Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы «Лицензиялау туралы»



жүктеу 14.91 Kb.
Дата04.03.2016
өлшемі14.91 Kb.


Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және

оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі;

2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 

1) «Табиғат қорғауды жобалау, нормалау және экологиялық сараптау саласындағы жұмыстар жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 қазандағы № 1039 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 41, 433-құжат);

2) «Экологиялық аудитті лицензиялаудың және жүргiзудiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы


23 тамыздағы № 889 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 30, 413-құжат);

3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 тамыздағы


№ 889 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 31 қазандағы № 1086 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 38, 548-құжат).

3. Осы қаулы 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.




Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К. Мәсімов



©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет