінде орындалады, сөйтіп ЖК ААЖ қалыптастыруға жақсы мүмкіндік береді.
Жерді есепке алу дегеніміз – жер ресурстарының мөлшері, орналасуы, шаруашылық пайдалануы және жай-күйі туралы мәліметтері жинау, жүйелендіру, талдау бойынша мемлекеттік шаралар. Есепке алудың ең басты міндеті жер қорын алқаптар құрамы, пайдалану туралы, мерзімділігі және аудандар, қалалар, басқа әкімшілік–аумақ бірліктері бойынша сипаттама беру болып табылады.
Мемлекеттік жерді есепке алу сапалы жоспарлы-картографиялық материалдар негізінде жер алқаптарының нақтылы жай–күйі бойынша жүргізіліп, суарылатын жерлерді есепке алуға ерекше көңіл бөлінеді. Мұнда ауыл шаруашылық арналуындағы және елді мекендер жерлері мұқият есепке алынады.
Жер кадастры жүйесінде жерлердің сапасын есепке алуда топырақтармен қатар жерлерді де топтастыру жұмысы қарастырылады. Жер қорын топтастырғанда жерлер деп ауыл және орман шаруашылығында негізгі өндіріс құралы ретінде, жерлердің арналуын, қолданылуын және оларды қорғау, жақсарту бойынша шараларды себептеуші өзгеше табиғи–шаруашылық саласы бар құрлықтың ең белсенді сыртқы бөлігінің генетикалық учаскелерін айтады.
Жерге күрделі табиғи–шаруашылық кешен ретінде түсінік бергенде топырақты оның ең негізігі құрамдық бөлігі деп қарайды. Жерлерді топтастыру негізіне олардың жай-күйі және оған сәйкес оларды ауыл шаруашылығында пайдаланылу өндірістік мүмкіндіктері алынады.
Қазақстан Республикасының жер қорын топтастырудағы негізгі таксономиялық бірлігі ретінде еңгізуін жер қорын табиғи–ауыл шаруашылық аудандастыруда бөлінетін жерлердің аймақтық түлері және жарамдық санаттары, жер кластары, әр аймақтық түр шегінде, жерлердің класс сипаты түрлері немесе топырақтар топтары ретінде көрсетіледі.
Жерлердің аймақтық түрлері табиғи–ауыл шаруашылық аймақтар шекараларымен аумақтық беттесіп, табиғи ортаның аймақтық жағдайларын және егіншілік, мал шаруашылығы, орман шаруашылығы үшін жерлерді пайдаланудың жалпы бағытын көрсетеді. Жер қорын топтастыруда жарамдылығы бойынша жерлер келесі санаттарға бөлінеді:
-
Жыртылуға жарайтын;
-
Негізінде шабындыққа жарайтын;
-
Жайылымды;
-
Түбегейлі жақсартудан соң ауыл шаруашылық алқаптарына жарайтын;
-
Ауыл шаруашылық алқаптарға аз жарамды;
-
Ауыл шаруашылық алқаптарға жарамайтын;
-
Бұзылған.
Жерлерді белгілі жарамдық санатына, класына, түріне
жатқызу сол немесе басқа алқаптар құрамында оларды пайдалану мүмкіндігінің сипатына, ерекшелігіне кәдімгідей әсерін тигізетін нышандары және қасиеттері арқылы жүргізіледі. Жер алқаптарының саласын және мөлшерін есепке алу жер түрлері шегінде топырақтардың механикалық құрамы, тастану, сортаңдану, батпақтану, бүліну, тұздану дәрежесі, қара шірік мөлшері, жер бедері және т.б. бойынша жүргізіледі.
Жерлердің сапасын есепке алу материлдары алқаптардың трансформациялану, топырақтарды ластанудан, бүлінуден қорғау, жақсарту және рекультивация жолымен жаңа жерлерді игеру резервтерін анықтау, аумақтарды аудандастыру, ауыл шаруашылығын жүргізу жүйесін зерттеу, жер қорларын пайдалануды болжау, жерлерді бонитировкалау және экономикалық бағалау жұмыстарын жүргізу мәселелерін шешу үшін сипаттама мен қажетті ақпаратты береді.
Мемлекетік жер–кадастрлік кітабы 4 тараудан тұрады:
-
бірінші тарауда кадастрлік нөмірі, құқықтық субъект аттары, атқарушы органдардың актлері, құқықтық субъектнің, учаскенің, арналу нысаналарының орындары, бөлінуі, пайдалануы бойынша сервитуттар және шектеу-
лер көрсетілген барлық жер учаскелері есепке алынады;
-
екінше тарауда алқаптар түрлері бойынша және бөлек суарылатын жерлердің аудандары есепке алнады;
-
үшінше тарауда жерлердің кластары мен олардың құнарлығына әсер ететін нышандар, жайылым және шабындақтардың мәдени-техникалық жай-күйі бойынша алқаптардың сапасы есепке алынады;
-
төртінші тарауда жер учаскесінің және жерді пайдалану құқығының базалық құн көрсеткіштері келтірілген.
Мемлекеттік жер-кадастрлік кітабын жүргізу Жер ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттік агенттігінің аумақтық органдарына жүктелген.
Бірінші тарау бойынша жер учаскелерін есепке алу – екі кестені толтырудан тұрады: А-меншік иелерінің және азаматтар мен заңды тұлғалардың пайдалануындағы жер учаскелері; Б-азаматтардың және заңды тұлғалардың пайдалануындағы жер учаскелері.
Екінші тарау алқаптары бойынша жерлердің мөлшерін есепке алу үш кестеден тұрады:
А – азаматтардың және заңды тұлғалардың меншігіндегі және пайдалануындағы жерлердің барлығы;
Б - азаматтардың және заңды тұлғалардың пайдалануындағы жерлердің барлығы;
В – суармалы жерлер.
Төртінші тарау үш кестеден тұрады:
А - Өзіндік қосалқы шаруашылығын, бақ өсіру және сая-жай құрылысын жүргізу үшін берілген жер учаскелері жазылады;
Б – шаруа /фермерлік/ шаруашылықтар, ауыл шаруашылық кооперативтер, серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, тәжірибелік станциялар және басқа мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындар жазылады;
В - қалалар, елді мекендер, өнеркәсіп, көлік және басқа ауыл шаруашылығына жатпайтын жерлер жазылады.
Кадастрды автоматтандыру жоғарыда көрсетілген кестелерді толтыру, ақпаратты компьютерге еңгізу жолымен жүргізіліп, жерлерді негізгі және күнделікті есепке алуды, магниттік сақтауыштарда ақпаратты сақтауды, онымен жұмыс істеуді /топтау, деңгейлер, аудан, қала, облыс бойынша жиналу әдісімен қосу/, есеп беру мәліметтерін алуды, керек кезде оларды түзеуді, ақпаратты беруді, учаскенің, кварталдардың, аумақтардың, аудандардың электрондық карталарын қоса, мүмкін етеді.
Кадастрлік мәліметтерді дәлдеу және жаңарту мақсатында:
-
жер учаскелерінің меншік иелері мен жерді пйдаланушылар, әкімшілік–аумақ бірліктері әкімінің өкілетті тұлғалары және органдары жылда аудандық агенттікке белгіленген рәсімде жерлер құрамында болып жатқан өзгерістер туралы есеп беру жылынан кейінгі жылдың бірінші каңтарындағы күйі бойынша есеп береді;
-
Жер ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттік агенттігі Қазақстан Рсепубликасы аудандары, қалалары, облыстары бойынша жерлердің бар болуы, сапалық жай-күйі және пайдалану туралы есеп беру жылдан келесі жылдың бірінші қаңтарындағы күй бойынша есеп құрастырады;
-
жылдық есеп беруде ауыл шаруашылық алқаптарының бар болуы және көлемдеріндегі өзгерістері /жеке суармалы және құрғатылатын/, оларды санаттар меншік иелері және жер пайдаланушылар бойынша үлестіру, сондай-ақ мемлекеттің жеке меншікке жер учаскелерін сату, тиімсіз пайдаланатын жерлерді қайта алу, мемлекеттік ауыл шаруашылық емес қажеттіліктер үшін бөлінген жерлер туралы мәліметтер келтіріледі;
-
бес жылда бір рет құрастырылатын есепте берілген жерлер үшін, төлем алу үшін қажетті мәліметтер, санаттар, алқаптар, меншік иелері, жер пайдаланушылар бойынша жерлердің бар болуы және үлестіру, алқаптардың аудандарында болып жатқан өзгерістер, жерлердің сапалық жай-күйі оларды кадастрлық бағалау, аумақтың игерілуі туралы мәліметтер келтіріледі.
Аудан /қала/ бойынша есепті агенттік мамандары компьютерде құрады. Барлық керек ақпарат, ең алдымен негізгі және күнделікті есеп мәліметтері мемлекеттік жер кадастрлік кітап формасында, кесте түрінде компьютер базасында болады. Учаске иелерінің және жерді пайдаланушылар есептерінің мәліметтері есеп мәліметтерімен салыстырылып, өзгерістер еңгізіледі. Содан кейін жылдық есептің кестелік түрлерін компьютерде толтыру жолымен есепке цифрлік ақпаратты алады, ал олар текстік /түсініктеме жазу/ және графикалық бөлікпен /аудан немесе қаланың кадастрлік картасымен/ толықтырылады. Есептің цифрлік бөлігі 22 формасы түріндегі мемлекеттік статистикалық есеп болып келеді. Оған қосымша кестелер /форма 22а, үш жер, Ф1 жерді үйлестіру, қосымша кестелер Ф1- Ф2 және т.б./ тіркеледі.
Бөлімге сұрақтар:
-
Учаскелерді тіркеу бойынша кәзір қандай жұмыстар автоматтандырылған?
-
Жерлерді есепке алуды компьютерлеудің мәні неде?
-
Жер жайында статистикалық есептің қандай формалары болады?
-
Мемлекеттік жер кадастрлік кітаптың мазмұны.
9. ЖЕР РЕСУРСТАРЫН МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ
ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚҰРЫЛЫМЫ
Қазіргі уақытта жер ресурстарын басқаруды жүргізетін бас мемлекеттік құрылым – еліміздің барлық аумағын қамтитын, аумақтық органдармен бірге басқарудың тік құрылымындағы Қазақстан Республикасының Агенттігі болып табылады. Агенттіктің барлық облыстарда, Астана және Алматы қалаларында аумақтық органдары: жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеттері бар.
2001 жылғы “Жер туралы” заңда, 1995 жылғы жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі Мемлекеттік комитеттің “Жер туралы” Жарлық бойынша ұйымдастырылған өкілеттіктерімен салыстырғанда, жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органның құзыреті едәуір кеңетілген.
Жаңа жер заңдарында жер ресурстарын басқару жөніндегі Агенттіктің құзыреті оған дейін болған, алғашында өзіндік орган ретінде құрылып, кейін ҚР ауал шаруашылығы Министрліінің құрамына кіргізілген орган – жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі Мемлекеттік комитеттің құзыретімен салыстырғанда біршама кеңейген. Мұндағы өкілеттіктің кеңейтілуі жер реформасының жүруімен, нарық қатынастарының дамуымен байланысты. Осының салдарынан Агенттік пен оның аумақтық органдарына жер қорын қорғауға, жер заңдарын бұзушылықтардың алдын алумен жоюға бағытталған бақылау қызметтері беріледі. Сондай-ақ Агенттік құрамында мемлекеттік жер инспекциясы сияқты органның бар екендігін де атап өту қажет, оның қызметі мен міндеттері, жинақтап қорытылған жұмыстары 4.2.-бөлімде келтірілген.
14-кестеде Агенттіктің және оның органдарының жер ресурстарын басқару мен жер қатынастарын реттеу мәселелеріндегі құзыреттерінің талдамасы берілген, сонымен бірге оның қызметі біршама кеңірек болып келеді, өйткені оның қарамағында енді республикада геодезиялық, аэрофотогеодезиялық, картографиялық және геоақпараттық жұмыстарды жүргізетін барлық кәсіпорындар мен ұйымдар және т.б. бар.
15-кесте. Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органның (Агенттіктің) және оның жергілікті жерлердегі органдарының құзыреті
Құзыреті
|
Ескерту
| Агенттік пен оның органдарының жаңа құзыреттері |
1. жерге орналастыру жұмыстарын жүргізуді лицензиялау;
|
Агенттік
|
2. жерді аймақтарға бөлу жұмыстарын ұйымдастыру;
|
Агенттіктің барлық органы
|
3. мемлекет жеке меншікке сататын немесе жер пайдалануға беретін жер учаскелерінің бағалау құнын анықтау;
|
Облыстық, аудандық, қалалық органдар, кадастрлық филиалдар
|
4. жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
|
Осылар
|
5. пайдаланылмай жатқан жер мен заңдарды бұза отырып пайдаланылып жүрген жерді анықтау;
|
Жер инспекция-лары және басқа органдар
|
6. заң бұзушылықты жою жөнінде шаралар қолдану;
|
Осылар
|
7. жерді пайдалану мен қорғау мәселелеріне қатысты республикалық, облыстық, аудандық бағдарламаларға, схемалар мен жобаларға сараптама жүргізу;
|
Агенттік, облыс-тық органдар, Мемжерғылөн-орталығы
|
8. жер заңдары бұзылған жағдайда құрылысты, пайдалы қазбалар кен орындарын қазуды, геологиялық-барлау және басқа да жұмыстарды жүргізуді тоқтата тұру;
|
Агенттік, аумақтық органдар, инспекциялар
|
9. анықталған жер заңдарын бұзушылықтарды жою жөніндегі, орындалуы міндетті нұсқамалар беру;
|
Осылар
|
10. жер заңдары саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау.
|
Осылар
|
Достарыңызбен бөлісу: |